Басты бет - Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Skip to content

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстанның ең көне мұражайларының бірі болып табылады.

Музей 1915 жылы Халық үйінде ашылған. Музей коллекциясының негізі жергілікті жинаушы-энтузиасттардың бірнеше сирек коллекцияларынан басталады. Ғасырдан астам тарихы бар музей бірнеше өзгерістерден өтті, мыңдаған экспонаттар жинақталып, олардың  ең таңдаулылары экспозицияға қойылған.

Толеубеков Эльдар Толеубекович

Директор
т. 25-54-60

Бауржанұлы Бақытбек

Директордың әкімшілік жұмысы жөніндегі орынбасары
т. 25-54-60

Бакбаева Альфия Нурлановна

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары
т. 25-49-70

Костина Надежда Фёдоровна

Бас бухгалтер
т. 25-49-33

«Уақыт мұрасындағы кітап»

Кітап – өткен мен бүгінді жалғаған рухани көпір, ұлттың тарихи жады мен асыл мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құндылық. Осы мақсатта музейімізде «Уақыт мұрасындағы кітап» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеде көнеден жеткен басылымдардан бастап бүгінгі жаңа кітаптарға дейінгі рухани сабақтастық көрініс тапқан. Әр кезеңнің тынысын танытатын әдеби, тарихи-танымдық басылымдар қазақы нақыштағы безендірумен үйлесім тауып, көрмеге ерекше… Read More »«Уақыт мұрасындағы кітап»

ШҚТУ-да «Сайлау–2026: Жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында сараптамалық талқылау өтті

  2026 жылғы 4 тамызда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ)  «KISI GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңы аясында «САЙЛАУ–2026: ЖАҢА САЯСИ КОНФИГУРАЦИЯДАҒЫ ӨҢІРЛЕР» тақырыбында сараптамалық талқылау өткізді.

«Самаурын saz – тарих пен дәстүр үндестігі»

Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлттық мұра мен дәстүр сабақтастығын дәріптеуге бағытталған «Самаурын saz» этно-көрмелік іс-шарасы өтті. Шара барысында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін айшықтайтын ұлттық бұйымдар мен көне жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылып, салт-дәстүрдің маңызы кеңінен насихатталды. Көрме қонақтары халқымыздың бай мәдени мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтардың мәні мен маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік алды. Осындай тағылымды шаралар… Read More »«Самаурын saz – тарих пен дәстүр үндестігі»

☕ «САМАУРЫН SAZ» этно-көрмелік іс-шарасына шақырамыз!

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ұйымдастыруымен өтетін «САМАУРЫН SAZ» этно-көрмелік іс-шарасына шақырамыз! Іс-шара аясында ұлттық шай ішу мәдениеті, тарихи самаурындар көрмесі, этнографиялық жәдігерлер, сондай-ақ халқымыздың қонақжайлық дәстүрі таныстырылады. Күні: 5 тамыз 2026 жыл Уақыты: 14:00 Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі, 40 Ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған самаурын дәстүрімен жақынырақ танысуға шақырамыз!

3–7 тамыз аралығында Облыстық тарихи-өлкетану музейінде қызықты мәдени іс-шаралар өтеді! Сіздерді ұлттық мұра мен Абай шығармашылығына арналған музейлік бағдарламаларға шақырамыз.

Өтетін орны: ШҚО мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 40 Келіңіздер, тарих пен мәдениетке бірге саяхат жасайық! #ШҚОМузейі #ӨлкетануМузейі #СамаурынSAZ #Абай #AbaiChallenge

Медиа