Skip to content
Басты бет » Әлия Әбілханқызы — «Халық қазынасының киелі мұрасы» 

Әлия Әбілханқызы — «Халық қазынасының киелі мұрасы» 

    Ұлы даламыздың ғасырлар бойғы мұң-зарына, қуанышымен көңіл-күйіне куə болып, ерлігімен рухы əуеленген қазақ даласының қоңыр сарыны, ұлтымыздың дәстүрлі аспаптарының үнімен ғана осы күнге  дейін жеткендігі  белгілі. Осындай талғампаз халқымыздың атадан балаға жеткен мұраларының бірі — киелі домбыра. 

    Домбыра – Қазақ халқының ертеден келе жатқан  қос ішекті музыкалық аспабы. Бұл аспаптың басым көпшіліг Шығыс өңірі төсінде кең тараған; шырша, үйеңкі, қарағай, жаңғақ жəне қара тал ағаштарынан жасалатындығы көпшілігімізге белгілі. Олардың ағаш түрлерімен жасалу жолдарының күрделігіне қарай халық арасында домбыралар  бірнеше атауларға ие болып келетіндігі бар. Мысалы тұтас ағаштан шабылып жасалатын тұтас домбыра,  шанағы құрастырылып жасалатын құрама домбыра тағы басқа. Сонымен қатар еліміздің географиялық жатысына қарайда,  Жетісу немесе Арқа домбыралары деп əртүрлі пішіндік айырмашылықтағы атауларға ие болып келедігі және бар. Жалпы домбыра аспаптарының пішідік айырмашылығын ажыратып қарар болсақ, еліміздің Жетісу мен Батыс аймақтарында сопақша немесе дөңгелек пішінді домбыра түрлері  кең тарағандығын байқауға болады. Ал, Арқа, Шығыс жерлерінде қалақ пішінді домбыралар көп кездесетіндігін көреміз. Дәл осындай қалақ пішіндегі домбыралар Шығыс Қазақстан өңірінде Абай Құнанбайұлының кеңінен қолданғанына қарай — Абай домбырасы деген атауға да ие. 

    Жалпы домбыралар күй мектептері арасында күй ырғақтарына байланысты домбыралардың дыбыс беру акустикасына сай, төкпе күй немесе шертпе күй домбыралары деп те қарастырылады. Əрине, домбыраларды бұлайша ажырата білу, нағыз домбыра құлағында ойнайтын кәсібіи күйші-əншілердің ғана еншісінде болатындығы сөзсіз. 

     Қазіргі таңда домбыра жасаушы шеберлер қатары жыл өткен сайын толығып, еліміздің түпкір –түпкірінде ел сұранымымен қолданысына сай барынша қызмет атқарып келетіндігі көңіл қуантады. Олар домбыралардың байырғы болмысын сақтай отырып əртүрлі дамыған технология мүмкіндіктерін пайдаланып, материалдық жəне дыбыстық акустикасының сапалылығымен кəсіби деңгейін арттыру жолында қырауыр ізденіспен жұмыстар атқарып келетіндігін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.

    Осы күндері Ұлттық домбыра күнін атап өту жолдарында мемлекет тарапынан  қолға алынып жатқан барлық мəдени шаралар еліміздің жарқын болашағына берері мол баға жетпес қазына болып қала бермек. Әсіресе еліміздің түпкір-түпкірінен қатысатын домбырашылардың түрлі шығармашылық жанырлары және домбыра аспабын жасаушы шеберлердің қатары толығуда. Соның негізінде рухани өнеріміз елеулі деп ескерілген ескіліктің көздері жаңаша форматта жаңғырып, өзекті деп танылғандары халық қазынасының киелі мұрасы ретінде өз бағасын алып келетіндігі рас.

    Жалпы елімізде өткен ғасырдың 90- жылдары мәдениет саласында осы домбыра аспабының сапалы жасалуына үлкен мән беріле бастағандығы белгілі. Сол жылдардан бастап шеберлер арасында «Үкілі домбыра», «Алтын домбыра» конкурс-байқаулары және өзгеде домбыра аспабының сапасын арттыру мақсаттарында түрлі бас қосулар ұйымдастырыла бастаған. Атақты күйші Қаршыға Ахмедияров тіпті өзі жасайтын ерекше домбырасымен Мағауя Хамзин т.б. өнер санлақтары екі жылда бір бас қосып, домбыра жасаушы шеберлердің жиындарын өткізіп тұрған. Онда  домбыра сапасының талапқа сай болуы туралы сындарлы пікірлер талқыланып, шеберлер тарапынан нақты талаптарды ескере отырып біраз істер атқарғандығы бар екен.

    Жалпы Шығыс Қазақстан аймағы өнегелі өнер жолындағы дарынды шеберлерге өте бай келетіндігі жасырын емес. Аймақ шеберлерін қолдау жəне ұлттық өнерімізді дамыту мақсатында,  әр жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының әр түпкірінен шыққан қолөнер шеберлерінің арасында домбыра жасаушы кәсібі азаматтарын қолдау, олардың өнер туындыларын көпшілікке дәріптеу жолында  айтулы челендждермен құттықтау парақтарын желі жүйелері арқылы жеткізіп, тақырыптық көрмелермен мақалалар төңірегінде біраз жұмыстар атқарылуда.  Осындай өнегелі өнеріміздің өрісін дамытып ұсталықтың тұтқасын ұстаған Шығыс өңірінде; Өскемен, Тарбағатай, Зайсан қалаларымен Ұлан,  Марқакөл елді мекендерінен бірқатар домбыра шеберлері киелі аспабымызды жасау жолында өз кәсіптерін дөңгелетіп келетіндігі бар. Әсіресе, кәсіби домбыра жасаушы шеберлігімен есімі елге мәшҺүр,  Марқакөл өңірінің тумасы, Абай атындағы ҚҰПУ  профессоры (Алматы қ.) ҚР Мəдениет қайраткері Тұрдығұлов Жолаушы Əбілғазыұлын ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар Өскемендік Ерболат Ақаев, Орал Кəрібаевтардың бұл салада орындары ерекше. Кәсіби домбыра жасау өнерінің хас шеберлерінің бірі, бұл өмірден бақилық болған Бақыт Кеңшілікұлының шеберлігі осы күндері халық есінде.Сонымен қатар домбыра аспабының дизайндық безендірілу  көркемдігі жағынан сәнді әрі ерекше домбыралар әзірлеушілер және халық әндерін орындаушылар ретінде Амангелді Смағұлов, Мұратқан Домбаев, қолөнершілер Қайрат Ибраев, Қазез Жанарбек есімді азаматтарымызды атап кетуге болады. Олардық қолдарынан шыққан домбыра аспабынан бөлек өзгеде  ұлттық аспаптар топтамалары осы күндері  ұйымдастырылып келе жатқан түрлі деңгейдегі облыстық және республикалық көрме-конкустарында жүлделі орындарға ие және  аспаптары еліміздің алдыңғы қатарлы өнер тарландарының кәсіби шығармаларында кеңінен қолданыста  жүргендігін айтуға болады.

    » Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра» – демекші,  бір кəсіп, бір өнер төңірегінде бүкіл Шығыс Қазақстан өңірі бойынша домбыра жасаушы шеберлердің бас қосқан көлемді көрме-мүшайрасы соңғы бес жылдықта Семей өңірінде өткізілгендігі белгілі. Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша айтулы ақын — жыршылардың мерейтойлары қарсаңында  аймақтық домбыра шеберлерінің өнер туындыларынан құралған көрме- көрсетілімдер, авторлық шығармашылық көрмелер жиі ұйымдастырылып келеді.

      Шеберлермен өткен айтулы  шарада, өнертанушы Жолаушы Әбілғазыұлы, өз тарапынан көп жылдық тәжірибесімен бөлісе келе, киелі аспабымызд жасау процесінде оның байырғы коллоритіның сақталуын қадағалау және оның заман сұранымындағы әрленуі мен сапасын жоғары деңгейде ұстау керектігін тілге тиек еткендігін біраз шеберлердің есінде деп білеміз.

    Сондықтанда киелі өнер мұрасының жоғары деңгейде дамып өркендеуіне қайсыбіріміз болмасын өз тарапымыздан жауапты болып, киелі өнеріміздің жоғалмауына өз септігімізді тигізуге міндеттіміз.  Киелі аспабымызды жасап,ұлттық  өнерімізді дамытып келе жатқан халық шеберлерімен  жергілікті домбыра жасаушы шеберлерімізге ШҚ облыстық тарихи-өлкетану музейі тарапынан тек шығармашылық табыстар тілейміз!

    Мақала авторы:  «Жалпы тарихты, археология және этнографияны ғылыми қамтамассыз ету бөлімінің» тарихшы маманы  Әлия Әбілханқызы.

    Бөлісу/Поделиться:

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *