Перейти к содержимому
Главная страница » Главная страница » УАҚЫТТЫҢ ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ

УАҚЫТТЫҢ ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ

            Тарихи-өлкетану музейінде «Филокартия» деген шифрмен жасырылған коллекция бар. Сіздің бұл не экспонаттар деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл Ресейде 1897 жылы пайда болған почта открыткалары, яғни почта «ашық хаттары». 1904 жылдан бастап оның бір беті түгелдей кескін бейнелерге арналды да, екінші бетіне хаттың мәтіні мен мекен жәйі жазыла бастады. Музей үшін – әрбір ашық хат бағалы тарихи нұсқа. Бейнелік жақтарымен қатар, хат мәтінінде тарихи сипаттағы қызықты мәліметтер болуы мүмкін.Ашық хатты тұтастай алғанда, модерн кезеңінің көркемдік пен мещандықтың сипатын жинақтаған рухани символы ретінде деп есептеуге болады.

            Иллюстрацияланған ашық хаттар –  почта және баспа ісінің, өнер, туризм, адамзат қарым-қатынасының түйісуінде пайда болған қызықты құбылыс. Кәсіпкерлік сала ашық хатты тек пайда әкелетін тиімді өнім ғана емес, сондай-ақ өзін жарнамалайтын тамаша мүмкіндік ретінде байқады.

Ашық хат бір жағынан — жеке және камералық зат: адам сюжет таңдайды, қолтаңбасын қалдырады, өте маңызды жаңалықтар алады, ашық хатты бағалы зат ретінде сақтайды, немесе, лақтырып тастайды. Екінші жағынан – ол қазыналық үлкен тиражбен басылған бланкі. Кез –келген ашық хатқа түрліше қарауға болады.

Почта карточкалары – почта тарихы. Полиграфиялық өнімдер –баспа ісінің тарихы.Салынған сюжеттер – өнер тарихы. Бейнеленген нысандар, қалалар – өлкетану және күнделікті өмірдің тарихы, туризм.

Әрбір ашықхат көптеген жаңалықтарды білуге, қызықты адамдармен танысуға көмектеседі. Хат жазысу саған басқа деректерден, мәселен  қаланың жұтаң хроникасынан таныс тұлғаларға басқаша қарауға мүмкіндік береді.

Музейдің 100  жылдығына орай Харламов Александр Владимирович сыйға тартқан қалаға ертеден таныс Бобровтардың отбасына жататын 1910-1916 жылдардағы ашықхаттардың коллекциясы осыған дәлел. Отбасы купец Бобров Климентий Семенович белгілі купецтер семьясынан Харузина Александра Ефимовнаға үйленеді.  К.С. Бобров та, Е.Харузин де қалаға атағы шыққан адамдар, қалалық Думаға сайланып, қайырымдылық істермен шұғылданған. Жақсы тұрмысы, іскерлігі, қоғамдық өмірге деген қызығушылық оларды қала кәсіпкерлерінің арасында барынша танымал етті. Қала өмірінде олардың балалары да із қалдырды.

Клим Семенович пен Александра Ефимовнадан Алексей, Василий, Виктор, Федор, Анна, Ольга, Надежда деген балалар туған. Бұл хат жазысудағы бастысы – Василий Климентьевич. Ол өзінің әкесі мен шешесіне, қарындастарына, бауырларына, жиендеріне хат жазады. Василий Бобров қалалық Училищені бітірген соң Москваға оқуға кетеді. Кескіндеме, мүсіндеу, сәулет училищесіне оқуға түседі. Училищені аяқтаған соң архитектор болып жұмыс істейді. Оның қысқа хаттарынан ол сауда павильодары жобаларының конкурсына қатысып, жеңіп алады да, Владивостокта, Благовещенскіде, Хабаровскіде ғимараттар салады. Шығыс елдеріне көп саяхат жасайды, өзімен бірге қарындастырын алып Жапонияға, Қытайға барады. Сол кездері көп тарай қоймаған фотография өнеріне ден қояды. Бұл оның А.Н.Седельниковтың Алтайға экспедициясына тартуға негіз болады. Нәтижесінде «Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Киргизский край» басылымының XVIII – томында оның біздің облыстың табиғатын бейнелеген фотографиялары басылған. Бұл фотографиялардың көпшілігі «Сибир.Алтай» почта ашықхаттарының сериясына енді.

Ол туралы әке-шешесіне: «Ашықхаттардың бұл сериясын сендерге арнаймын. Енді жалпақ әлемге сендердің сибирлік бет-бейнелерің… қыдырып жүретін болады» әзілдеп хат жазады. Алтайға жасаған экспедиция кезінде оның жанында қарындастары жүрді. Бұл ашықхаттар Москвадағы «А.С.Суворин и К⁰» баспасында 1917 жылы жарық көрді.

Ашықхаттардың бейнелену тематикасы сан-алуан – мерекелік құттықтаулар (Рождество, Воскресение Хрестово, Жаңа жыл, Періште күні), Третьяков галареясы картиналарының репродукциялары, балалардың көркем фотолары. Елизавета Бем суреттері бар ашықхаттарды ерекше атап өту керек. 1902 жылы ол қасиетті Евгения қауымының тапсырысы бойынша бірінші пасхалық ашықхат үшін «Федорка шіби мен Егорка қораз мерекемен құттықтап, бақыт тілейді» деген сурет салады. Міне осындай ашықхатты Анна Климентьевна Французова бауыры Василиден алады. Анна Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза болған Иван Семенович Французовқа күйеуге шыққан. Анна Климентьевна мен оның ұлдары Андрей, Геннади мен Бориске ашыққаттардың осы коллекциясынан көптеп жіберілген. Жылы сезім мен қамқорлыққа толы, кеңес берген хаттар. Мысалы, күшіктердің арасында жылап тұрған баланың суреті бар хатқа В.Бобров жиені Бориске: «… Боря, бұл сенің еміздігіңді Валетка тартып алып, сенің өксіп тұрғаның…». Немесе, папирос тартқан ұлдың. « Федя мен Гена ағаларыңнан сұрашы, олар саған сау бол дейді, Гена папиросты аузыңа алма…». Кітан оқып тұрған баланың суреті бар ашықхатта со Геннадиге Василий жазады: Келесі қыста ме саған көп кітап әкеліп беремін Гена, қазір менің жағдайым жақсы, кітапқа ақшам жетеді». Қарындасы Аннаға жазған бір хатында: «…балаларға 12 кітап жібердім. Өз қалауыңша бөліп бер» дейді. Тағы бір хатты жаңа туған Зоя Французоваға жазады: «Зоя! Сенің өмірге келгеніңді жаңа ғана білдім. Және сені құттықтаймын. Сені есейген, бақытты болғаныңды және менде қонақта болғаныңды қалаймын. Сенің шешең маған крест жібер деп жазыпты, оны менен емес басқа жерден іздесін. Міне жақында павильонды салып бітеміз, тиын-тебен аламын, сенің кіндік шешең келгенде содан саған силық беріп жіберемін. Сенің ағаң Вася.» деп жазған. Бұл хаттардың бәрі өте жеке мәнде,  Василидің туған туыстарына деген ыстық махаббаты мен ұлдарға деген жылы қамқорлығына толы. Әрдайым солай болған. Василийдің басшылығымен Борис Французов 26 жасында Москваға барып, кескіндеме мен сурет студиясының курсына түседі. Одан әрі –соғыс, жаралану, ұзақ уақыт қалпына келу және туған қаласында суретші болады. Оның шығармашылығының басты тақырыбы соғыс тақырыбы болды.Ол сондай-ақ пейзаж бен портреттер, өнеркәсіп тақырыбына суреттер, шарждар мен саяси сатираға да қыл қалам сілтеді.Облыстың екі музейінде Борис Николаевич Французовтың шығармалары көрмелерге қойылып келеді.

Федор Клементьевич те жиендеріне қамқор болды, армиядан хаттар жазып тұрды. Хаттарда Бобровтардың отбасына деген қатынастың тағы бір қырлары ашылады. Василий Федорға өзінің қаржылық істерін сеніп тапсырады. Бір хатында ол Федорға тағы жүз рубль аударғанын айтып, барлық бауырлары мен қарындастарына ол ақшадан Федордан қарыз алуға болатынын, бірақ 4 жылдан асырмау керектігін айтқан. Шексіз махаббат, қамқорлық, туыстарына деген сенім анық көрінеді.

Сондықтан да осы ретте академик Д.С.Лихачевтың  ашықхаттарды «біздің жадымызды нығайтуға қабілетті, жанымыздың кәусарларын тереңдететін уақыттың визит карточкалары» деген сөздері ой салады.

Почталық ашықхаттар қарым-қатынастың қаншалықты тамаша құралы болғанын қазір сезінесің. Әлі есімде, әрбір мереке сайын шешем екеуміз жиырмадай ашық хатқа қол қойып, туыстарымызға жіберетінбіз, соншалықты алатынмыз. Асылы,танымал филокартистердің «көп жыл бұрын сіздің үйге келген, және кеше сатып алған ашықхаттарды сақтау» деген ұсынысын қабылдаған дұрыс. Уақыт өткен сайын олар сізге сынаптай сырғып өтіп жатқан өмірді сезіну бақытын силайды. Сөйтіп, біз жеке болса да, біздің сүйікті қаламыздың байырғы адамдарының образын шолып өткен болдық.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі

Г.Кущ