🎼 Ұлттық домбыра күні құтты болсын! - Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Skip to content
Басты бет » 🎼 Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

🎼 Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

    Бүгін сағат 18:00-де Өскемен қаласындағы Амфитеатр алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті.

    Шара барысында облыс әкімі жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, домбыраның ұлттық руханият пен мәдениеттегі ерекше орнына тоқталды. Мерекелік шара барысында Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен облыстық филармония өнерпаздары қазақтың күйлері мен халық әндерін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

    ШҚО мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК қызметкерлері де мерекелік шараны тамашалап, ұлттық өнердің асыл мұрасынан рухани әсер алды.

    Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы, ұлттық болмысымыздың мәңгілік символы.

    #ҰлттықДомбыраКүні #Домбыра #ШҚОМузейі #Өскемен #Байжігіт ҰлттықӨнер Мәдениет ШҚО

    Бөлісу/Поделиться: