Skip to content
Басты бет » Ана тілі ұлттық дәстүрдің мызғымас бөлігі

Ана тілі ұлттық дәстүрдің мызғымас бөлігі

    Ана тілі кез келген халықтың сарқылмас байлығы, асыл қазынасы, мәңгілік мұрасы. Тіл қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің, ұлттық мақтанышы. «Тілін білмеген түбін білмейді» деген өсиет бекер айтылмаған. Түрік тілдерін жете білген ХІ ғасырда өмір ұлы ғұлама Махмұт Қашқари «Тәрбие басы- тіл» деп қанатты тұжырымдама жасаған. Ұлттық рух, намыс, ата салт- дәстүрі, тәрбие-тағылым- деген, бойға тіл арқылы сіңеді. Қазіргі кезде ана тілімен қатар оның мызғымас бөлігі салт- дәстүр құндылығы әрқашанда сабақтасып отырады. «Тәрбие- тал бесіктен басталады» демекші ұлттық дәстүр мен тіл атадан балаға тәлім-тәрбие, үлгі -өнеге болып берілетін баға жетпес мұра. Қазақтың ұлы тұлғаларының өлмес еңбектерінде, ана тілі мен дәстүр қағидасы ұлттық мәдени заңдылықтарда мейілінше қолданылған. Халқымыз қашанда тіл өнеріне айрықша зор мән берген. Атақты ақындар жазушылар, билер, жыраулар, шешендер ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы қанатты сөздер қалтырған. Төле би: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қалтырып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. Қазыбек би: Жетер енді әркімге бір ермейік, Қазақ болсаң құлашты бір сермейік. Қанға сінген ана-тілін халқым -ау, Шұбарлауға ешқандай жол бермейік. Әйтеке би: Қазақ қазақ болғалы тіл үшін күрес көргені, Көргені мен мүмкін емес тілімнің өлмегі.-деп өсиет қалдырған. Қазіргі кезде ұлттық дәстүр мәдениетін дамыту мақсатында, ақпарат құралдары және телеарналардың қазақ тілінде хабар жүргізіп, ата дәстүрімізді нақыштап, дәріптеп, ұсынып отырғаны үлкен жетістік. Елдегі тілдің ұлттық маңызы бар, салт- дәстүрмен тікелей байланысуы, мәңгілік болуы, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, болашақ буындар бірлігін сақтайды. Ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы, арман мақсаты болып саналады. Сондықтан ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында ұлттық дәстүр мен тіл мәдениеті жүйелі түрде дамуы тиіс. Тілімізді сақтап, дамыту бәріміздің қасиетті міндетіміз.

    Бөлісу/Поделиться: