Көрменің негізгі мақсаты — 1986 жылғы сәуірдегі қайғылы оқиғаны, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жою жолында өз денсаулығын құрбан еткен адамдарды еске алу.
Фотосуреттер мен құжаттар апаттың алғашқы күндеріндегі оқиғаларды: халықты көшіру, залалсыздандырудың алғашқы шаралары, қираған 4-энергоблокты тексеру жұмыстарын көрсетеді.
Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға Шығыс Қазақстаннан 3 мыңнан астам адам қатысты. Чернобыль апаты — ауыр сынақ, ал музей көрмесі — денсаулығына қауіп төнсе де, күрделі де ізгі еңбекті атқарған жандардың бәріне деген біздің тағзымымыз, шынайы алғысымызды айқындайды.