Қызметкердің жарияланымдары - Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Skip to content
Басты бет » Басты бет » Қызметкердің жарияланымдары

Қызметкердің жарияланымдары

  • Меделбек Ш. — Тағдырды тебіренткен қыл
    Қобыз — қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспаптарының бірі. Қобыздың үні қоңыр, мұңды, терең болып келеді, сондықтан ол халықтың жан дүниесін, қайғысын, қуанышын, табиғат үнін ерекше жеткізе алған. Қобыз күйлері көбіне Қорқыт, Ықылас Дүкенұлы сияқты күйшілердің шығармашылығымен байланысты. Қорқыт қобыздың ең алғаш пайда болуымен, Ықылас қобыз өнерін дамытып, оны кәсіби деңгейге көтерген тұлға ретінде танылады. Бұл музыкалық аспаптың шығу тарихы туралы ең белгілі аңыз Қорқыт атамен байланысты. Ел аузындағы әңгімелерде Қорқыт қобызды алғаш жасап, күй тартқан адам ретінде айтылады. Сол себепті қобыз тек музыкалық аспап емес, рухани және киелі мұра ретінде де бағалы. Аңыз бойынша, Қорқыт өлімнен құтылудың жолын іздеп,… Read More »Меделбек Ш. — Тағдырды тебіренткен қыл
  • Меделбек Ш. — Тұлпар үстіндегі теңдік
    ТҰЛПАР ҮСТІНДЕГІ ТЕҢДІК: ҮЗЕҢГІ ТАРИХЫ Үзеңгі — қазақ тарихында өте маңызды орын алды. Ол тек тұрмыстық құрал емес, бүкііл көшпелі өмір салтының дамуына ықпал еткен жаңалықтардық бірі болды. Үзеңгі — атқа міну кезінде шабандоздың аяғын тіреп отыруына арналған ер- тұрманның маңызды бөлігі. Ол атқа мінуді жеңілдетіп қана қоймай, салт атттылардың тепе-теңдігін сақтауға, шайқас пен ұзақ жорықтарда орнықты отыруына мүмкіндік береді. Үзеңгінің нақты қашан пайда болғаны туралы түрлі деректер бар. Археологиялық зерттеулерге қарағанда үзеңгі б.з.б I мыңжылдықта пайда болғаны айтылып отыр. Ол атқа оңай мініп-түсу үшін және ат үстінде мығым отыру үшін пайдаланылған. Жауынгер шауып келе жатып, найзасын үзеңгі үстіне аяғын… Read More »Меделбек Ш. — Тұлпар үстіндегі теңдік
  • Меделбек Ш. — Жерден туған зер
    ЖЕРДЕН ТУҒАН ЗЕР: ҰРШЫҚБАСТАР АРҚЫЛЫ КӨШПЕЛІЛЕР ДҮНИЕСІН ТАНУ Ұршықбастар — жіп иіру ісінде қолданылған шағын тұрмыстық бұйымдар. Олар көбіне қыштан, тастан, сүйектен немесе металдан жасалып, ұршықтың сабына кигізілген. Негізгі қызметі — ұршықтың айналуын тұрақтандырып, талшықты біркелкі етіп жіпке айналдыруға көмектесу. Пішіні көбіне дөңгелек, сопақша, кейде конус тәрізді болып келеді, ортасында сабын өткізуге арналған тесік болады. Археологиялық тұрғыдан ұршықбастар ежелгі тұрғындардың тоқымашылық, жіп иіру және үй кәсіпшілігімен айналысқанын дәлелдейтін маңызды заттық дерек болып саналады. Олардың жасалу техникасы, қыш құрамының ерекшелігі, бетінің өңделуі мен пайдалану іздері сол дәуірдегі қолөнер дәстүрі мен шаруашылық мәдениетін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан Ақбауырдан табылған ұршықбастар бұл жерде… Read More »Меделбек Ш. — Жерден туған зер
  • Шаймұратов Ж.Б. — Шығыс Қазақстандағы кеміргіштер
    УДК 599.32:591.5(574.42)
  • Садуакасова Т.А. — Әлібек Асқаровтың 75 Жылдық Мерейтойы: Қазақ Әдебиеті мен Журналистикасына Қосқан Үлесі
      Қазақ әдебиеті мен журналистикасының көгінде өзіндік жарығы бар, сөзі салмақты, ойы терең тұлғалардың бірі — Әлібек Асқаров. Уақыт сүзгісінен сүрінбей өткен қаламгердің биыл 75 жас мерейтойы. Бұл — бір адамның ғана емес, тұтас бір рухани дәуірдің мерейтойы. Өйткені,         Әлібек Асқаровтың ғұмыры мен шығармашылығы қазақ сөз өнерінің, ұлттық ой мен парасаттың тарихымен біте қайнасып жатыр. Алтайдың ақ самал желі ескен, табиғаты  сырға толы Катонқарағай өңірінде, Чернова ауылында дүниеге келген жазушының бойына туған жердің мінезі ерте қонды. Таудың тылсым тынысы, ауыл тіршілігінің қарапайым да қатал шындығы болашақ жазушының жүрегінде мәңгілік із қалдырды. Кейінгі шығармаларындағы табиғат пен адам, уақыт пен тағдыр жайлы… Read More »Садуакасова Т.А. — Әлібек Асқаровтың 75 Жылдық Мерейтойы: Қазақ Әдебиеті мен Журналистикасына Қосқан Үлесі
  • Нурғалиева А.С. — «Теңге кеше және бүгін!» жылжымалы көрме
      «Теңге кеше және бүгін!» жылжымалы көрме Жоспарға сәйкес, 2025  жылдың 13-қараша Ұлттық валюта – теңге күніне арнарған жылжымалы көрме  өткізілді.     Төл теңгенің тарихы 1990 жылдары бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, әр республика өзінің тәуелсіздігін жариялаған соң, тәуелсіз елдер бірінен соң бірі ұлттық валютасын бекітіп, айналымға енгізе бастады. Аталған тарихи оқиғадан Қазақстан да қалыс қалмады. Осылайша, 1993 жылдың 12 қарашасында елімізде ұлттық валюта туралы жарлыққа қол қойылды. 15 қарашадан бастап, ҚР аумағында теңге айналымға енгізіліп, ұлттық ақша ретінде пайдаланыла бастады. Ұлттық валютаның айналымға енуіне байланысты ел тарихындағы мынадай үш маңызды датаны атап өтсе болады: 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның… Read More »Нурғалиева А.С. — «Теңге кеше және бүгін!» жылжымалы көрме
  • Сәкен Ғайса — Екінші дүниежүзілік соғысты батыстан бастап Қиыр шығыста аяқтаған батальон командирі жерлесіміз – Қалисар Кабдулинов.
      Ұландық соғыс ардагері Қалисар Кабдуллинов 1940 жылдан 1976 жылға дейін 36 жыл әскери қызметте болған адам.  Екінші дұниежүзілік соғысқа 1942 жылдың қыркүйегінде кірді. Бірақ ретімен әңгімелесек.       Қалисар аға 1920 жылы 15 қазанында Ұлан ауданына қарасты қазіргі Бестерек ауылының маңындағы Көктау тауының түбіндегі кішкене ауылда дүниеге келді. Балалық шағы Өскемен қаласында өтті.Сегізінші  класты бітіргеннен кейін Семей саяси-ағарту техникумына түсті.         Ол  кезде әр бала ұшқыш болуды армандайтын. Қалисар аға да  солай болды — Ворошиловский атқыш, атқа мінген жауынгер, ұшқыш болуды армандады. Бірде  «комсомолдар авиацияға бару» науқаны шеңберінде  Қалалық комсомол комитеті  техникумнан 5 адамды іріктеп алып, аэроклубқа оқуға жіберді. Соның… Read More »Сәкен Ғайса — Екінші дүниежүзілік соғысты батыстан бастап Қиыр шығыста аяқтаған батальон командирі жерлесіміз – Қалисар Кабдулинов.
  • Сабырбаева Б. С. — «Алаша — өрнекке айналған халық шежіресі»
          «Алаша — өрнекке айналған халық шежіресі»   Алаша тоқу — ұлтымыздың жүрегінен жаралған, сан ғасырдың сарынын сақтаған ерекше өнер. Бұл жай ғана тұрмыстық зат емес, бұл — әр тал жіпке, әр өрнекке шебердің жанын, ананың мейірімін, даланың бояуын сіңірген ұлы мәдениет үлгісі. Түсті жүннен иірілген алашаның әрбір иірімі — бір тарих, әр өрнегі — бір ұлттың болмысы. Қазақтың байырғы көшпелі тұрмысында алаша тек төсеніш болумен шектелмеген. Ол — сән, ол — салт, ол — шежіре. Киіз үйдің төрін көркейткен алаша — халқымыздың талғамы мен тазалығының айғағы. Әр өрнектің өзіндік мәні бар: мысалы, «қошқар мүйіз» — молшылықтың, «түйе… Read More »Сабырбаева Б. С. — «Алаша — өрнекке айналған халық шежіресі»
  • Біздің өлкеден шыққан, Сталиндік репрессияларға ұшыраған бірақ сынбаған,Теміртаулық әйгілі металлургтер — Майжоловтар династиясы туралы
    Тағдырдың қиын жолын кешкен тұлғалар Біздің өлкеден шыққан, Сталиндік репрессияларға ұшыраған бірақ сынбаған,Теміртаулық әйгілі металлургтер — Майжоловтар династиясы туралы  Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы тұрып жатқан Ұлан ауданындағы  Кокжарлы жарты, бөрте руынан шыққан Майжоловтар ұрпақтарының өмірдегі жолыққан қиын да қилы тағдыры, оқумен және адал еңбектерімен салған даңғыл жолдары, айтарлықтай жетістіктері көңілді толғандырады. Ол жайлы алғашында екі жыл бұрын Алматы қаласында тұратын Уәзипаның қызы Клара апайдан біраз мәлімет пен көне фотолар қолыма тиді, кейін Теміртаулық Мирасұлы Юрий ағамыбен телефон арқылы сөйлесіп, және жуықта алматылық Хасенбек ұлы Ойрат ағамен хабарласып ақпарат толықты. Сталиндік репрессия аппаратының құрбаны болған аталарын Майжоловтар әулеті ешқашан  ұмытпаған екен.Бүгінгі… Read More »Біздің өлкеден шыққан, Сталиндік репрессияларға ұшыраған бірақ сынбаған,Теміртаулық әйгілі металлургтер — Майжоловтар династиясы туралы
  • Мәскеу мен Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысының ардагері болған жерлесіміз Қайдар Құмарбеков туралы
