Skip to content
Басты бет » Сәкен Ғ — Екінші дүниежүзілік соғысты батыстан бастап Қиыр шығыста аяқтаған батальон командирі жерлесіміз – Қалисар Кабдулинов.

Сәкен Ғ — Екінші дүниежүзілік соғысты батыстан бастап Қиыр шығыста аяқтаған батальон командирі жерлесіміз – Қалисар Кабдулинов.

     

    Ұландық соғыс ардагері Қалисар Кабдуллинов 1940 жылдан 1976 жылға дейін 36 жыл әскери қызметте болған адам.  Екінші дұниежүзілік соғысқа 1942 жылдың қыркүйегінде кірді. Бірақ ретімен әңгімелесек.

          Қалисар аға 1920 жылы 15 қазанында Ұлан ауданына қарасты қазіргі Бестерек ауылының маңындағы Көктау тауының түбіндегі кішкене ауылда дүниеге келді. Балалық шағы Өскемен қаласында өтті.Сегізінші  класты бітіргеннен кейін Семей саяси-ағарту техникумына түсті.

            Ол  кезде әр бала ұшқыш болуды армандайтын. Қалисар аға да  солай болды — Ворошиловский атқыш, атқа мінген жауынгер, ұшқыш болуды армандады. Бірде  «комсомолдар авиацияға бару» науқаны шеңберінде  Қалалық комсомол комитеті  техникумнан 5 адамды іріктеп алып, аэроклубқа оқуға жіберді. Соның бірі Қалисар аға еді.

     Қалисар ағаның естеліктерінен: «Таңертеңнен сағат 12-ге дейін біз аэроклубта сабақ өткіздік, ал сағат 1.30-да техникумдағы сабаққа асықтық. Есімде, күнде аэроклуб пен техникум ортасында 10 шақырымдай ара қашықтықты еңсеріп жүгіріп жүреміз, ол кезде Семейде ешқандай қалалық көлік болмады, өкінішті кешігіп келгендіктен асханада  бізге бұйыратыны- тек суып қалған тамақ болатын.»

          Қалисар ағаға денсаулығы бойынша Ұшқыштар оқуына тұсу бұйырмады бірақ есесіне 1940 жылы Әскери училищеге түсті. Ол кезде бұл Алматыдағы алғашқы училище болатын және Қалисар Қабдуллинов оның алғашқы түлектерінің қатарында болды.

    1942 жылы Алматыда жасақталған 100 қазақ ұлттық атқыштар бригадасы қатарында рота командирі леитенант Қ.Кабдулинов та болды.Көп ұзамай бригада да майданға кірді.Қыркүиек айында Қ.Кабдулинов жараланып госпитальға түсті. Жазылып шыққан соң баиальон командирінің орынбасары болып қатарға тұрды.

    Қараша айында 100 және 101 атқыштар бригадалары Жаудың Мәскуге қарсы шабуылын тойтаруға үлесін қосты.Осы ұрыстарда Қалисар басқарған батальон құраманда Мәншүк Маметова да болған еді. «Ворошиов атқышы» Қалисар аға батыр қыз Мәншүкті алғаш пулемет басқарудың қыр сырына  үиреткен еді. Ол кеиін 91 гвардиялық атқыштар д дивизиясында Батальон командирі ретінде  бірінші Беларусь майданында фашистермен шайқасып жүргенде шәкірті Мәншүк Батыр атағын алғанын естіген еді.Бұл дивизия соғысты Кенигсбергке шабуылмен аяқтады.

               1945 жылы маусымда Қ.Кабдуллинов осы дивизия құрамында көптеген әскери мамандар қатарында Жапониямен соғысқа қиыр Шығысқа жіберілді. Жағдай 1941 жылдың маусымынан мүлдем өзгеше болды. Кеңестік армияда  жауынгерлік тәжірибе мол болды, соғысқа моральдық, физикалық жағынан даяр болды және әскери басымдыққа ие болды,  әскерилер түгелдей жаңа техникамен қаруланған еді.

          Жапондар, әрине, жауынгер  мықты халық, бірақ Кеңес әскерлеріміздің тегеурінімен олар көп ұзамай жеңіліске ұшырады.

     Жапониямен соғыс бір айдан аз уақыт жалғасты: 9 тамыздан 3 қыркүйекке дейін. Оған Қ.Кабдулинов мотоатқыштар батальоны командирі болып қатысты.

           Қалисарт ағаның естелігінен: «Біз Манчжурияға кірген кезде желмен бірге муссондық жаңбыр жауғаны есімде. Жаңбырдан тіпті дем алуға мүмкіншілік жоқ еді. Жер көктің барлығы езіліп батпақ болып, танкілер батып жатты. Қолға түскен жапондық кавалериялық полкті қарусыздандырып, олардың аттарына мініп алдық. Сонық арқасында қарсыластарымызды теміржол бойымен қуып келдік. Кеңес әскері қатарында Забайкалье майданының қолбасшысы Кеңес Одағының маршалы Малиновский де сол жерде болды, ол жеке Приморье армиясы қатарында әрекет етті. Моңғол армиясының мотоатқыштар батальоны біздің оң жақтағы көршіміз болды.

          Біздің 5 гвардиялық корпус құрамындағы 39-шы армиямыз Забайкалье майданының оң қанатында әрекет етті. Менің батальонымда 700-ге жуық адам болды. Ол танкілермен, өздігінен жүретін зеңбіректермен күшейтілген еді. Айналаға қарап, кідіріп қалуға болмайды, жолда сақ балу қажет еді. Шабуылдадық.Жасырынып даярланған жау аяқ астынан пайда болуы мүмкін еді. Біздің негізгі мақсат — асуды басып алу болатын.

         Дегенімізге жетіп  дұшпанның басты қорғаныс шебі — Үлкен Хинганды басып алып, Тастанбұлақ шығыңқы тұсында  орналастық. Біз өз дивизиямыздың алды болдық, ал Үлкен Хинган асуы ірі стратегиялық биіктік еді. Бізге біздің  әскер келгенге дейін осы жерді ұстап тұру міндеттелді. Ал  жапон кавалеристері бізге қарсы шабуыл жасамақ еді, бірақ олар қорқып, шегінді.

     Осы операция үшін мен Александр Невский орденімен марапатталдым. Орденді маған армия қолбасшысы, Армия генералы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Белобородов тапсырды».

         Осылайша Жапонияның жеңілісімен Екінші дүниежүзілік соғыс та  аяқталды. Осыдан кейін Қ.Кабдулин Манчжурияда бес жарым жыл қызмет етті, 1951 жылы Мәскеуге оқуға аттанды.

         Ардагер ағамыз Қалисар Кабдулинов  Алматы қаласы Совет ауданының әскери комиссары болып 10 жыл жұмыс істеді, 1976 жылы зеинеткерлікке шықты.Елге келген сайын Ұлан ауданы Бестерек ауылы маңындағы Көктаудын түбіне ағып жатқан бұлақтан тамсанып су ішіп, қайран туған жерім деп масаттанып көк шөпке аунайтын» деп егде жастағы ауылдастары Қалисар ағаны әлі күнге деиін еске алады. 

     

                        Сәкен Ғайса Облыстық тарихи-өлкетану музеиі Бөлім басшысы.

     

    Бөлісу/Поделиться:

    3 thoughts on “Сәкен Ғ — Екінші дүниежүзілік соғысты батыстан бастап Қиыр шығыста аяқтаған батальон командирі жерлесіміз – Қалисар Кабдулинов.”

    1. Pretty section of content. I just stumbled upon your web site and in accession capital to assert that I get actually enjoyed account your blog posts. Any way I will be subscribing to your augment and even I achievement you access consistently rapidly.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *