Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қараөзек ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген.Алғашында ауылдағы бастауыш мектептен оқып кеиін Өскемендегі жетіжылдық мектепті бітіреді.1928 жылы оқуды бітіргеннен кейін «Қызыл киіз үйде» әиелдерді ұйымдастырушы болып жұмыс істеді. 1929 жылы Күленов Зәки деген азаматқа тұрмысқа шығады.
1934-1937 жылдары Семейдегі аудандық комсомол комитетінде, пионер жетекшісі болып қызмет етті. 1937 жылы жолдасы тұтқындалғаннан кейін, жұмыстан қуылып, «Сунь-Ят-Сен» артелінде тігінші болады.1938 жылы 17 наурызда «халық жауының әиелі» ретінде тұтқындалып, 8 жылдан астам Қарағанды лагерінің «26 нүктесі «Алжирде» отырып шығады.
Өзім тауып алып сөйлескен Алматыда тұратын қызы Клара апайдың берген мәліметтері бойынша шешесі 8 жыл лагерде болыпты, аитуынша таңғы 4 те тұрып кешкі 6 ға шекті фабрикада майдангерлерге киім тігеді екен.Тұтқындарға тәулігіне екі мәрте ыстық ас беріліп, ал түсте олар бір тоқаш пен бір стақан шәйді қанағат қылыпты. Күнделікті жұмыс біткен уақытта жоспар орындағандарға нан беріледі екен, Уазипа апай жоспарды 300 пайызға асыра орындағандықтан сөткесіне бір бөлке нан алып оны камерадағы жасы үлкен жұмысқа жарамсыз апайларымен бөлісіп тұрған. Ол кісілер Уазипа Майжоловаға көмегі үшін жылы шұлық тоқып береді екен. Әсіресе шешесінің есінде қалғаны демалыс кұндері тұтқындарға өзен бойына барып демалып шай қайнатып әңгімелесуге рұқсат бергендігі екен, сол жерде «халық жауларының» жұбайлары Бибижамал апай және Шахтай апайлармен, талай мәрте шер тарқасып әңгімелесетіні есінде қалған екен.Олар шешесімен лагерде ыстық суықты біргек көріп,барымен, тіпті бір кішкене сарымсақ тапса да сонымен де бөліскен екен.
1946 жылы Уазипа Майжолованы жақсы жұмыс істегені үшін тұтқыннан тиісті уақытынан ерте босатыпты. Сол мезетте күиеуінің туыстары тұрған Аягөз ауданына барып 3 жасында берілген жаңғыз қызы Клараны алып қайтыпты. Енесі сонда тұтқындалған кездерінде алып қалған баласының костюмі мен келінінің кребдешин көйлегін сақтап қалып қолына табыстаған екен. Уәзипа Майжолованың тағдыры оңай болмады, күиеуінен басқа үлкен ағасы Мүбарак та халық жауы ретінде атылыпты, ал кіші ағасы Хасенбек те халық жауы ретінде сотталып, тұтқыннан босауға бір аи қалғанда опаттан қаитыс болыпты.1944 жылы балаларынан айрылған шешесі қайғыдан өтіпті.
Осы кезеңде Уазипа Майжолова Өскемен қаласында саман үидердің бірінде бөлме жалдап тігін фабрикасында еңбек етіп сол кезеңдегі ел қатарлы қызымен өмір сүріпті.Қызы Клара балаларымен немерелерімен қазір Алматы қаласында тұрады.
1958ж 31 қаңтарындағы Түркістан аймағының әскери Трибуналының қаулысымен Уазипа Майжолова ақталады.
Сәкен Ғайса
05.03.2023 жыл