ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ УЧИЛИЩЕСІНІҢ 135 ЖЫЛДЫҒЫНА
Қаланың тарихында білім беру, мектептер, мұғалімдер мен оқушылар — ең бір қызықты тақырып. Әсіресе, қаланың байырғы тұрғындары үшін осынан жүз жыл бұрын қалай болғаны тым қызықты. Осы күнге дейін музейге келушілер революцияға дейінгі білім беру бөліміндегі фотосуреттердерден өздерінің әжелері мен аталарын тауып жатады. Тарихи-өлкетану музейінде қаланың тарихында із қалдырған оқу орындары, мұғалімдері, түлектері туралы құжаттардың үлкен коллекциясы, фотографиялар жинақталған. Қазір біз соның бірі – Қалалық ерлер училищесіне тоқталамыз. Осыдан 135 жыл бұрын, 1881 жылы кімге бастауыш училище аздық ететін және балаларын басқа қалаларға, мәселен Семейге, немесе, Омскіге оқуға жібере алмайтындар үшін жалпы білім беретін қалалық училище ашылады. Қалалық училище оқушыларды жоғары мектептерге дайындау мақсатын көздеген жоқ, онда барлық топтың балаларына бастауыш ақыл-ой қабілеті және діни-адамгершілік тәрбие беруге арналған өзінің ерекше бес жылдық бағдарламасы болды.
Қалалық училищенің қызылмен көмкерілген, лакталған қара күнқағары бар қара фуражкесі формасы болды. «ГУ» деп жазылған алтындалған десте фуражкенің құрсамасына орналастырылған. Қыста оқушылар қара шалбар мен қисық жағалы көйлекпен жүрді. Жазда жұқа матадан тігілген эмблемасыз мыс түймесі бар қисық жағалы көйлек киді. Қызыл петлицалары бар екі қатар түймеленетін шинель де берілді. Кедей ата-аналардың, жұмысшылардың балалары фуражке мен «ГУ» монограммасы бар белбеу тақты.
Бірінші класс тек дайындық болды, онда бір ғана мұғалім жұмыс істеді. Училищенің соңғы жылдары ол Вивея Александровна Дагаева болды. Келесі төрт жылда: Құдай Заңы, шіркеулік-славян тілі, орыс тілі, орыс әдебиеті, арифметика, геометрия, жаратылыстану, физика, тарих, география, таза жазу, сызу және сурет салу, шет тілі, ән салу, гимнастика, әскери іс пәндері оқытылды. Оқу жылының соңында үздік оқушыларға «Үздік табысы мен үлгілі тәртібі үшін» деген мақтау қағаздары берілді. Училище бітіргендерге аттестат табыс етілетін, ол мемлекеттік қызметке түсуге, әскери қызметке кейбір жеңілдіктер беретін. Осыдан жүз отыз жыл бұрын, 1886 жылы қалада тағы бір айтулы оқиға болды: 29 қыркүйекте қалалық Дума «3 класстық Қалалық училищені жаңа салынған тас үйге көшіруге.. » шешім қабылдайды. Бұл сол кездегі қаладағы ең үлкен әрі ең әдемі ғимарат болатын.
Әрбір оқу орны өзінің ішкі өмірімен тыныстап жататын. Біз оған мұражай құжаттары, олардың тәрбиеленушілерінің естеліктері арқылы үңіле аламыз. Барлық бұрыңғы оқушылар өз мұғалімдері жайлы өте жақсы пікірде. Мысалы, 1916 жылғы түлек Лебедев Зосима Алексеевич жоғары әскери топографиялық училищеге түсу кезінде метематика мен геометриядан бес алады, Ол бұл табысы үшін мұғалімі Д.Н. Любомордовқа алғыс білдіреді.
Басқа да мектептердегі сияқты оқушылар мұғалімдерінің жақсы жақтарын байқап, бағалаған. Басқа жағы да бар. Оқушылар кілең ер балалар ғой, әзілсіз тағы болмайды. Григорий Евграфович Псарев аң құмар, табиғатты жақсы көретін, ақылды, қайырымды. Оқушылар оның түк басқан кең бетін, төртбұрыш мүсінін Крылов атайға теңейтін. Кей уақытта оның картадан ұтылып қалғанда ашулы, тез шамкостігін де білетін. Ұшталмаған бор мен сүртілмеген шаң оның ашу-ызасын тудыратын. Өзін –өзі ұстай алмаған Псарев бірінші партада отырған кезекшіні иығынан қапсыра ұстап, партасымен бірге кафедраға алып келген. Шындығында аюдай күші бар еді.
Соңғы класста оқитын онымен күш сынасқысы келеді. Кезекші Саша Неделько шалдың ашуын тез шақырды. Псарев кезекшіні қапсыра ұстағанда, екінші партада отыратын ағайынды екі дәу жігіт Ефремовтар Саша мен оның партасын ұстап, жібермеуге тырысты. Көмектеспеді! Отырған төрт оқушысмен қоса екіі парта тақтаға қарай жылжиды. Кенет Сашаның көйлегінің жеңі жыртылып кетіп, Псарев кафедраға қарай ұшып, жерге оңбай құлайды. Класс тым-тырыс! Саша мен Гоша Ефремов мұғалімнің жағдайын сезіп, жүгіріп барып оны көтеріп, орындыққа отырғызады, кафедраны орнына қояды. Өзіне- өзі келген Григорий Евграфович Сашаға жыртылаған жеңін ұсынып тұрып: «жеңің болғаны жақсы болды, әйтпесе қолың …». Ізінше қалтасынан қызыл он сомдық алып, Сашаға жаңа көйлекке береді. Қоңырауды күтпей журналды да ұмытып, сабақтан кетіп қалады. Оқушылар бұл туралы ешкімге айтпауға уәделеседі. Өйткені ол байлар мен кедейлердің балаларына бірдей қарайтын қамқор болатын.
Әр педагогтың өз ерекшелігі бар еді. Оларды есте сақтап, ойларына түсіріп отыратын: Александр Иванович Михайлов, Никандр Платонович Домоховский, Аленсандр Мелентьевич Волков, Владимир Лукич Шкарпетин, Александар Сидоровия Цибенко, Александр Иванович Седельников, Павел Яковлевич Кусков, Иван Лукич Молодов. Олардың ішінде танымал тұлғалар да болды. Клавдий Михайлович Попов тарих пен географияны берді. Сырт бейнесінен бастап өмір сүру образына дейін ерекше тұлға болатын. Жұқа бетті, сымбатты, қара қола түсті. Кілең қара киінетін – фуражкесінен бастап жылтыр етігі, бес саусақ қолғабы.
Оқушылармен қарым-қатынаста әрдайым біркелкі, ешкімді бөла-жармайтын.Әлсіз оқушыларға қатты көңіл бөлетін.
Оның білім тереңдігі туралы көп айтылатын. Басқалар «Нива» мен танымал «Вастник знанияны» жаздырып алып жүргенде, Клавдий Михайловичтің газеттер мен журналдардың үймесін алатын.
Педагогикалық қабілеті мен білім кеңдімен қатар, Клавдий Михайлович адамдарға сеніммен қарайтын ерекше қасиетке ие еді. Оның терең сенімі бойынша әрбір бала жасампаз болып туады, мұғалімнің қасиетті борышы – ең жалқау, немқұрайлы оқушының бойындағы шығармашылық бастауды ояту. Попов карта ойнамайтын, арақ ішпейтін, жалғыз басты, ешкіммен қарым-қатынас жасамайтын. Бұл да оның төңірегіндерді таңдандыратын.
Училищедегі көрнекті тұлғалардың бірі заң оқытатын протоиерей Александр Владимирович Дагаев. Жыл өте келе оқушылар арасында оның «протопоп Аввакум» есімі сақталған. Катехизис мәтініндегі болар болмас мүдіру оның қатты ашуын шақыратын. Ол тек бір және бес деген бағаларды ғана білетін. Өте жылдам жүретін. Александрдың коридорда, класста тез жүретіні сондайлық, алдымен оның қалың, жирен, бұйра шаштары көрінетін. Оның келуін оқушылар екінші қабаттан қарайлап күтетін. Классқа Дагаев деген сөз шыққанда бәрі үнсіз тапжылмай қалатын. Кермеде атын қалдырып, заң мұғалімі құйын сияқты баспалдақты аттай, калошы мен киімін мұғалімдердің бөлмесінде қалдыра, классқа кіріп келетін. Оқушылар оның коридорда келе жатқан дыбысын естіп, тік тұрып қарсы алатын. Дагаев әдетте бір оқушыдан ғана сабақ сұрайтынын бәрі жақсы білетін. Нашар жауаптан кейін ол немқұрайлы оқушыға ұзақ ұрсып класстан шығып кететін. Ал жақсы жауап болса, көңіл көтеретін тарихты айта бастайтын. Оқушылар оның райынан тез қайтып, жағымсыз эпизодтарды лезде ұмытатынын білетін. Тіпті оқушылардың «калошын» еденге шегелеп қойып, киім ілгіште ұзынынан түскенде де кешіріммен қарады. Оқушылардың бұл ісіне күлетін.
Енді бір мұғалім үнемі «Құйрықсыз торғай — Бесхвостный Воробей» деген атаққа ие еді. Ән салу сабағының мұғалімі Александр Александрович Козловты осылай атайтын. Кішкене бойына, шапшаңдығына, басшыларды мысқылдауына қарап осындай атқа ие болады. Ол жас, білімді, сәл оғаш қылықты. Училищеге алғаш келгенде иығына түсетін шашы бар, қытайлардыкі сияқты иегіне түсіп тұратын мұрты болды. Сабақтарда оқушыларға діни қызметкерлердің өмірінен анекдот айтып, бірінші болып өзі күлетін. Бірде барлық оқушылар акт залына таңертеңгі сиынуға жиналғанда шашын тақырлап алып тастаған күйде келеді.Тек шашы мен мұртын ғана емес, қасы мен кірпігін де қырып тастаған. Училище хорын басқарушы ретінде Козлов алдыға өтіп, инспектор Г.Е.Псаревпен қатар тұра қалады. Камертонын сермеп, байқамай иконаға қарап тұрған инспектордың қолына қолы тиіп кетеді. Жуан Псарев оған қарап, таң қалады. Шоқынуға ұсынған қолы жарты жолда тоқтап, кішкене аю көздері шарасынан шығып кетеді. Инспектордың қобалжыған түрі мен Козловтың биллиард шары сияқты тақыр басы күлкілі көрінгені соншалық, Құдай заңы мұғалімі қатал Дагаевтан бастап мұғалімдер, барлық бес жүз оқушы қыран-топай күлкіге батады.
Александр Александрович қолдарын қанат секілді сермей, ұшардай болып жүретін. Лақап аты да осыдан. Ән салуды жақсы көретін, бірақ дауыс жоқ еді. Скрипканы жақсы көріп, жанынан тастамайтын. Оқушылар ол ойнамай «пиликал-чирикал» деп күлетін.Бірақ хорды жақсы басқаратын. Уақыт өте келе орнығып, қалалықтардың қиғаш көзқарастарын жинаған жоқ.
Училищенің жұмыс істеп тұрған кезінде кейіннен жақсы, әйгілі адамдар болып, қаланың тарихында із қалдырған көптеген оқушыларды тәрбиелеп шығарды. Педагогтар олардың бойындағы қабілеттері мен дарындарын оятып, түрлі мамандықтарды игеруге жәрдемдесті. Революционерлер Я.В.Ушанов пен С.И.Рябовтың өмірлері жарқын әрі қысқа болды.
Мұғалімдер: Рябов П.И., Новиков Г.И., Кайгородцев И.Ф., Горохов Д.И., Варагушин П.С., Лях А.И.
Жазушылар: А.М. Волков, Д. Черепанов, Е. Пермитин.
П.Ф. Столбов, В.К. Бобров, В.О. Костюрин, З.А. Лебедев, М.В. Горохов, А. Ищенко, И. Петров, Н. Щербаков және тағы басқа есімдер де құлаққа жылы естіледі.
Музей жинақтары ескі Өскемен қаласының мектептік білім беру тарихы туралы толық мақұлматтар беретін құжаттарды, фотографияларды, оқулықтарды мұқият сақтап келеді. Және бұл коллекциядағы ең бастысы- оның кешегісін жасаған адамдар, бізге аса қымбат тұлғалар мен олардың тағдыры,
Облыстық тарихи-өлкетану музейі