Skip to content
Басты бет » ҚАЗАҚТЫҢ  РУ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУШІ  — ЖАС ҒАЛЫМ

ҚАЗАҚТЫҢ  РУ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУШІ  — ЖАС ҒАЛЫМ

     

     

    Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында біреу біліп, біреу білмейтін, бар-жоғы екі жүзден асатын тұрғынға мекен болған – Бестерек ауылы бар. Өскемен қаласынан қырық шақырымдай жерде орналасқан ауыл өте шағын болғанымен, қойнауы тұнып тұрған тарих, сонау көне заманнан кейінгі ортағасырларға дейінгі археологиялық ескерткіштерге бай.

    Бұнда ғасырлық тарихы бар Шөже мектебінде Қазақстаннның Халық қаhарманы Қасым Қайсенов, Кеңес одағының батырлары Ізғұтты Айттықов, Төлеген Тоқтаровтар білім алған, сондай-ақ, осы өңірдегі алғаш медресе ашқан Салық молда, Алаш Орда партиясының құпия қорының төрағасы болған Жаңабай Әдікұлы, аудандық газеттің алғашқы редакторы Зәбер Баянов, алғашқы ұстаздар Оралбай Баужанов пен Ғадас Салықов, әйгілі археолог Зайнолла Самашев, ұшқыш қызымызТоты Әмірова тәрізді бірқатар танымал тұлғалар дүниеге келген.

    Қазір бұл жерде Бестерек археологиялық ғылыми-зерттеу кешені бой көтеріп, музей ашылып  Өлкенің тарихи және туристік әлеуетін арттыру мақсатында біраз жұмыстар атқарылуда.

    Бүгінгі сіздерге таныстырғалы отырғанымыз Алтын қойнаулы Алтайдың, соның ішінде қарт Қалбаның басты қазынасы – Көктаудың баурайынан түлеп ұшқан өрендері десек, солардың бірі, отандық археологиядағы жаңа есім, Бестеректің бел баласы – Самат Қайроллаұлы Самашев болмақ.

    Ол осы ауылдың үлгілі азаматтарының бірі болған жерлесіміз озат механизатор — Қайролла Самашұлы мен орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Шолпан Мырзағалиқызының отбасында 1981 жылы дүниеге келген.

    Осы ауылда Максим Горький атындағы 8 жылдық мектепте білім алған. Кезінде осы мектепте ұзақ жылдар ұстаз болып еңбек еткен қазір зеинеткерліктегі өлкеміздің белгілі ақыны Күлмай Сембаева Самат туралы жылы лебіздермен еске алады. Самат маған бірінші класқа келерде ауылдағы ерке шора тентектеу балалардың бірі болатын. Өзімнің класыма келетінін сезген соң алдынала Саматпен тіл табысып оның мінез құлығын зерттедім. Балалық тентектігін оқуға деген ынтаға, білім алу талпынысына аиналдыруға күш жұмсадым.Оның зеректігі мен алғырлығын оқу бағдарламасын бағындыруға жұмсауға бағыттауға тырыстым.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультетін тәмамдаған соң еңбек жолын Алматыдағы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтынан бастаған. Алматы, Өскемен, Астана қалаларындағы бірқатар ғылым және мәдениет мекемелерінде ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды.

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультетінде докторантурада білім алып, «Ортағасырлардағы қазақ даласы халықтарының белгі жүйесіндегі таңбалар» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап шықты. «Көне түркі таңбалары» және «Қазақ Алтайы ерте көшпелілері мәдени тарихындағы Берел» атты ғылыми монографияларының телавторы, сондай-ақ Қазақстан жеріндегі археологиялық зерттеулер бойынша отызға жуық ғылыми мақалары жарық көрген.

    Ең алғаш 2007 жылы Германияның Берлин, Гамбург, Мюнхен қалаларында өткен «Алтын қорыған грифтер: сақ патшаларының обалары» көрмесінің ұйымдастырылуы мен өткізілуіне атсалысқан ол бүгінде музей саласының да тәжірибелі маманы.

    Қазақстанда кәсіби таңбатанушылар, соның ішінде қазақ тілді таңбатанушылар жоқтың қасы. Отандық археология мен этнографияның ақтаңдақ тұстары да таңбатануға келіп тірелетіні жасырын емес.

    Қазіргі уақытта Самат Қайроллаұлы осы олқылықтардың орнын толтыру үшін атсалысып, өзінің «Қазақ Алтайының ерте темір дәуірі мәдениеттеріндегі белгілер жүйесі» атты ғылыми жобасы аясында Шығыс Қазақстан өңірінде жартас бетіндегі символикалық және таңба тәріздес белгілері бар ескерткіштерін зерттеумен шұғылдануда. Айналып ұясын табатын жыл құстары тәрізді, биыл да археологиялық зерттеулерін туған топырағында жүргізу үстінде. Жерлесіміз Саматқа бастаған ісің табысты болсын деп қызығы мен шыжығы мол ғылым соқпағында толағай табыстар тілейміз.

     

      Бестерек музейінің директоры Сәкен Жүнісбекұлы Ғайса

     

    Бөлісу/Поделиться:

    15 thoughts on “ҚАЗАҚТЫҢ  РУ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУШІ  — ЖАС ҒАЛЫМ”

    1. My programmer is trying to convince me to move
      to .net from PHP. I have always disliked the idea because of the
      costs. But he’s tryiong none the less. I’ve been using WordPress on several websites for about a year and am anxious about
      switching to another platform. I have heard fantastic things about blogengine.net.

      Is there a way I can import all my wordpress posts into it?
      Any kind of help would be greatly appreciated!

    2. We stumbled over here coming from a different website and thought I should check things out.
      I like what I see so i am just following you. Look forward to going over your web
      page repeatedly.

    3. Hey would you mind letting me know which webhost
      you’re working with? I’ve loaded your blog in 3 different
      internet browsers and I must say this blog loads a lot quicker then most.

      Can you suggest a good hosting provider at a reasonable price?
      Thanks, I appreciate it!

    4. Hey! This is kind of off topic but I need some help from an established
      blog. Is it difficult to set up your own blog? I’m not
      very techincal but I can figure things out pretty quick. I’m thinking about creating my own but I’m not sure where to start.
      Do you have any tips or suggestions? Thanks

    5. Please let me know if you’re looking for a author for your
      weblog. You have some really good posts and I think I would be a good asset.
      If you ever want to take some of the load off, I’d absolutely love to write some material for your blog in exchange for a link back to
      mine. Please blast me an email if interested. Many thanks!

    6. Simply desire to say your article is as amazing. The clearness in your
      post is simply nice and i could assume you’re an expert
      on this subject. Well with your permission let me to grab your RSS
      feed to keep up to date with forthcoming post.
      Thanks a million and please carry on the gratifying work.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *