Skip to content
Басты бет » «Ертіс транзиті» фотокөрмесі ашылды!

«Ертіс транзиті» фотокөрмесі ашылды!

    Бүгін, 2025 жылдың 3 қазанында, Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ертіс транзиті» атты фотокөрме ашылды. Көрме 2024 жылдың көктемінде жүзеге асқан «Индустриялды Ертіс» халықаралық ғылыми-ағартушылық экспедициясы туралы баяндайды.

    Экспедиция Ресей ғылым академиясының География институты (Мәскеу), Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі (Астана), Югра университетінің студенттері, музей мамандары мен БАҚ өкілдерін біріктірді. Қатысушылар 4 апта ішінде 10 000 шақырымнан астам жол жүріп, Ресей, Қазақстан және Қытай аумақтарындағы трансшекаралық Ертіс өзенінің табиғи, мәдени және индустриялық кеңістігін зерттеді.

    Көрме Ертіске жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді – бұл өзен елдер мен ұрпақтарды байланыстыратын ерекше табиғи және мәдени құбылыс ретінде ұсынылады. Көрермендер фотообъектив арқылы осы ұлы су жолының ауқымы мен маңыздылығын сезініп, Ертіс бойындағы тұрғындарды, табиғатты және өндірістік ландшафттарды тамашалай алады.

    «Индустриялды Ертіс» – ғылым мен мәдениетті, елдер мен халықтарды байланыстыратын шынайы гуманитарлық көпірге айналды.

    Баршаңызды көрмеге келіп, Ертіс бойымен визуалды сапар жасауға шақырамыз!

    #ЕртісТранзиті #ИндустриялдыЕртіс #Фотокөрме #ШҚО #ТарихиӨлкетануМузейі #Ертіс #ҒылымЖәнеМәдениет #ХалықаралықЭкспедиция #ШекарасызМәдениет

    Бөлісу/Поделиться:

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *