«Халық заңгері» республикалық акция бүкіл Қазақстан Республикасында
бірыңғай уақытта -2024 жылғы 30 мамырда сағат 17.00 – 19.00-де өтеді.
Акция облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында өткізіледі.
Акция Өскемен қаласында 2 мекенжай бойынша өтеді:
С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университетінің корпусы, Қазақстан көшесі
55, «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Шәкәрім даңғылы 149/10.
Тұрғындар сот, құқық қорғау, қадағалау органдарының қызметкерлері,
адвокаттар, сот орындаушылары, нотариустар және облыс әкімдігінің, қала/
аудан әкімдігі бөлімдерінің өкілдерінен кеңес ала алады.
Акцияның мақсаты – тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету, халықтың заңгерлік сауаттылығын арттыру.
2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам адам кеңес алды.
«Халық заңгері» акциясы басталған сәттен бастап бірден өз қажеттілігін көрсетті.
6vqwcu
ebf89o
ic87ct