Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақстандағы ең ірі және ертеден келе жатқан музейлердің бірі.
Музей 1915 жылы Халық үйінде ашылған. Музей коллекциясының негізі жергілікті жинаушы-энтузиасттардың бірнеше сирек коллекцияларынан басталады. Ғасырдан астам тарихы бар музей бірнеше өзгерістерден өтті, мыңдаған экспонаттар жинақталып, олардың ең таңдаулылары экспозицияға қойылған.
Музей өзінің даму кезеңінде Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі табиғи және тарихи ескерткіштерінің ең ірі қоймасына, кенді Алтайдың тарихы мен мәдениетін ғылыми зерттеу және насихаттаудың үлкен орталығына айналды.
Музей коллекциясы 148 000-нан астам экспонаттарды қамтиды, жыл сайын музейдің қорына 3 000-ға жуық жәдігер түседі және 15 000 түпнұсқа тұрақты көрмеге қойылған.
Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі тарих және мәдениет орталығы ретінде тарихи-өлкетану музейі КСРО кезеңінде екі рет үздік деп танылды.
Музей коллекциясының хронологиялық, тақырыптық ауқымы өте кең. Табиғат пен экологияны ғылыми зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің жинақтаған коллекциялары үлкен қызығушылық тудырады, аталған коллецияда физикалық-географиялық ерекшеліктерімен танымал және табиғи ресурстарға бай Шығыс Қазақстан аумағындағы сүтқоректілердің 114 түрі, құстардың 400 түрі, өсімдіктердің 3500 түрі, 15 мыңнан астам жәндіктер, Менделеев таблицасындағы барлық дерлік металдар ұсынылған.
1947 жылдан бері жүргізілген барлық археологиялық экспедициялардың материалдарын қамтитын археологиялық жинақ Қазақстандағы ең ірі коллекция болып табылады. Онда белгілі археологтар С.Черников, А.Максимова, Ф.Арсланова, З.Самашев зерттеген ежелгі қорғандардың қазыналары ұсынылған. Аз ғана бөлігі ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету, жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің залында, ал үлкен бөлігі ғылыми зерттеулерді, қорларды қамтамасыз ету бөлімінің қоймаларына қойылған. Кішкене бөлігі ғылыми-зерттеу, жалпы тарих, археология және этнография бөлімдерінің залында қойылса, көп бөлігі қорларды ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің қоймаларында.
Қор жұмысы – мұра болып саналатын заттарды жинақтауды, есепке алуды, сақтауды және зерделеуді қамтитын музей қызметінің жетекші бағыттарының бірі болып саналады. Жасалған материалы мен тарихына қарай коллекциялар: табиғат (палеонтология, геология, флора, фауна), металл, фотоқұжаттар, қару-жарақ, ағаштан жасалған бұйымдар, археология, газеттер, мақта және жүннен жасалған бұйымдар деп бөлінеді.
Қазақстандағы музейлер арасында 80 000-нан астам экспонатты бар, ең үлкен және археологиялық коллекция қоры бойынша танымдылық жағынан үздік сақтаушы музей болып табылады.
Аталған коллекция танымал археологтар С.С. Черников, Ф.Х. Арсланова, З. Самашев, А.А. Ткачев, Г.А. Кущ, т.б. зерттеушілердің қазба жұмыстары нәтижесінде жинақталып, құралған.
Археологтар З. Самашевтің, А. Төлеубаевтың көрнекті жаңалықтары – Берел, Шілікті, Елеке сазы қорымдарынан табылған алтын бұйымдар археология ғылымы үшін үлкен қызығушылық тудырды.
Этнографиялық ескерткіштердің түпнұсқасы Шығыс Қазақстан халының сан ғасырлық тарихын сеніммен әрі жан-жақты баяндайды.
Ортағасырлық кезеңге арналған залда Шығыс Қазақстан облысындағы ерте түркі дәуірі мен қимақ заманы туралы сыр шертетін витриналар қойылған. Залдың ортасына Зевакин қорымындағы №145 қорғанның жаунгер қабірінің реконструкциясы орналасқан. Осы қабірден табылған бас сүйекке антропологиялық реконструкция жасалды. Сол қорымнан табылған бірегей бұйым – руникалық жазуы бар айна.
Музей экспозициясы мен қорында Зевакин қорымы, Қызылтас, Қарашат I және Қарашат II, Бобровка, Выдриха, Васильевка, Қызыл қайың ауылдарындағы қорғандар мен жеке жерлеу орындарынан және басқа да түркі дәуірі ескерткіштерінен материалдар ұсынылған. Экспозицияда және музейдің ашық алаңында Шығыс Қазақстаннан табылған түркі заманы мүсіндерінің топтамасы ұсынылған.
Өскемен қаласы қалыптасқан күннен бастап тәуелсіз Қазақстанға дейінгі материалдарды қазіргі заманғы тарихты ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімі жинайды және зерттейді.
Бес мыңнан астам олжа облыс қалаларының әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің орталықтары ретіндегі үш жүз жылдық тарихынан сыр шертеді. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдардағы құжаттар мен фотосуреттер, сол жылдардағы түпнұсқа плакаттар, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың материалдары, халық шаруашылығы тарихының көрнекті ескерткіштері, ғылым, мәдениет, сондай-ақ егемен Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысының даму стратегиясының құнды дәлелдері мұқият жинақталған.
2012 жылы қаланың Стрелка ауданында филиал ашылды. Онда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі бар. Көрмені қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері қуғын-сүргінге ұшырағандардың мұрагерлерімен жұмыс жүргізу қызметін өз мойндарына алып, 1930 жылдардағы сталиндік мемлекеттің заңсыздықтары туралы жаңа материалдар жинады.
Экскурсиялық және бұқаралық жұмыс бөлімінің қызметкерлері үлкен жұмыстар атқарады. Олар музей экспозициясының бөлімдеріне сай әртүрлі шолу және тақырыптық экскурсиялар әзірлейді, көпшілік іс-шаралар, дәрістер, көшпелі көрмелер, сондай-ақ келушілердің назарына топтық экскурсиялар ұйымдастырады және өткізеді.
Бөлім қызметкерлері музей ұйымдастыратын іс-шараларға келушілерді тарту мақсатында қала мен облыстың оқу орындарымен, туристік және басқа да ұйымдарымен белсенді жұмыс жүргізеді.
Музейдің жалпы ауданы 2516 шаршы метрді құрайды, 7 залы бар. Күршім ауданы, Күршім ауылында және Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылында орналасқан екі филиалы бар.
Ғылыми зерттеулер төрт бағытта – жаратылыстану, археология, этнография, тарих бағыттарында жүргізіледі.
Музей Шығыс Қазақстан облысының ең бай ғылыми қордың өңірдегі жалғыз сақтаушысы ретінде облыстық маңызы бар ғылым мен тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттайтын орталық болып табылады. Солардың негізінде музей ғылыми қызметкерлері республикалық және халықаралық журналдарда 250 ғылыми мақалалар жариялады, табиғат туралы 10 монография және өлке тарихы бойынша 15 кітап жазды, оның ішінде: «Шығыс Қазақстанның физикалық географиясы», «Шығыс Қазақстанның Қызыл кітабы», «Халықтың жаны мен жады», «Шығыс Қазақстан феномені», «Қазақ Алтайының көне қазыналары», «Өскемен аңыздары» т.б.
Музей ұжымының жоғары кәсібилігі (қызметкерлердің еңбек өтілі 15 жылдан 30 жылға дейін) облыстық тарихи-өлкетану музейінде халықаралық ғылыми бағдарламаларды әзірлеуге, «Қазақ Алтайының скиф-сақ мәдениеті: генезис мәселелері, мәдениеттер сабақтастығы», «Алтай-Саян экорегионының қазақстандық бөлігінің биоалуантүрлілігін сақтау және орнықты дамыту» және басқа да тақырыптар бойынша халықаралық экспедицияларға қатысуға мүмкіндік береді.
1960 жылдан бастап музей облыстың ғылыми-әдістемелік ақпарат орталығы болып, барлық аудан орталықтарында, Шемонаиха, Зайсан, Серебрянск, Зырян, Күршім, Ақжар, Бутаково қалаларында музейлер ашылып, олардың көпшілігі мемлекеттік музей мәртебесіне ие болды. 2001 жылы тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлерінің жетекшілігімен облыстық басқармалар – салық, кеден, ішкі істер басқармасы, ұлттық қауіпсіздік комитеті, сондай-ақ облыстың оқу орындарында музейлер ашылды. Музей «Дарын» орталығымен тығыз байланыста жұмыс істеп, облыс көлеміндегі мектептің ғылыми жұмысына жетекшілік етеді.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы музей өңірдің мәдени мұрасының рухани-ағартушылық саласын дамыту орталығы саналып, халықпен үнемі байланыста болып, облыс басшылығымен тікелей байланыс орнату керек деп есептейді. Бұл ұлттық мұраның бірыңғай ақпараттық базасын сақтауға және өңірдің тарихи-мәдени мұрасын арттыруға мүмкіндік береді.
Байланыс: Қазақстан республикасы, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 40 үй.
Телефоны: +7 (7232) 25-54-60 Директор
+7 (7232) 25-49-70 Экскурсиялық және бұқаралық жұмыс бөлімі
Әлеуметтік желілерде:
https://www.facebook.com/SHQO.olketanumuzei/
https://www.instagram.com/shqo_olketanumuzei/
https://ok.ru/profile/579496171158
https://www.youtube.com/channel/UC8I84nMELQdJBwZNWWdUZhQ
https://www.tiktok.com/@shko_olketanu.museum?_t=8hocwQu0Y7C&_r=1
https://t.me/shqo_olketanumuzei