    Қайдар Құмарбеков 1990-2000 жылдары  Мәскеу қаласы және  Ресейдегі қазақ қоғамдық этномәдени қозғалысының ардагері, «Мурагер» қазақ мәдениетінің мәскеулік қоғамы «өңірлік ұйымының құрметті Президенті,» Қазақ тілі «қоғамының ақсақалдар Кеңесінің төрағасы болып қызмет еткен жан. Ол кісі менің есімде ақ көңілдігімен қарапайымдылығымен, мәдениеттілігі және жылышыраилығымен  қалды. Қашан кездессекте : «қарағым аманбысың, үи жайың туған туыстарың амандықта ма?» деп аңқылдап тұрушы еді. Мәскеуге келсең міндеті түрде кел, тек қана хабарлассаң болғаны өзім келіп тауып аламын деп жататын. Қ.Құмарбеков  Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алмасай ауылында1928 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген.Қаидар ағаның естеліктерінде 1930 жылдары Екпінді ауылының бастауыш мектебінде  менің әкем Жүнісбек Ғайсинмен бірге Ғайса… Read More »Мәскеу мен Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысының ардагері болған жерлесіміз Қайдар Құмарбеков туралы
  • Соғыс жылдары Қызылорда облысына басшылық жасаған даңқты жерлесіміз Төлебайұлы Рақымбай жайлы
      Бүгінгі әңгімеміз даңқты жерлесіміз Рақымбай Төлеубаев жайлы болмақ. Рақымбай аға 1910 жылы 25 шілдеді  жылы Ұлан ауданы Қызылтас ауылында туған. Жалғызтал ауылдық Кеңесіне қатысты Қайыңдыбұлақ  (қазіргі Баяш) ауылында жастық шағын өткізген Өзі найманның көкжарлы, бөрте руының өкілі. Әкесі Төлебай кезінде бүкіл аймаққа белгілі пешші маман болыпты. Ата анасынан ерте айырылған Рақымбай аға өз отбасына және жетім қалған туысқан аға інілеріне де пана болған екен. Жастайдан қиыншылықты көп көрген балаға шаруаға ерте аиналысуға тура келді.  Байларға жалданып мал бақты.  Жоқшылықты  көп көрді, киімге тамаққа жарымаған күндерді  де бастан кешті. Сол себепті уақытында мектепке баруға да мүмкіншілігі болмады. Тек 14 жасқа толғанда білім алуға бел байлап, оқуды… Read More »Соғыс жылдары Қызылорда облысына басшылық жасаған даңқты жерлесіміз Төлебайұлы Рақымбай жайлы
  • «Ұлы дала жәдігері қызығушылық тудыруда»
         Шығыс Қазақстанның бай рухани және мәдени мұрасы – Ұлы дала құндылықтарынсақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген  халықтың айнасы іспеттес.       Елеке Сазы жазығынан сақ дәуіріне тиесілі алтын бұйымдардың табылуы, соның ішінде ерекше тікенеті әшекейдің табылуы, бұл өңірдің көне тарихы мен мәдениетінің тағы бір мәрте дәлелдегендей. Отандық археологтар ел тарихын зерттеу мен насихаттауда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп келеді.       Қасиеті мен киесін көзінің қарашығындай сақтап, ізгілік мұраттарын жанына серік етіп, Ұлы Даланы мекен еткен қазақ халқы – түбі бір түркі әлемінің ажырамас бөлігі, саф алтыннан киім киген сақтардың ұрпағы.       Өздеріңіз білетіндей, Шығыс Қазақстан, республиканың рухани-мәдени орталықтарының бірі… Read More »«Ұлы дала жәдігері қызығушылық тудыруда»
  • Тұмар тағу түркінің көне дәстүрі
    Тұмардың тарихы тереңде жатыр. Тұмар тағу ырымы түркілік дәстүрдің айқын көрінісі болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған, ерте темір дәуірі кезінде  өмір сүрген,  сақ тайпалары моншақ тастарды, ұлу қабыршықтарын, жыланның басын, сонымен қатар   аңдардың сүйектерін, құстардың қауырсынын,  азу тістерін, асықтар мен бақайшақтарды мойындарына  тағып жүріп, осы заттар оның  иесіне аңның ептілігін, айласын, қайраттылығын, күшін береді-деген наным сенімде болған.       Тұмар сөзінің этимологиясы көне түркінің  «Тума» және «Йер» тіркесінен «туған жер»  мағынасын береді. Ғасырлар бұрын қағаз жоқ, алыс сапарға сауда-саттық жасау немесе соғыс жорығына аттанғанда бабаларымыз мал терісінен ұқсатып, үшбұрышты етіп қалташыққа, яғни тұмарға… Read More »Тұмар тағу түркінің көне дәстүрі
  • Дін мен дәстүр
    Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы зор.   Дін-адамдық қасиетттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр — ұлт болып, қалыптасу үшін қажет. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері бар. Еліміздің  ұлан-байтақ жерді алып жатуы, ғасырлар бойы  халқымыздың бойындағы батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ халқы ұлттық дәстүрге ерекше мән берген.  Дәстүр — ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Дін мен дәстүр қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым.  Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дін де бар  деп айтуға болады.  Алла тағала құранда: «Кешірімді бол, ғұрыпқа жақсылыққа бұйыр және… Read More »Дін мен дәстүр
  • ҚАЗАҚТЫҢ  РУ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУШІ  — ЖАС ҒАЛЫМ
        Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында біреу біліп, біреу білмейтін, бар-жоғы екі жүзден асатын тұрғынға мекен болған – Бестерек ауылы бар. Өскемен қаласынан қырық шақырымдай жерде орналасқан ауыл өте шағын болғанымен, қойнауы тұнып тұрған тарих, сонау көне заманнан кейінгі ортағасырларға дейінгі археологиялық ескерткіштерге бай. Бұнда ғасырлық тарихы бар Шөже мектебінде Қазақстаннның Халық қаhарманы Қасым Қайсенов, Кеңес одағының батырлары Ізғұтты Айттықов, Төлеген Тоқтаровтар білім алған, сондай-ақ, осы өңірдегі алғаш медресе ашқан Салық молда, Алаш Орда партиясының құпия қорының төрағасы болған Жаңабай Әдікұлы, аудандық газеттің алғашқы редакторы Зәбер Баянов, алғашқы ұстаздар Оралбай Баужанов пен Ғадас Салықов, әйгілі археолог Зайнолла Самашев, ұшқыш… Read More »ҚАЗАҚТЫҢ  РУ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУШІ  — ЖАС ҒАЛЫМ
  • 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
    Жаланың құрбаны Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамның тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді. Еліміздің аумағында 11 еңбекпен түзету лагері болды. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатал саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Олар үшін Қарағандыда «Карлаг», Жезқазғанда «Степлаг» лагерьлері, Ақмола өңірінде «отанына опасыздық жасағандардың» әйелдері қамалған «АЛЖИР» лагері құрылды. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 103 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Арасында көзі ашық, көкірегі ояу адамдар көп болды, дені саяси қайраткерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, ғалымдар, мәдениет саласының… Read More »31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
  • Өнер гүлін жинаған актриса — Әмина Өмірзақова
    Өмірзақова Әмина Ерғожақызы 1919 жылы 8 наурызда Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келді. Қазақ кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалтырған дарынды актриса. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. 1938 жылы Ленинградтағы Мемлекеттік сахна өнері техникумының  қазақ студиясын бітірген. 1938-1940 жылдары Шымкент  облыстық драма театрының актрисасы, 1940-1942 жылдары қазіргі Қазақ Мемлекеттік академия драма театрының труппасында, 1942-1949 жылдары «Қазақфильм» студиясында қызмет атқарды. 1949 жылдан Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының  актрисасы болды. Оның театр сахнасында тұңғыш ойнаған рөлі – М.Әуезовтің «Түнгі сарын» спектакліндегі Мөржан. Бұдан басқа ойнаған басты рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»), Луиза (Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат»), Смеральдина (К.Гольдони  «Екі мырзаға бір қызметкер»),… Read More »Өнер гүлін жинаған актриса — Әмина Өмірзақова
  • Ұлттық тәрбие — рухани асыл қазына  
       Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы. Ұлттық құндылықтарға әр хaлықтың ғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Осы құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдықпен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеу- халық алдындағы басты міндет. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет, өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақты тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Халық даналығында: «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» деген сөз бар. «Тәрбие басы — тал бесік» демекші халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім- тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да… Read More »Ұлттық тәрбие — рухани асыл қазына  
  • Мұрат Құрмантайұлы  Ұлан ауданынан шыққан танымал қаламгер.
    Жуықтамаған Ұландық «Көктау нұры» газетінің бас редакторы Жамсап Шыңғысұлы Жанғозин ағамыз қабарласқан еді, Сәкен бауырым келесі жұмада баспа күні мерекесі еді. Осы шараға Ұландық ағамыз Мұрат Әміренов туалы бір мақала шықса жарар еді, қолға аласыңба деп сауал қойды. Өзімнің жақсы көретін, қатты сыйлайтын ағаларымның бірі болғандықтан, сөзге келмей әрине қолымнан келгенін жазайын деп уәде бердім.  Әміренов Мұрат Құрмантайұлы (1939 ж.) – ағамыз өте қарапайым адам, өзі жазушы, журналист, Қазақстанның Журналистер одағының мүшесі бола тұра ешқашан ол атақтарын бұлдаған емес. Мен ол кісіні сонау 90 жылдардан «Коммунизм туы» газетінде журналист болып қызмет істеп жүрген кезден білемін. Өзім ол кезде әкімшіліктің ішкі… Read More »Мұрат Құрмантайұлы  Ұлан ауданынан шыққан танымал қаламгер.
  • Елінің біртуар азаматы — Ғадас Салықов
    Бүгінгі күнде бұндай адам болғанын көпшілік, әсіресе жас буын біле бермейді. Сол себепті өз өлке тарихымызда Кеңес үкіметін құру жолында ерен еңбегімен артында із қалдырған, жаңа заманның жаршысы болған жандардың бірі — Ғадас Салықов туралы айта кеткен өте орынды деп есептеймін. Бүгінде жас жеткіншектерді осындай өз жерлестері, айтулы жетістіктерге жеткен батыр ағалары үлгісінде патриоттық тұрғыда тәрбиелей білсек нұр үстіне нұр емеспе? Ғадас Салықов Ұлан ауданы қазіргі Бестерек ауылының маңындағы Шөже елді мекенінде дүние кешкен Қаршыға руының өкілі Салық қажы Жүнісұлы деген, өз заманының алдыңгы қатарлы арабша оқыған, молдалық құрған беделді азаматының отбасында дүниеге келген. Ғадастың әкесі Салық молда Нұролла хазірет… Read More »Елінің біртуар азаматы — Ғадас Салықов
  • Забер Баянов Ұлан аудандық газетінің бірінші редакторы
    2023 жылы Ұлан ауданы үшін тарихи жыл. Киелі Ұлан ауданының құрылғанына биыл 95 жыл толды. Жылдың басынан ауданымыздың айнасынан арнайы «Ұланым мақтанышым» деген айдар ашылып,тарихи тұлғалар туралы құнды материалдар жарық көруде.Бүгін менде қолыма қалам алып,осы тарихи газеттің алғашқы редакторы болған Забер Баянов туралы сыр шертпекпін. Жүністің бір баласы Салық болса,екінші Баян. Екеуі де өз заманының оқымыстысы да, молдасы да болған жандар.Осы Баян молданың ұлы Забер Баянов 1907 жылы Ұлан ауданы Шөже қыстағында дүниеге келді. Салық атасының Шөжедегі мектебінде білім алады.Мектепті бітірген соң Семейден семинария бітіріп келіп ауыл мектебінде мұғалім болып қызмет істейді.Кейін Тарғын мектебіне ауысады.Сол жерде партия қатарына кіреді, қоғамдық-саяси… Read More »Забер Баянов Ұлан аудандық газетінің бірінші редакторы
  • Күшбірліктен шыққан мемлекет қайраткері — Жұмажан Тәттібаев
    Жұмажан Тәттібаиұлы 1902 жылы Семей губерниясы, Өскемен үезі, Сібе болысының (Қазіргі Ұлан ауданы) Бәитеке ауылында туған, руы бұлғақ. Алғашында ауыл мектебінде білім алып, кеиін 15 жасынан Семей қаласына кәсіпорынға жұмысқа кіріп, білімін жалғастырған. 1918 жылы Россия коммунистік жастар одағына мүшелікке өтіп жас жұмысшылар арасында бұқаралық саяси жұмыстар жүргізуге белсене араласады. Губерниядағы коммунистік жастар одағының бірінші конференциясын өткізуді ұйымдастырушылардың бірі болады. Бұдан кеиін Семей губерниясындағы коммунистік жастар одағының бастауыш және болыстық, уездік ұйымдарында жауапты қызметтер атқарады. 1920 жылы партия қатарына өтіп,төтенше комиссиясының қарамағына жіберіледі. 1921 жылы Москвада Бүкіл Россиялық төтенше комиссиясының курсында оқиды. 1921-1923 жылдары Семей губкомының нұсқаушысы. Қазақстандағы Лениндік шақыру… Read More »Күшбірліктен шыққан мемлекет қайраткері — Жұмажан Тәттібаев
  • Уәзипа Күленова-Майжолова
    Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қараөзек ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген.Алғашында ауылдағы бастауыш мектептен оқып кеиін Өскемендегі жетіжылдық мектепті бітіреді.1928 жылы оқуды бітіргеннен кейін «Қызыл киіз үйде» әиелдерді ұйымдастырушы болып жұмыс істеді. 1929 жылы Күленов Зәки деген азаматқа тұрмысқа шығады. 1934-1937 жылдары Семейдегі аудандық комсомол комитетінде, пионер жетекшісі болып қызмет етті. 1937 жылы жолдасы тұтқындалғаннан кейін, жұмыстан қуылып, «Сунь-Ят-Сен» артелінде тігінші болады.1938 жылы 17 наурызда «халық жауының әиелі» ретінде тұтқындалып, 8 жылдан астам Қарағанды лагерінің «26 нүктесі «Алжирде» отырып шығады. Өзім тауып алып сөйлескен Алматыда тұратын қызы Клара апайдың берген мәліметтері бойынша шешесі 8 жыл лагерде болыпты, аитуынша таңғы… Read More »Уәзипа Күленова-Майжолова
  • Қызыл профессура университетін бітірген Ұландық
    Зәки Ахметов Шығыс Қазақстан облысы қазіргі Ұлан ауданы Ахмер ауылында 1902 жылы дүниеге келген. Әкесі Құсайын қажы, бөрте руынан шыққан ауқатты, сауатты адам болған. Зәки он жасқа келгенде 1912 жылы ауылындағы орысша-қазақша бастауыш мектепке оқуға кіріп, онда 1914 жылға дейін оқиды. Зерек бала Зәки 1914-1917 жылдары уезд орталығы Көкпектідегі екікластық училищені бітіреді. 1917-1921 жылдарда Өскемен қаласындағы орысша-қазақша оқу орындарын тәмамдап, білімін толықтырады. 1920 жылы комсомол қатарына кіреді, Ахмер ауылында комсомол бөлімін құрып оның бірінші хатшысы болады,осы уақытта драмалық үйірмелерге қатысып, оларды басқарысады. Әрі қарай Бұхтырма уезіне қарайтын Катонқарағай селосындағы орыс мектебінде 1921-1923 жылдары оқып, білімін толықтырады. 1924-1925 жылдары Зәки Алтайдағы… Read More »Қызыл профессура университетін бітірген Ұландық
  • «Мұнда қайғы мен қасірет мәңгі қалады!»
    Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жыл сайын облыстық тарихи-өлкетану музейінде түрлі іс-шаралар өтіп келеді. Биыл атаулы датаға байланысты музейінде «Таңбаланған. Адамдар және тағдырлар» атты экспозициялық көрме ашылады. Көрме материалдары саяси қуғын-сүргін құрбаны болған шығысқазақстандықтардың қайғылы тағдыры туралы баяндайды, құжаттар мен фотосуреттер сол уақытта адамдардың қандай жағдайда болғанын, қалай заңсыз атылып, сотталғанын куәландырады. Саяси қуғын-сүргін алпыс жылдан астам айтуға, жазуға қатаң тыйым салынған тақырып болатын. Десек те музей қызметкерлерінің арқасында біраз материал жиналды. Соның негізінде құжат көшірмелері, лагерь тұтқындарының жазған хаттары экспозициядан орын алады. Музей экспозициясының алғашқы бөлімі Алаш арыстарына арналады. Мұнда Алаштың ұлы тұлғалары туралы фотосуреттер… Read More »«Мұнда қайғы мен қасірет мәңгі қалады!»
  • ШҚО археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту Бағдарламасын іске асыру барысы туралы
    Жалпы тарихты, археология мен этнографияны ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің  тарихшы-археолог маманы – Кущ Галина Александровна Сәуір 19, 2023         Шығыс Қазақстанның табиғаты ерекше жомарттықпен жаратылған. Бұл – аттары желмен жарысқан, бозторғайдың сайрауы боз бетегенің суылымен, бұлақтың сыңғырымен, құмның сыбдырымен, сарышұнақтың шиқылымен үндескен  еркін даланың әлемі. Қарлы шыңдардың арасынан дәмі тіл үйірер мөлдір таза сулы ағысты өзендер бастау алады. Қанық жасыл түсті шалғындардан жас шөп пен шайырлы аршаның иісі самал желмен мүңкиді. Аспан төңкерілгендей көгілдір, тұнық көлдер. Мұның бәрі бір кездегі құдіретті патшалар мен жауынгер халықтардың жері. Үлкен қорғандар, көне ғибадатхана қабырғалары, жартасқа салынған суреттер  даңқты кезеңдер мен… Read More »ШҚО археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту Бағдарламасын іске асыру барысы туралы
  • Әйгілі Берел ханшасының косметикалық жиынтығы
    Өткен 2016 жыл біздің облыста облыс әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен жасалған «Шығыс Қазақстан облысындағы археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» бойынша жұмыс істейтін археологтар үшін өте сәтті жыл болды. Мәдени мұраның бес нысаны зерттелді, қазір олар мұражайлық экспонаттарға айналды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық коллекциясы үш мыңға жуық артефакталармен толықты. Зерттеу нысандарының бірі  Берел некрополы болды. Археологтар Үлкен Берел қорғанымен жалғасып жатқан 1865 жылдары қазылып кеткен қорғанды таңдап алды. Жер бетінен 4 метр тереңдікте қол тимеген жылқы сүйектері мен ағаш қалдықтары көрінді. Атақты ханшанмен бірге жеті жылқының көмілені анықталды. Аттардың үстіне жабылған киіз кілемнің қалдықтары көзге шалынды. Бірқатар жылқылардың бастарында түрлі формадағы… Read More »Әйгілі Берел ханшасының косметикалық жиынтығы
  • Тас үңгірлердегі сансыз қазына…
    Бәріне белгілі, облысымыз аумағының сексен пайызын ғажайып тау жоталары алып жатыр. Қазақтың кең байтақ даласының  қай жеріне барсаң да  таулы алқапқа шыға келесін. Біздің қаламыз да тау арасында тұр. Қалың тау жыныстарының түкпірінде мыңдаған жылдар бойы әртүрлі табиғи құбылыстар орын алады және олардың кейбірі үңгірлердің пайда болуына ықпал етеді. Үңгірлер — бұл жер бетіне аузын ашқан, тау қалыңдығында орналасқан жартас қуыстары. Олардың кейбіреулері бүйір тармақтары  «зал бөлмесі» түрінде кеңейіп, галереялар көрінісін тудырады, ең бастысы, олардың міндетті түрде  – «сыртқа» шығу жолы болады. Тауды аралап,  серуендеуге әуесқойлар көп, тау ішіндегі үңгір ойығына кірмей, кім өтіп кете алады? Археологтардың білуінше, табиғи түрде… Read More »Тас үңгірлердегі сансыз қазына…
  • Өскемендегі қалалық училищенің 140 жылдығына орай
    Қалалық училищенің, кез-келген оқу орнының сияқты, өзінің ішкі өмірі болды. Бұл көбінесе мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасына, сонымен қатар қалалық оқиғаларға да байланысты болды. Мұражай құжаттарынан белгілі 1886 жылы училищеде тек 4 оқытушы болды, училищені ұстауға 2419 рубль 72 тиын жұмсаллды. Сол жылы Қалалық Думаның отырысында халық мектептерінің инспекторы қалалық мектепте гимнастика мен ән айтуды оқытқысы келетін адамдарды марапаттау үшін 150 рубль бөлуді ұсынды. Бірақ ұсыныс қалалық қаражаттың жоқтығынан болашақ уақытқа дейін ашық қалды. Содан кейін, осы лауазымдарға үміткерлер табылды. Біздің әйгілі жерлесіміз, жазушы Ефим Пермитин сол мектептің түлегі болған және ол өз кітаптарында мұғалімдер туралы қызықты жазбалар қалдырған. 1911 жылы… Read More »Өскемендегі қалалық училищенің 140 жылдығына орай
  • Ана тілі ұлттық дәстүрдің мызғымас бөлігі
    Ана тілі кез келген халықтың сарқылмас байлығы, асыл қазынасы, мәңгілік мұрасы. Тіл қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің, ұлттық мақтанышы. «Тілін білмеген түбін білмейді» деген өсиет бекер айтылмаған. Түрік тілдерін жете білген ХІ ғасырда өмір ұлы ғұлама Махмұт Қашқари «Тәрбие басы- тіл» деп қанатты тұжырымдама жасаған. Ұлттық рух, намыс, ата салт- дәстүрі, тәрбие-тағылым- деген, бойға тіл арқылы сіңеді. Қазіргі кезде ана тілімен қатар оның мызғымас бөлігі салт- дәстүр құндылығы әрқашанда сабақтасып отырады. «Тәрбие- тал бесіктен басталады» демекші ұлттық дәстүр мен тіл атадан балаға тәлім-тәрбие, үлгі -өнеге болып берілетін… Read More »Ана тілі ұлттық дәстүрдің мызғымас бөлігі
  • Қазғұмар бақсының қобызы
  • Уақыттың визит карточкасы
    Тарихи-өлкетану музейінде «Филокартия» деген шифрмен жасырылған коллекция бар. Сіздің бұл не экспонаттар деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл Ресейде 1897 жылы пайда болған почта открыткалары, яғни почта «ашық хаттары». 1904 жылдан бастап оның бір беті түгелдей кескін бейнелерге арналды да, екінші бетіне хаттың мәтіні мен мекен жәйі жазыла бастады. Музей үшін – әрбір ашық хат бағалы тарихи нұсқа. Бейнелік жақтарымен қатар, хат мәтінінде тарихи сипаттағы қызықты мәліметтер болуы мүмкін.Ашық хатты тұтастай алғанда, модерн кезеңінің көркемдік пен мещандықтың сипатын жинақтаған рухани символы ретінде деп есептеуге болады. Иллюстрацияланған ашық хаттар –  почта және баспа ісінің, өнер, туризм, адамзат қарым-қатынасының түйісуінде пайда болған қызықты құбылыс.… Read More »Уақыттың визит карточкасы
  • Өскемен қалалық училищесінің 135 жылдығына
    ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ УЧИЛИЩЕСІНІҢ 135 ЖЫЛДЫҒЫНА             Қаланың тарихында білім беру, мектептер, мұғалімдер мен оқушылар  — ең бір қызықты тақырып. Әсіресе, қаланың байырғы тұрғындары үшін осынан жүз жыл бұрын қалай болғаны тым қызықты. Осы күнге дейін музейге келушілер революцияға дейінгі білім беру бөліміндегі фотосуреттердерден өздерінің әжелері мен аталарын тауып жатады. Тарихи-өлкетану музейінде қаланың тарихында із қалдырған оқу орындары, мұғалімдері, түлектері  туралы құжаттардың үлкен коллекциясы, фотографиялар жинақталған. Қазір біз соның бірі – Қалалық ерлер училищесіне тоқталамыз. Осыдан 135 жыл бұрын, 1881 жылы кімге бастауыш училище аздық ететін және балаларын басқа қалаларға, мәселен Семейге, немесе, Омскіге оқуға жібере алмайтындар үшін жалпы білім беретін… Read More »Өскемен қалалық училищесінің 135 жылдығына

Күшбірліктен шыққан мемлекет қайраткері – Жұмажан Тәттібаев

03.08.2023

Жұмажан Тәттібаиұлы 1902 жылы Семей губерниясы, Өскемен үезі, Сібе болысының (Қазіргі Ұлан ауданы) Бәитеке ауылында туған, руы бұлғақ. Алғашында ауыл мектебінде білім алып, кеиін 15 жасынан Семей қаласына кәсіпорынға жұмысқа кіріп, білімін жалғастырған…

Уәзипа Күленова-Майжолова

02.08.2023

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қараөзек ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген.Алғашында ауылдағы бастауыш мектептен оқып кеиін Өскемендегі жетіжылдық мектепті бітіреді.1928 жылы оқуды бітіргеннен кейін «Қызыл киіз үйде» әиелдерді ұйымдастырушы болып жұмыс істеді. 1929 жылы Күленов Зәки деген азаматқа тұрмысқа шығады…

Қызыл профессура университетін бітірген Ұландық Қазғұмар бақсының қобызы

25.07.2023

Зәки Ахметов Шығыс Қазақстан облысы қазіргі Ұлан ауданы Ахмер ауылында 1902 жылы дүниеге келген. Әкесі Құсайын қажы, бөрте руынан шыққан ауқатты, сауатты адам болған…

24.05.2023

«Мұнда қайғы мен қасірет мәңгі қалады!»

Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жыл сайын облыстық тарихи-өлкетану музейінде түрлі іс-шаралар өтіп келеді. Биыл атаулы датаға байланысты музейінде «Таңбаланған. Адамдар және тағдырлар» атты экспозициялық көрме ашылады…

ШҚО археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту Бағдарламасын іске асыру барысы туралы

19.04.2023

Шығыс Қазақстанның табиғаты ерекше жомарттықпен жаратылған. Бұл – аттары желмен жарысқан, бозторғайдың сайрауы боз бетегенің суылымен, бұлақтың сыңғырымен, құмның сыбдырымен, сарышұнақтың шиқылымен үндескен  еркін даланың әлемі. Қарлы шыңдардың арасынан дәмі тіл үйірер мөлдір таза сулы ағысты өзендер бастау алады. Қанық жасыл түсті шалғындардан жас шөп пен шайырлы аршаның иісі самал желмен мүңкиді. Аспан төңкерілгендей көгілдір, тұнық көлдер. Мұның бәрі бір кездегі құдіретті патшалар мен жауынгер халықтардың жері. Үлкен қорғандар, көне ғибадатхана қабырғалары, жартасқа салынған суреттер  даңқты кезеңдер мен сол кездегі халықтың белгісіндей болып, өткен ғасырлардан осы күндерге дейінгі сәттерден сыр шертеді…

Әйгілі Берел ханшасының косметикалық жиынтығы

09.03.2023

Өткен 2016 жыл біздің облыста облыс әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен жасалған «Шығыс Қазақстан облысындағы археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» бойынша жұмыс істейтін археологтар үшін өте сәтті жыл болды…

Тас үңгірлердегі сансыз қазына…

06.03.2023

Бәріне белгілі, облысымыз аумағының сексен пайызын ғажайып тау жоталары алып жатыр. Қазақтың кең байтақ даласының  қай жеріне барсаң да  таулы алқапқа шыға келесін. Біздің қаламыз да тау арасында тұр. Қалың тау жыныстарының түкпірінде мыңдаған жылдар бойы әртүрлі табиғи құбылыстар орын алады және олардың кейбірі үңгірлердің пайда болуына ықпал етеді…

Өскемендегі қалалық училищенің 140 жылдығына орай

02.03.2023

Қалалық училищенің, кез-келген оқу орнының сияқты, өзінің ішкі өмірі болды. Бұл көбінесе мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасына, сонымен қатар қалалық оқиғаларға да байланысты болды…

30.01.2023

Ана тілі ұлттық дәстүрдің мызғымас бөлігі

Ана тілі кез келген халықтың сарқылмас байлығы, асыл қазынасы, мәңгілік мұрасы. Тіл қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің, ұлттық мақтанышы. «Тілін білмеген түбін білмейді» деген өсиет бекер айтылмаған…

Қазғұмар бақсының қобызы

23.11.2022

Күршім ауданы Қойтас ауылынан шыққан адамдардың ішіндегі ең атақты деп, Қазғұмар бақсыны атайды. Кезінде Қазғұмар бақсының аты бүкіл Арғын-Найманға белгілі болыпты. Қазғұмардың атасы Күнтуар атақты бақсы болып, одан бұл қасиет немересі Қазғұмарға берілген екен. Бақсының жеңіл-желпі ауруларды үшкіргенін айтпағанда, ауыр дертке ұшырағандарды да емдету үшін оны шалғай өңірлерден қос атпен әдейілеп алдырады екен…

25.08.2022

Тарихи-өлкетану музейінде «Филокартия» деген шифрмен жасырылған коллекция бар. Сіздің бұл не экспонаттар деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл Ресейде 1897 жылы пайда болған почта открыткалары, яғни почта «ашық хаттары»…

Өскемен қалалық училищесінің 135 жылдығына

02.08.2020

Қаланың тарихында білім беру, мектептер, мұғалімдер мен оқушылар – ең бір қызықты тақырып. Әсіресе, қаланың байырғы тұрғындары үшін осынан жүз жыл бұрын қалай болғаны тым қызықты. Осы күнге дейін музейге келушілер революцияға дейінгі білім беру бөліміндегі фотосуреттердерден өздерінің әжелері мен аталарын тауып жатады. Тарихи-өлкетану музейінде қаланың тарихында із қалдырған оқу орындары, мұғалімдері, түлектері туралы құжаттардың үлкен коллекциясы, фотографиялар жинақталған…