Skip to content
Басты бет » Сәкен Жүнісбекұлы — Мәскеу мен Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысының ардагері болған жерлесіміз Қайдар Құмарбеков туралы

Сәкен Жүнісбекұлы — Мәскеу мен Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысының ардагері болған жерлесіміз Қайдар Құмарбеков туралы

    Қайдар Құмарбеков 1990-2000 жылдары  Мәскеу қаласы және  Ресейдегі қазақ қоғамдық этномәдени қозғалысының ардагері, «Мурагер» қазақ мәдениетінің мәскеулік қоғамы «өңірлік ұйымының құрметті Президенті,» Қазақ тілі «қоғамының ақсақалдар Кеңесінің төрағасы болып қызмет еткен жан. Ол кісі менің есімде ақ көңілдігімен қарапайымдылығымен, мәдениеттілігі және жылышыраилығымен  қалды. Қашан кездессекте : «қарағым аманбысың, үи жайың туған туыстарың амандықта ма?» деп аңқылдап тұрушы еді. Мәскеуге келсең міндеті түрде кел, тек қана хабарлассаң болғаны өзім келіп тауып аламын деп жататын.

    Қ.Құмарбеков  Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алмасай ауылында1928 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген.Қаидар ағаның естеліктерінде 1930 жылдары Екпінді ауылының бастауыш мектебінде  менің әкем Жүнісбек Ғайсинмен бірге Ғайса Аязбаевтан оқып білім алғаны туралы аитып отырушы еді.

    1945 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы орта мектепті бітірген. Одан кейінгі жылдары оқу оқып жоғары білім алу мақсатында Мәскеу қаласына қоныс аударады.1950-1952 жылдары Мәскеу метрополитенінің, атап айтқанда, «Комсомольская» метро станциясының құрылысына қатысады.

    1953 жылы Қайдар-ағай Бүкілодақтық сырттай көлік инженерлері институтын — ВЗИИТ (Метрострой) «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітіреді. 1953-1956 жылдары Мостранспрода жұмыс істеді.

    1956-1958 жылдары КСРО Мемқұрылысы мамандарының біліктілігін арттыру курстарында «Жерасты құрылыстары мен тоннельдерін салу» мамандығы бойынша оқыды. Қайдар ағаның одан арғы еңбек қызметі Мәскеу өңірінің көлік-өнеркәсіп нысандарын тұрғызумен және пайдалануға берумен байланысты болды.

    1957 жылы Қайдар Құмарбеков Мәскеу қаласының Бауман аудандық атқару комитетінің жолдамасы бойынша Ұйымдастыру комитетіне енгізілді және Мәскеуде жастар мен студенттердің VI халықаралық фестивалін дайындауға және өткізуге белсене қатысты.

    Қ.Кумарбеков — Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің қатысушысы. 2004 жылы «Тың игеруге 50 жыл» медалімен марапатталған.

    Елден жырақ жүрсе де Қайдар аға ұлттық ұстаным жастарға тәлім тәрбие беру істерін әрқашан да қолдап ресейдегі қазақтар туған тілін мәдениетін ұмытпасын деп әрқашан да қолынан келген әрекетті жасаушы еді.Елден жырақ жұрген қазақ балаларының қазақ тілінен мәдениетінен кенде болып жүргені Қайдар ағаны қатты қынжылтатын. Сол себепті Мәскеу жастарын үнемі топтастырып Қазақстанмен байланысты нығайтайық,балалардың болашығын ойлацық деп осы бағытта тыңғылықты жұмыстар жүргізді.

    Сол жұмыстың арқасында 1990 жылы Мәскеуде  «Қазақ тілі» қоғамы құрылды Қайдар аға сол қоғамының бастамашы-құрылтайшыларының бірі болды. Оның қолдауымен  одан басқа «Мурагер» қоғамдық ұйымы құрылды. Осы ұйымдардың белсенді жұмысының нәтижесінде Мәскеуде қазақ диаспорасы арасында қазақ тарихын,мәдениетін, тілін,ділін дәріптеу мақсаттарында бірқатар  іс шаралар өткізіліп, көптеген ұлағатты істер атқарылды.

    Мәскеулік қазақтар делегациясының құрамында ол Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайларының жұмысына және Ресей қазақтарының өңіраралық іс-шараларына қатысты.

    Қайдар аға қоғамдық өмірге белсене қатыса отырып Мәскеу қаласында қазақ елінен әртістер шақыртып,белгілі ақын жазушыларды алдырып, Наурыз мерекесін тойлауды жолға қойдырып көптеген шаралардың ұйытқы болып жүруші еді.

    Өзі туып өскен Ұлан ауданына  мектеп бітірген Өскемен қаласына да қонақтап жиі келіп жүруші еді. Ол кісі туған жерге келгенде әсіресе Айыртауды қатты қызықтаушы еді. Бала кезден көріп баурайында ойнақтап ескен туған жерімнің символы деп фотоға түсіріп алып жүретін. Және де Ахмер ауылындағы орталық көшеге  алғашқы ұстазы Ғайса Аязбаевтың аты берілу мәселесіне қызу араласып өз үлесін қосқан еді. Көшеге аты беріліп бірақ орындалуы бір екі жыл орындаушы биліктің салғырттығынан ақсаған кезде алаңдаушылық білдіріп облыстық Дидар газетіне Мәскеуден хат та жазған еді.

    Ол кісінің армандарының бірі алғашқы ұстазы Ғайса Аязбаевқа ескерткіш қою еді. Сол ескерткіштің макетін жасатып оны Ахмер ауылына қою мәселесін 2000 жылдары көтергені, бірақ ол кезде әкімдік тарапынан ещқандай қолдау таба алмағанына өкінген еді. Ол туралы ойларын Мәскеуден келген сайын өзіммен жолыққанда бөлісіп отыратын.

    Қайдар аға 2012 жылы 26 сәуірде дүниеден озды, бірақ Мәскеуде тұратын қазақтар да осы өңірде тұратын өз туыстарының да, жерлестерінің де есінде игі істерімен қалатынына кәсіл сенемін.

      Өлкетанушы, Ғылыми-археологиялық бөлімнің меңгеушісі Сәкен Жүнісбекұлы  Ғайса.

    Бөлісу/Поделиться:

    2 thoughts on “Сәкен Жүнісбекұлы — Мәскеу мен Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысының ардагері болған жерлесіміз Қайдар Құмарбеков туралы”

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *