Ресей империясының қазақ жерлерін отарлау саясаты еліміздің шығысында XVIII ғасырдан бастап қарқынды жүргізілді. 1778 жылы Семей 1720 жылы Өскемен бекіністері салына бастады. Ол кезде осы бекіністерді қорғау және Ресей жерлерінен ағылып келіп жатқан казак-орыстарды,қарашекпенділерді (крестьян шаруаларды) жермен қамтамасыз ету мақсатында Ресей патшасы Екатерина II арнайы жарлығымен, империяның сақтық шаралары ретінде осы бекіністерден 10 шақырым (верста) жерден жергілікті қазақтарды отырған қоныстарынан жер аудару саясаты өршіп тұрды.
Орыстар осы кезден бастап Ертіс өзені мен Үлбі өзені құйылысы маңында бекініс салып оның маңайына әскери қызмет атқару мақсатында қолданатын казак-орыстарын,отырықшы шаруаларын (қарашекпенділерді) орналастырды. Қазақтар ол кезде Өскемен қаласының шығыс жағындағы Ботбай тауының етегінде, кеиіннен Оңтүстік ауыл (Южный ауыл) атанған жерде және Ертістің сол жағалауындағы «Ахмер шарбағы» атанған (орыс құжаттарында Ахмировская слобода немесе аул №5 Сибинской волости, Усть Каменогорского уезда делінген) қазіргі Ахмер ауылы және Меновый двор (Меновное) яғни қазіргі Меновное ауылында саудамен және отырықшы шаруашылықтарымен аиналысып мекендеген еді. Олардың арасында Бұқара мен Ташкенттен келген сарттар да саудагершілікпен аиналысып тұрып жатты.
Басында көшіп келушілерге жер жеткілікті болғандықтан қазақтар өз жерлерінде жерін жыртып егінін егіп, малдарын жайып жайбарақат отырған еді. Ал XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басынан Столыпин реформасы барысында орыс шаруалары елімізге көп мөлшерде қоныс аударып, Өскеменнің маңайын да толық өз қолына ала бастады. Басында бір шаруаға басында 30 десятина жер берілсе кеиінірек 15-10 десятина егінжай жерлер беріле бастады. Яғни ол жерлер бос жатпаған, жергілікті тұрғындарға қысым жасалып, қазақтардың иелігінен біртіндеп тартып алынған болатын. Ресей империясының саясаты осы бағытты ұстанды.
Облыстық архивтегі Құсаиын Жаманбаевтың жинаған құжаттырымен, жазба деректеріне сүиенсек Ахмер ауылының тарихы мөлшері 1800 жылдардан басталады. Ең бірінші үй салып осы жерде тұрақтаған татар ұлтының Ахмер атты азаматы болғандықтан ауылдың аты сол адамның есімімен Ахмер атаныпты. Архивтік деректер бойынша 1852 жылы сол жағалауда «Меновый двор» және «Ахмер» ауылдарында 29 дүкен, 6 үи және 10 шақты сарай болыпты.
Қазіргі Меновное ауылы мен Ахмер ауылының тұрғындарына да жергілікті қала басқармасының осындай мағнадағы құжаты жеткізілген еді. Онда яғни Өскемен қаласының маңында орналасқан қазақтардың тұрақтарында, мешіті мен мектебі болған жағдайда ол елді мекендер қалтырылады ал болмаса толық көшіріледі делінген болатын.
Ахмер аулында өмір сүрген Наиманның Көкжарлы руына қарасты Бөрте елінен шыққан Құсайын қажы осы мәліметті өзі араласып жүретін Өскемендік татар достарынан ести сала ауыл ақсақалдарын жинап бірігіп талқыға салып,ақылдаса отырып осы ауылда мешіт құрылысын бастауды ұиғарады. Біраз уақыт ішінде Құсайын қажының ұйытқы болуымен Ахмер ауылында мешіт бой көтеріп, мұсылман медресесі де ашылған еді. Сол себепті Ахмер ауылы жаппай көшірілуден аман қалды, ал Меновное қазақтары жарлыққа сәйкес отырған орнынан түгелдей жер аударылған еді. Бірақ та қазақтардың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысқан Ахмерлік қазақтар мен саудагер қауым — сартттардың арасына көшіп барып үй салып сол жерлерге орнығып қалған екен.
Архив мәліметтері бойынша XX ғасырдың басындағы Ахмерлік жергілікті тұрғындар қатарында:Апсеметов Мұхаметқұл, Дадахановтар Қасымхан, Нұрғазы, Айдархан, Махатов Есімхан, Рахымбаев Ережепбай, Құсанов Хасен, Жақыпов Әміре, Салықов Ахмеджан, Бақтияровтар Бәкетай, Асылғазы, Бердібаевтар Ережеп Мырзабай және тағы басқалары тізімде барлығы 26 адам аталған .Орта азиядан келген саудагерлер Шоматов Құрман, Сарыауызовтар Бурахан, Төрехан, Әлімовтар Әлімқожа, Раимхан, Қасым, Әпи, Мәмежановтар Ахмеджан, Құсаиын, Ақатай, Мәшекеновтар Тоғанай, Төбен, Қаден, Мамедалы, Мұхамед, Машеке,Садықов Хасен. Меновной ауылынан көшіп келіп қоныстанғандар: Өтепов Қайса, Мұса, Айт, Қоныс, Сатый, Елекбай, Өтеп. Орақбаевтар Қасен, Қасым, Бейсекеновтар Қырықбай, Сексенбай, Айт, Танбушы, Бейсеке. Жаңабаев Шүршіт, Манжу, Торғаут, Төлеміс, Жаңабай, Абдрешев Әмір, Әмірғали, Ноғайбаевтар Шәкер, Ахмет т.б
Коллективтендіру кезінде яғни 1930 жылдары №26 ауылдан және басқа өңірдерден орыстар мен қазақтар көптеп қоныс аударыпты олардың ішінде Мүрсәлімов Мүбарак, Қондыбаевтар Сұлеимен ,Рахым, Сапаев Сыдық, Хасен, Серікбаев Отарғали, Дәулетжанов Фазвлжан, Мұқашев Рамазан,Құрманғали, Жанбосынов Мәдібай, Пшенов Нұғыман және т.б барлығы 81адам. Осы айтылған адамдардың көбінің ұрпақтары қазір де Ахмер ауылында не Өскемен қаласында мекен етеді.
1900 жылғы Ресей империясының арнайы экспедициясының жүргізген санауы нәтижесі бойынша Ахмер ауылында 61шаруашылық тіркеліпті, Ер адамдар саны – 188 адам, оның ішінде 418-60 жастағылар 101 адам,11-17 жас аралығындағылар 26 адам, әйелдер 161 адам,оның ішінде 16-55жас аралығындағылары саны — 89, 14-16 жастағылар 26 адам болыпты. Сонда барлық тұрғындардың саны 349 адам болған екен.
Ахмер ауылы шаруашылықтарында 8 ағаш үй, 22 жалдамалы жұмысшы ұстайтын шаруашылық, 6 егін егуші шаруашылық, мал саны 292 бас жылқы, 104 бас ірі қара, 64 бас бұзау, 247 қой,100 ешкі тіркеліпті. Ал ауылдың негізгі кәсібі мал шаруашылықтары және қалалықтарға шөп даярлап сату делінген.
Сол кезде өмір сұрген Бейсекенов Қырықбай деген кісінің осындай өлең жолдары сақталыпты:
Ахмер жазды күзді тұрағымыз,
Қарасу жылып аққан бұлағымыз,
Жеріне казак орыс түсіп кетсе,
Бір теңге төлеп шығар лағымыз.
Осы төрт шумақ өлеңнен ақ сол кездегі елдің хал ахуалы белгілі болып ақ тұр.
1912 жылы Уезд басқармасы қазақ балаларына арналған орыс-қазақ мектебін ашады.Оның қажеттігі қазақ халқын басқаруға қажет мамандар тілмаштар даярлау. Ол мектепте Шемелин Владимир Александрович, Грохотов Епиктет Георгиевич,Гусев Михаил Дмитриевич деген мұғалімдер жұмыс істеген екен.
Кейіннен «Ахмер шарбағы» аталған ауыл кеңейіп жергілікті қазақтардың мекені болып дами түсті. XX ғасырдың басында Құсайын қажы Күленовтың көмегімен 1916 жылы қазақ қыздарына арналған мектеп те ашылып оның алғашқы ұстазы болып Ғайса Аязбаев еңбек етіпті. Кейін Семей қаласының оқытушылар даярлаитын семинариясын бітіріп 1920 жылы қазақ мектебіне мұғалім болып жіберілді.Ол туралы Бұйрық Облыстық Өлкетану музеиінде арнайы экспозицияға қойылған. Бүгінде Ахмер ауылының орталық көшесі Өскемен қаласының алғашқы ағартушыларының бірі болған осы Ғайса Аязбаевтың атында.
Ахмер ауылына Тоғас көшесімен барғанда паралелді тұрған тағы бір көше Ахмер ауылының байырғы тұрғындарының бірі Шәріп Өтеповтың атында. Шәріп Өтепов жастайынан, 1920 жылдары жастар ісіне қызу араласып елімізідің комомол ұйымдарында көп жыл қызмет атқарған адам. Осы қызмет бабында Большевиктер партиясының өкілі ретінде 1930-32 жылдары Монғолия мемлекетіне жіберіліп ол жерде де жастар ұйымын құру бағытында еңбек етеді.1938 жылы репрессияға ұшырап 8 жыл мәжбүрлі еңбек лагеріне қамалады. Кейін толық ақталып зеинет жасына деиін Алматы қаласында еңбек етіп, сол қалада тұрақтап қалды.Ол туралы Шәріп Өтеповтың «Өскен өркен» атты кітабынан мәліметтер тауып оқуға болады.
Ахмер мектебінде білім алған түлектердің қатарында Шәріп Өтеповпен қатар Құсайын Жаманбаев, Құсайын Орынтаев, Мәдібай Жанбосыновтарды да атап өткен жөн. Кейін осы қос құсаиын ағаларымыз да өмірлерін ұстаздыққа арнап мұғалім,мектеп директоры, облыстық оқу бөлімінің басшысының орынбасары деген лауазымдарға көтерілген.Жалпы Ахмер ауылының балалары көздері ашық,ілімге құштар болған екен. Оның дәлелі 1940-50 жылдары жоғарғы оқуға түскен жастардың саны 30 дан асады. Мысалы: Өтепов Шәріп ,Өтепов Шамай, Орақбаева Хаят, Күленов Мүкарам, Күленов Зәки, Күленов Ғалым, Күленов Ғабдулбар, Куленов Нил, Куленова Жаухар, Мүлікбаева Күлзағила, Исанов Бейімбет, Бутанов Мүбарак, Рахымбаева Күміс,Өтепова Күлзада, Қондыбаева Адия, Қондыбаева Ғалия және тағы басқалары.
Екінші дүние жүзілік соғыс басталғанда Ахмер ауылы тұрғындарына бір рота жауынгер жасақталған екен. Олардың қатарында Әлмесов Сапа, Баденбаев Мұқатай,Манжуов Құрманбек, Жаңабаев Бердібек, Торғаутов Құдайберген,Жамалов Мұқаметжан,Исанов Нұршайық, Исанов Шаяхмет, Салықов Ережеп, Ахметжанов Мәукен, Күленов Қамбар және тағы басқалары қолдарына қару алып Отан қорғауға аттанған екен. Олардың көпшілігі соғыстан орден медалдері жарқырап жеңіспен туған ауылына аман есен оралып шаруашылық жұмыстарына кіріскен екен. Мысалы Әлмесов Сапа екінші дәрежелі «Отан соғысы» және «Қызыл жұлдыз» ордендерінің,Жаманбаев Жүзбай мен Өтепов Шәми де «Қызыл жұлдыз» орденінің кавалерлері болған екен.
Беибіт өмірде де зор жетістіктерге жеткен Ахмерліктер бірталай екен. ҒайсаАязбаев «Еңбек қызыл ту» орденін иеленсе, Өтепов Шәріп Ғайсанұлы «Халықтар достығы» орденінің кавалері бірнеше туындылардың авторы. Ол кісінің еңбектері қатарында «Шығыс қызы», Менің комсомолдық жастық шағым», «Тұғалақтан шыққан жігіт» атты повестерін атап өтуге болады. Жаманбаев Құсайын Қазақстанның еңбегі сіңген ұстазы атағын иеленсе Баянов Қабдолда Қазақстанның үздік қызметкері атақтарының иегері.
Ғылым жолын таңдаған Ахмерліктер де жетерлік. Олардың ішінде Күленов Мүкарам Рамазанұлы экономика ғылымдырының кандидаты, Алматыдағы ауылшаруашылық институтында тарих ғылымдыры кафедрасының меңгерушісі, доцент болды. Күленова Клара Закиқызы Қазақ ССр ғылым академиясында еңбек етті, биология ғылымдарының кандидаты атағының иегері. Күленов Ғалым Құсайынұлы Қазақ ССР ғылым академиясының Геология институтында еңбек етті Геология және минерология ғылымдырының кандидаты атағын алды. Күленов Нил Сапанұлы техника ғылымдарының кандидаты.Жаухар Күленова тарих ғылымдарының кандидаты болған.
Облыстық тарихи өлкетану музеиінің қызметкері Сәкен Ғайса