Skip to content
Басты бет » Мұрағат үшін Облыстық тарихи-өлкетану музейі » Page 3

Облыстық тарихи-өлкетану музейі

С.Ж.Ғайса — 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

    Жаланың құрбаны Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамның тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді. Еліміздің аумағында 11 еңбекпен түзету лагері болды. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатал саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Олар үшін Қарағандыда «Карлаг», Жезқазғанда «Степлаг» лагерьлері, Ақмола өңірінде «отанына опасыздық жасағандардың» әйелдері қамалған «АЛЖИР» лагері құрылды. Ресми деректерге сәйкес,… Read More »С.Ж.Ғайса — 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

    Бөлісу/Поделиться:

    К.Т.Уалиева — Тұмар тағу түркінің көне дәстүрі

      Тұмардың тарихы тереңде жатыр. Тұмар тағу ырымы түркілік дәстүрдің айқын көрінісі болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған, ерте темір дәуірі кезінде  өмір сүрген,  сақ тайпалары моншақ тастарды, ұлу қабыршықтарын, жыланның басын, сонымен қатар   аңдардың сүйектерін, құстардың қауырсынын,  азу тістерін, асықтар мен бақайшақтарды мойындарына  тағып жүріп, осы заттар оның  иесіне аңның ептілігін, айласын, қайраттылығын, күшін береді-деген наным сенімде болған.       Тұмар сөзінің этимологиясы көне… Read More »К.Т.Уалиева — Тұмар тағу түркінің көне дәстүрі

      Бөлісу/Поделиться:

      Көшпенділер ойындары.

        Көшпенділер ойындары-8-13 қыркүйек аралығында өтетін бірегей халықаралық оқиға. Көшпенділер ойындары-бұл жай ғана жарыс емес, әр түрлі халықтардың мәдени мұрасы мен дәстүрлерін мерекелеу болып табылады. Іс-шараға әлемдік көшпелі мәдениеттің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін түрлі жарыстар, шеберлік сағаттар мен мәдени бағдарламалар кіреді. Көшпенділер ойыны аясында дәстүрлі қолөнер мен өнер бойынша көрмелер, дәрістер мен шеберлік сағаттары сияқты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламада сонымен қатар халық биі, музыка және гастрономияға арналған байқаулар бар. Қатысушылар… Read More »Көшпенділер ойындары.

        Бөлісу/Поделиться:

        С.Ж.Ғайса — Қызыл профессура университетін бітірген З.Куленов

          Зәки Куленов Шығыс Қазақстан облысы қазіргі Ұлан ауданы Ахмер ауылында 1902 жылы дүниеге келген. Әкесі Құсайын қажы, бөрте руынан шыққан ауқатты, сауатты адам болған. Зәки он жасқа келгенде 1912 жылы ауылындағы орысша-қазақша бастауыш мектепке оқуға кіріп, онда 1914 жылға дейін оқиды. Зерек бала Зәки 1914-1917 жылдары уезд орталығы Көкпектідегі екікластық училищені бітіреді. 1917-1921 жылдарда Өскемен қаласындағы орысша-қазақша оқу орындарын тәмамдап, білімін толықтырады. 1920 жылы комсомол қатарына кіреді, Ахмер ауылында комсомол… Read More »С.Ж.Ғайса — Қызыл профессура университетін бітірген З.Куленов

          Бөлісу/Поделиться:

          17 маусым күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде әлемге әйгілі жазушы, философ, қоғам қайраткері, біздің жерлесіміз Г.Д. Гребенщиковтың туыстарымен кездесу өтті

            17 маусым күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде әлемге әйгілі жазушы, философ, қоғам қайраткері, біздің жерлесіміз Г.Д. Гребенщиковтың туыстарымен кездесу өтті. Мәскеу қаласынан жазушының шөберелері Николай Сергеевич Шмитько, Георгий Николаевич Гребенщиков және жиен-шөбересі Александр Сергеевич Шрамко музейге келді. Қонақтар үшін музей залдарына экскурсия ұйымдастырылып, «Город Усть-Каменогорск в судьбе большого писателя» фильмі назарларына ұсынылды. Кездесу «По местам Гребенщикова в Усть-Каменогорске» тақырыбы бойынша жаяу аралау экскурсиясымен аяқталды. Қонақтар жазушының көзі тірісінде Чураевкадағы (АҚШ) «Алатас»… Read More »17 маусым күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде әлемге әйгілі жазушы, философ, қоғам қайраткері, біздің жерлесіміз Г.Д. Гребенщиковтың туыстарымен кездесу өтті

            Бөлісу/Поделиться:

            «Ақбауыр археологиялық кешенінің зерттеу жұмыстары. 2024» сұхбат.

              Спикер: Жалпы тарихты, археологияны және этнографияны ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің тарихшы маманы — Меделбек Шұғыла тел. 87771891476 Өткізу уақыты: 15.07.2024 ж.       Ақбауыр — Ертістің жоғарғы бөлігіндегі бірегей табиғи-тарихи ескерткіш. «Ақбауыр» термині Бестерек, Б.Өтепов, Мамай батыр ауылдарымен шектелген ауданға қатысты қолданылады. Оның орталық бөлігінде Ақбауыр шатқалы орналасқан. Ақбауыр Өскемен қаласынан 38 км қашықтықта, Ақбауыр өзенінің жоғарғы жағында, Сағыр ауылының қасында, Қоржымбай тауының етегінде орналасқан.  Мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін… Read More »«Ақбауыр археологиялық кешенінің зерттеу жұмыстары. 2024» сұхбат.

              Бөлісу/Поделиться:

              «Халық заңгері»

                «Халық заңгері» республикалық акция бүкіл Қазақстан Республикасында  бірыңғай уақытта -2024 жылғы 30 мамырда сағат 17.00 – 19.00-де өтеді. Акция облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында өткізіледі. Акция Өскемен қаласында 2 мекенжай бойынша өтеді: С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университетінің корпусы, Қазақстан көшесі 55, «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Шәкәрім даңғылы 149/10. Тұрғындар сот, құқық қорғау, қадағалау органдарының қызметкерлері, адвокаттар, сот орындаушылары, нотариустар және облыс әкімдігінің, қала/… Read More »«Халық заңгері»

                Бөлісу/Поделиться:

                Жыл сайын 21 мамырда Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтіледі.

                  Жыл сайын 21 мамырда Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мереке күніне орай Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесуде: «Қазіргі заман талабына сай музей қоғам санасын жаңғыртуға зор ықпал ететін озық институтқа айналуы керек», — деп атап өтті. Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің  ведомстволық наградаларымен Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері… Read More »Жыл сайын 21 мамырда Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтіледі.

                  Бөлісу/Поделиться:

                  «Дала академигі» Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған көрме.

                        «Дала академигі» Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған көрме.    2024 жылдың 9 сәуірінде Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғалым-геолог Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Дала академигі» атты көрменің ашылуы өтті. Іс-шараға С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттері, Өскемен қаласының № 36 орта мектебінің оқушылары қатысты.   Көрме материалдары академиктің ғылыми қызметі туралы баяндайды. Фотосуреттер мен құжаттар көрнекті ғалымның көп қырлы ғылыми және қоғамдық қызметін бейнелейді. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еліміздің тамаша… Read More »«Дала академигі» Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған көрме.

                    Бөлісу/Поделиться: