Мұрағат Оқиғалар - Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Skip to content
Басты бет » Оқиғалар

Оқиғалар

«Самаурын saz – тарих пен дәстүр үндестігі»

    Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлттық мұра мен дәстүр сабақтастығын дәріптеуге бағытталған «Самаурын saz» этно-көрмелік іс-шарасы өтті. Шара барысында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін айшықтайтын ұлттық бұйымдар мен көне жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылып, салт-дәстүрдің маңызы кеңінен насихатталды. Көрме қонақтары халқымыздың бай мәдени мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтардың мәні мен маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік алды. Осындай тағылымды шаралар арқылы ұлттық болмысымызды сақтап, келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. #СамаурынSaz #Этнокөрме #ҰлттықМұра… Read More »«Самаурын saz – тарих пен дәстүр үндестігі»

    Бөлісу/Поделиться:

    ☕ «САМАУРЫН SAZ» этно-көрмелік іс-шарасына шақырамыз!

      Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ұйымдастыруымен өтетін «САМАУРЫН SAZ» этно-көрмелік іс-шарасына шақырамыз! Іс-шара аясында ұлттық шай ішу мәдениеті, тарихи самаурындар көрмесі, этнографиялық жәдігерлер, сондай-ақ халқымыздың қонақжайлық дәстүрі таныстырылады. Күні: 5 тамыз 2026 жыл Уақыты: 14:00 Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі, 40 Ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған самаурын дәстүрімен жақынырақ танысуға шақырамыз!

      Бөлісу/Поделиться:

      3–7 тамыз аралығында Облыстық тарихи-өлкетану музейінде қызықты мәдени іс-шаралар өтеді! Сіздерді ұлттық мұра мен Абай шығармашылығына арналған музейлік бағдарламаларға шақырамыз.

        Өтетін орны: ШҚО мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 40 Келіңіздер, тарих пен мәдениетке бірге саяхат жасайық! #ШҚОМузейі #ӨлкетануМузейі #СамаурынSAZ #Абай #AbaiChallenge

        Бөлісу/Поделиться:

        🎼 Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

          Бүгін сағат 18:00-де Өскемен қаласындағы Амфитеатр алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шара барысында облыс әкімі жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, домбыраның ұлттық руханият пен мәдениеттегі ерекше орнына тоқталды. Мерекелік шара барысында Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен облыстық филармония өнерпаздары қазақтың күйлері мен халық әндерін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. ШҚО мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК… Read More »🎼 Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

          Бөлісу/Поделиться:

          🏛️ Астана күніне арналған көрме ашылды!

            Музейімізде Астана күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды. Астана – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің, жаңғыру мен жарқын болашақтың символы. Баршаңызды көрмені тамашалап, елордамыздың тарихы мен мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға шақырамыз

            Бөлісу/Поделиться:

            🎼 Ұлттық домбыра күніне орай музейімізде домбыраға арналған көрме өз жұмысын бастады

              Көрмеде халқымыздың рухани мұрасын айшықтайтын домбыралар мен ұлттық өнерге қатысты құнды жәдігерлер ұсынылған. Домбыра – ұлттың үні, тарихтың шежіресі, мәдениетіміздің мәңгілік символы. Көрме келушілерге қазақ халқының бай музыкалық мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Баршаңызды көрмені тамашалауға шақырамыз!

              Бөлісу/Поделиться:

              🎶 Домбыра – ұлттың үні, халықтың жүрегі

                Домбыраның әрбір қоңыр үні – тарихтың ізі, бабалар аманаты мен ұлттық рухтың айнасы. Домбыра – өткенді бүгінмен, бүгінді болашақпен жалғайтын мәңгілік мұра.

                Бөлісу/Поделиться:

                Олжас Сүлейменов 90 жаста: көрнекті ақын әрі ғалымның мерейтойы

                  Олжас Сүлейменов — қазақ әдебиеті мен түркітану ғылымының көрнекті өкілі, ақын, жазушы және қоғам қайраткері. Биыл оның 90 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Ол түркі өркениетінің тарихи тамырларын зерттеп, тіл мен мәдениет сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеді. Ең танымал еңбектерінің бірі — Аз и Я, онда автор көне жазба деректерді салыстырмалы-лингвистикалық талдау арқылы жаңа ғылыми көзқарас ұсынады. Сонымен қатар, «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының бастамашысы ретінде жаһандық бейбітшілік идеяларын ілгерілетті. Оның мұрасы… Read More »Олжас Сүлейменов 90 жаста: көрнекті ақын әрі ғалымның мерейтойы

                  Бөлісу/Поделиться:

                  18 мамыр — Музей түні

                    Түнгі музей атмосферасын сезінуге шақырамыз! Бұл кеште сізді мәдениет, тарих және ерекше әсерге толы сәттер күтеді. 18 мамыр Сағат 18:00 Кайсенова, 40

                    Бөлісу/Поделиться:

                    Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Чернобыль апаты» атты көрме ашылады

                      Көрменің негізгі мақсаты — 1986 жылғы сәуірдегі қайғылы оқиғаны, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жою жолында өз денсаулығын құрбан еткен адамдарды еске алу. Фотосуреттер мен құжаттар апаттың алғашқы күндеріндегі оқиғаларды: халықты көшіру, залалсыздандырудың алғашқы шаралары, қираған 4-энергоблокты тексеру жұмыстарын көрсетеді. Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға Шығыс Қазақстаннан 3 мыңнан астам адам қатысты. Чернобыль апаты — ауыр сынақ, ал музей көрмесі — денсаулығына қауіп төнсе де, күрделі де ізгі еңбекті атқарған жандардың бәріне… Read More »Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Чернобыль апаты» атты көрме ашылады

                      Бөлісу/Поделиться: