Skip to content
Басты бет » Әйгілі Берел ханшасының косметикалық жиынтығы

Әйгілі Берел ханшасының косметикалық жиынтығы

    Өткен 2016 жыл біздің облыста облыс әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен жасалған «Шығыс Қазақстан облысындағы археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» бойынша жұмыс істейтін археологтар үшін өте сәтті жыл болды.

    Мәдени мұраның бес нысаны зерттелді, қазір олар мұражайлық экспонаттарға айналды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық коллекциясы үш мыңға жуық артефакталармен толықты.

    Зерттеу нысандарының бірі  Берел некрополы болды. Археологтар Үлкен Берел қорғанымен жалғасып жатқан 1865 жылдары қазылып кеткен қорғанды таңдап алды.

    Жер бетінен 4 метр тереңдікте қол тимеген жылқы сүйектері мен ағаш қалдықтары көрінді. Атақты ханшанмен бірге жеті жылқының көмілені анықталды. Аттардың үстіне жабылған киіз кілемнің қалдықтары көзге шалынды. Бірқатар жылқылардың бастарында түрлі формадағы көптеген алтын жолақтар, сондай-ақ құстар мен аңдардың фантастикалық образдары анықталды. Бір ат басқаларға қарағанда ханшаға жақын орналасқан. Оның бас сүйегінде алтын фольгадан жасалған 55 әшекей табылды. Оның ішінде «әтеш» бейнесіндегілері ерекшеленеді.

    Берел дәстүрі бойынша жерлеу қарағай бөренелерінен жасалған. Археологтар бұл жерде де жерлеудің тоналғанын анықтады, әйел склетінің сүйектері қозғалған. Бас сүйегінде, денесінде алтын фольгадан жасалған 60 – тан фрагмент шашылғын.

    Олардың арасында крест іспетті ірі жарқырауықтар бар. Бас киімінің әшекейінде фантастикалық жаратылыс иесінің басы мен қанатының барлығын атап өткен жөн. Байлардан қалған моншақтар мен алқалар да сақталған. Жерлеу орныны әрі қарай тазалауда жыртқыш аң түріндегі тұтқасы бар қола айна табылды.Айна былғары белбеудің көмегімен мықынға ілінетін былғары қапқа салынған. Айнамен қатар шөп пен дәнді тарайтын тас ««алтарик» (үккіш) табылған. Болжам бойынша бұл кориандрдың дәні.

    Археолог А. Акишев айна мен тас үккішті құдайлар мен шаман-көріпкелдердің заттары деп есептейді. Зерттеуші В. Зуев  айна мен  «алтарикті» әйгілі бай әйелдердің косметикалық жиынтығы деп атаған. Ол сондай –ақ ондай әйелді Ұлы құдай әйел деп те болжайды.

    Еуразияның көптеген халықтарында айнаның сиқырлық және иконикалық ролі белгілі. Көптеген ғалымдар көшпенділер айнаны ғажайып қасиетті, қорғаушылық қасиеті бар деп есептеген деуге бейім.Оның бетіне қарап олар нені көрді екен? Мүмкін болашақты болжаған шығар, әлде онда қандай да біреудің жаны бар ма екен?

    Бұл жерде бір ғана түсінік болуы мүмкін – ежелгі көшпенділер айнада өлген адамның бейнесі көрінуі, немесе оның жаны көрініс беруі мүмкін деп сенген. Айнаның басқа әлем мен оның тұрғындары көрінуі мүмкін деген сенім күшті болған.

    Декор айнаның функциясын айқындап, оның әлеммен байланысын ашады, маңызы мен бірегейлігін айқындай түседі. Бұл ретте айнаның тұтқасы барыс мүсінінде. Шапшаң, айлакер, айбынды аң секірген бейнесінде. Кеудесі көтеріңкі, ұзын құйрығы иірілген, денесі жіңішке. Айнаның шетіне ашық азуымен, алдың өткір тырнағымен тірелген. Жерлеу рәсіміндегі кездесетін барыстың айнадағы бейнесі оның «жоғары әлем» тұрғындары үшін маңыздылығын сипаттайды. Біз ритуалдық заттан өлген адамның басқа әлеммен және ондағы ата-бабаларымен байланыстыратын құралд көреміз. Барыс сақтандырушы функциясын атқарады, олар жасалған кеңістікті бар жағынан қорғап тұрады. Аң ашулы, күшті және қорқынышты. Логика бойынша бұл қасиеттер адамға берілген. Басқа аңдарға қарағанда барыс отпен байланысты. Барыстың мақсатының бірі – Космостың символикалық шекараларын қорғау.       

    Барыс образы Берел шеберлеріне тән. Мысық тұқымдас жыртқыштың көп бейнесі №11қорғаннан табылды: құйрығын тістеп жатқан жыртқыш; сақалды жыртқыштың образы; фантастикалық тіршілік иесін жұлмалап жатқаны; барыстың басы мен мен үш грифон т.с.с. Берелмен қатар орналасқан Тарасу могилнигінде ұзын құйрығы қайырылған барыстың алтын фигурасы табылды. Майемер жыртқыштарында да осындай сипаттар болды.

    Ежелгі бұл образдың таралу тізбегінде Измайловкада табылған мысық тұқымдас жыртқыш бейнеленген айна маңызды болып табылады. Алтай шамандары аяқ киімдеріне оның күшінің барлығына сеніп барыстың тырнақтарын тіккен деталь да белгілі. Ал айна шамандардың зікірлерінде ерекше бір күш атрибуты ретінде, шаманның бірінші серігі және зұлым күштердің айбынды жауы ретінде көрінеді. Айна шамандардың  арнайы қаптары мен қалташларында сақталған. Ол сиқырлық және қорғаушылық функция атқарған, шаманды дүлей күштерден сақтаумен қатар, оны аспанмен байланыстырған.

    Қорытындылай келе, бұл қорған біздің эрамызға дейінгі IV-III ғасырларда өмір сүрген  әйгілі ханшаны жерлеу үшін жасалған деп сеніммен айтуға болады.  Онымен бірге бағалы заттар мен аттар көмілген. Олардың саны сол кездегі қоғамдағы жерлеу рәсімдерінің нормаларымен регаменттелінген.

    Қоғам жоғары көркемдік мәдениетті қалыптастырған, басқарудың жолға қойылған жүйесін ұстанған, кешенді шаруашылық жүйесін дамытқан. Барыс бейнесіндегі тұтқасы бар айна өңірдің ежелгі халқы туралы бай ақпарат бере алады.

    Кущ Г.А.

    Бөлісу/Поделиться: