Skip to content
Басты бет » Қызметкердің жарияланымдар » Page 3

Қызметкердің жарияланымдар

Кущ Г.А — Әйгілі Берел ханшасының косметикалық жиынтығы

    Өткен 2016 жыл біздің облыста облыс әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен жасалған «Шығыс Қазақстан облысындағы археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» бойынша жұмыс істейтін археологтар үшін өте сәтті жыл болды. Мәдени мұраның бес нысаны зерттелді, қазір олар мұражайлық экспонаттарға айналды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық коллекциясы үш мыңға жуық артефакталармен толықты. Зерттеу нысандарының бірі  Берел некрополы болды. Археологтар Үлкен Берел қорғанымен жалғасып жатқан 1865 жылдары қазылып кеткен қорғанды таңдап алды. Жер бетінен 4… Read More »Кущ Г.А — Әйгілі Берел ханшасының косметикалық жиынтығы

    Бөлісу/Поделиться:

    Г.А. Кущ — Тас үңгірлердегі сансыз қазына…

      Бәріне белгілі, облысымыз аумағының сексен пайызын ғажайып тау жоталары алып жатыр. Қазақтың кең байтақ даласының  қай жеріне барсаң да  таулы алқапқа шыға келесін. Біздің қаламыз да тау арасында тұр. Қалың тау жыныстарының түкпірінде мыңдаған жылдар бойы әртүрлі табиғи құбылыстар орын алады және олардың кейбірі үңгірлердің пайда болуына ықпал етеді. Үңгірлер — бұл жер бетіне аузын ашқан, тау қалыңдығында орналасқан жартас қуыстары. Олардың кейбіреулері бүйір тармақтары  «зал бөлмесі» түрінде кеңейіп, галереялар… Read More »Г.А. Кущ — Тас үңгірлердегі сансыз қазына…

      Бөлісу/Поделиться:

      Кущ Г.А. Өскемендегі қалалық училищенің 140 жылдығына орай

        Қалалық училищенің, кез-келген оқу орнының сияқты, өзінің ішкі өмірі болды. Бұл көбінесе мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасына, сонымен қатар қалалық оқиғаларға да байланысты болды. Мұражай құжаттарынан белгілі 1886 жылы училищеде тек 4 оқытушы болды, училищені ұстауға 2419 рубль 72 тиын жұмсаллды. Сол жылы Қалалық Думаның отырысында халық мектептерінің инспекторы қалалық мектепте гимнастика мен ән айтуды оқытқысы келетін адамдарды марапаттау үшін 150 рубль бөлуді ұсынды. Бірақ ұсыныс қалалық қаражаттың жоқтығынан болашақ уақытқа… Read More »Кущ Г.А. Өскемендегі қалалық училищенің 140 жылдығына орай

        Бөлісу/Поделиться:

        К.Т. Уалиева — Ана тілі ұлттық дәстүрдің мызғымас бөлігі

          Ана тілі кез келген халықтың сарқылмас байлығы, асыл қазынасы, мәңгілік мұрасы. Тіл қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің, ұлттық мақтанышы. «Тілін білмеген түбін білмейді» деген өсиет бекер айтылмаған. Түрік тілдерін жете білген ХІ ғасырда өмір ұлы ғұлама Махмұт Қашқари «Тәрбие басы- тіл» деп қанатты тұжырымдама жасаған. Ұлттық рух, намыс, ата салт- дәстүрі, тәрбие-тағылым- деген, бойға тіл арқылы сіңеді.… Read More »К.Т. Уалиева — Ана тілі ұлттық дәстүрдің мызғымас бөлігі

          Бөлісу/Поделиться:

          К.Т. Уалиева — Қазғұмар бақсының қобызы

            Күршім  ауданы Қойтас ауылынан шыққан адамдардың ішіндегі ең атақты  деп, Қазғұмар бақсыны атайды. Кезінде Қазғұмар бақсының аты бүкіл Арғын-Найманға белгілі болыпты.  Қазғұмардың атасы Күнтуар атақты бақсы болып, одан бұл қасиет немересі Қазғұмарға берілген екен. Бақсының  жеңіл-желпі ауруларды үшкіргенін айтпағанда, ауыр дертке ұшырағандарды да емдету үшін оны  шалғай өңірлерден қос  атпен әдейілеп алдырады екен. Қазғұмар бақсының бір қасиеті, қасында жүрген адамдардың қайдан, не істеп келгендерін қапысыз біліп отырады екен. Бақсының қобызы… Read More »К.Т. Уалиева — Қазғұмар бақсының қобызы

            Бөлісу/Поделиться:

            Уақыттың визит карточкасы

              Тарихи-өлкетану музейінде «Филокартия» деген шифрмен жасырылған коллекция бар. Сіздің бұл не экспонаттар деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл Ресейде 1897 жылы пайда болған почта открыткалары, яғни почта «ашық хаттары». 1904 жылдан бастап оның бір беті түгелдей кескін бейнелерге арналды да, екінші бетіне хаттың мәтіні мен мекен жәйі жазыла бастады. Музей үшін – әрбір ашық хат бағалы тарихи нұсқа. Бейнелік жақтарымен қатар, хат мәтінінде тарихи сипаттағы қызықты мәліметтер болуы мүмкін.Ашық хатты тұтастай алғанда,… Read More »Уақыттың визит карточкасы

              Бөлісу/Поделиться:

              Кущ Г.А. — Өскемен қалалық училищесінің 135 жылдығына

                ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ УЧИЛИЩЕСІНІҢ 135 ЖЫЛДЫҒЫНА             Қаланың тарихында білім беру, мектептер, мұғалімдер мен оқушылар  — ең бір қызықты тақырып. Әсіресе, қаланың байырғы тұрғындары үшін осынан жүз жыл бұрын қалай болғаны тым қызықты. Осы күнге дейін музейге келушілер революцияға дейінгі білім беру бөліміндегі фотосуреттердерден өздерінің әжелері мен аталарын тауып жатады. Тарихи-өлкетану музейінде қаланың тарихында із қалдырған оқу орындары, мұғалімдері, түлектері  туралы құжаттардың үлкен коллекциясы, фотографиялар жинақталған. Қазір біз соның бірі –… Read More »Кущ Г.А. — Өскемен қалалық училищесінің 135 жылдығына

                Бөлісу/Поделиться: