2023 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсанында және Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Түркия астанасы Анкара қаласындағы Анатолия өркениеті музейінде Түркі тарихы және мәдениеті қорының шақыртуымен «Ұлы дала алтыны» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің көрмесіне Берел, Елеке сазы, Қарақаба қорымдарынан табылған археологиялық ескерткіштердіңбірегей артефакттеріқойылған. Көшпелілер дәуірінің жауһарлары өркениет дамуының жоғары деңгейін, өткен ғасырлардағы зергерлердің керемет шеберлігін бейнелейді.
Көрмедегі басты орынды археолог, тарих ғылымдарының докторы З.Самашев пен суретші, этнограф, өнертану ғылымдарының кандидаты Қ. Ахметжанның ғылыми жаңғыртпалары алады. Соңғы жылдардағы Қазақстан археология саласындағы ең елеулі ашылымдардың бірі деп Тарбағатай өңіріндегі Елеке сазы қорғандарының бірінен табылған б.д.д. VIII ғ. деп мерзімделетін «алтын адам» қаңқасын атауға болады. Ескерткіштің бұзылмаған күйі ақсүйек бозбаланың салтанатты жерлеу костюмін және қару-жарақтарды шынайы қалпына неғұрлым дәлірекжаңғыртуға мүмкіндік берді.
VIII ғасырда өмір сүрген музыкант жауынгердің жаңғыртпасы қимақ қағанаты жауынгерінің киімі мен қару-жарағын бейнелейді: бетперделі дулыға, әшекейленген жауынгерлік белбеу, қынапға салынған қылыш, садақ және жебелер салынған қорамсақ, музыкалық аспап.
Берел патшалар алқабындағы және Қарақаба қорымындағы сақ дәуіріне жататын(б.з.б. IV-III ғғ.)текті әйелдер киімдерінің жаңғыртпалары олардың жоғарғы талғамынбілдіреді.
Көрмедегі маңызды жәдігер қатарында №11 Берел қорғанынан (б.з.б. IV-III ғғ.)табылғанаттың салтанатты-рәсімдікәбзелдерінің жаңғыртпасы.
Көрмені ашу салатанаты аясындатарих ғылымдарының докторы З.Самашевтың«Көне түрік бейнелеу өнері» кітабының тұсаукесері болды.
Көрменің тұсаукесеріне Түркия Республикасының Мәдениет және туризм Вице-министрі Гёкхан Язги, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Е. О. Сапиев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д. Б. Сапанов қатысты.