Skip to content
Басты бет » Соғыс жылдары Қызылорда облысына басшылық жасаған даңқты жерлесіміз Төлебайұлы Рақымбай жайлы

Соғыс жылдары Қызылорда облысына басшылық жасаған даңқты жерлесіміз Төлебайұлы Рақымбай жайлы

     

    Бүгінгі әңгімеміз даңқты жерлесіміз Рақымбай Төлеубаев жайлы болмақ. Рақымбай аға 1910 жылы 25 шілдеді  жылы Ұлан ауданы Қызылтас ауылында туған. Жалғызтал ауылдық Кеңесіне қатысты Қайыңдыбұлақ  (қазіргі Баяш) ауылында жастық шағын өткізген Өзі найманның көкжарлы, бөрте руының өкілі. Әкесі Төлебай кезінде бүкіл аймаққа белгілі пешші маман болыпты.

    Ата анасынан ерте айырылған Рақымбай аға өз отбасына және жетім қалған туысқан аға інілеріне де пана болған екен. Жастайдан қиыншылықты көп көрген балаға шаруаға ерте аиналысуға тура келді.  Байларға жалданып мал бақты.  Жоқшылықты  көп көрді, киімге тамаққа жарымаған күндерді  де бастан кешті. Сол себепті уақытында мектепке баруға да мүмкіншілігі болмады.

    Тек 14 жасқа толғанда білім алуға бел байлап, оқуды Ұлан ауданы Сағыр ауылындағы орысша бастауыш мектептен бастады. Кейін 1927 жылы Өскемен қаласындағы жетіжылдық мектепке келіп оқуын жалғастырады.Сол жерде мектепті бітіріп алдағы өмірге жолдамасын алды.

    Еңбек жолы Риддер қаласында,  рудниктегі жұмыстан басталды. Сол жерде ФЗУ да оқып мамандық алды. Кен байыту фабрикасында классификатор болды. Кейінірек геологиялық-барлау партиясында еңбек етті.1930 жылы Риддерде Нұрпия деген қызға үиленіп шаңырақ көтерді.Еңбекте алда болып, еңбекқорлығы мен ұйымдастыру қабілетін көрсеткендікттен комсомол Рақымбай ағаны Лениногор партия комитеті оны қорғасын –мырыш заводындағы кәсіподақ көмитетіне төраға етіп сайлады.Біраз уақыттан кейін завод директорының орынбасары деген жауапты қызметке тағайындалды.

    Осы қызметте жүргенде Рақымбай аға арнайы өкіметтің тапсырмасымен өнеркәсіп саласына қазақ жастарын тартумен айналысты. Риддерге осындай 150 жеткіншекті апарды, оның ішінде 100 жігіт өзінің туып өскен жері Ұлан ауданынан еді. Барлық жастар  өндіріс орындарына орналасып өндірісте әр түрлі мамандықтар игерді.

    1932 жылы армия қатарына шақырылады. Азаматтық борышын абыроймен атқарып жүріп Алматы қаласындағы қазақтың ұлттық атты әскер құрамында бөлімше командирі,партия ұйымының хатшысы болады.

    Әскери міндетін атқарып Риддер қаласына қайтқан соң қалалық партия комитетінің нұсқаушысы болды. Алматыдағы марксизм-ленинизм институтына оқуға жіберілді.Осы аталған оқу орнынының екі курсын тамамдаған соң Оңтүстік Қазақстан партия комитетінің үшінші және екінші хатшысы болып жауапты қызметтер атқарады.

    1938 жылы Меркі саилау округінен Республиканың Жоғарғы Кеңесіне депутат болын сайланады.1940-1945жылдары Қызылорда облысының партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарады. Отанымызға қауіп төнген жылдары Рақымбай аға «жеңіс үшін», «майдан үшін» деген ұранмен облыс халқын маиданға қажетті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге, әскерлерді ауыл шаруашылық өнімдері: астық,ет,май сияқты азық түлікпен қамтамасыз етуге мақсатында қажырлы еңбек етуге жұмылдырды. Оның осындай жауапты қызметтегі ерен еңбегін басшылық жоғары бағалағанының белгісі ,кеудесіне тағылған жоғары наградалар: «Құрмет белгісі» ордені сегіз медаль, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының үш құрмет грамоталары.

    1947-1950жылдары Талдықорған облысы Қапал ауданында Кеңшар директоры,1950-1958 және 1958-1959 жылдары Алматы облысы Қаскелең ауданында мектеп директоры болады.1959-1961 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданында Кеңшар директоры, 1961-1963жылдары Өскемен қаласы Кондитер заводы директорының орынбасары болып қызмет жасайды.1963-1971жылдары Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болады.

    Соңғы жылдары Алматы қаласында тұрды, сол жерде қайтыс болды. Рақымбай ағаның Марат атты бір ұлы,Света,Бақыт,Үміткүл,Сәуле атты төрт қызы көптеген немере шөберелері бар. Олар әр салада өз орындарын тауып еңбек етуде.

    Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еліне атқарған елеулі қызметі үшін Қызыл Орда қаласының көшелерінің бірі бүгінгі күнде атақты жерлесіміздің атында.

    Сәкен Ғайса  өлкентанушы

    Бөлісу/Поделиться:

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *