Skip to content
Басты бет » «Ақбауыр археологиялық кешенінің зерттеу жұмыстары. 2024» сұхбат.

«Ақбауыр археологиялық кешенінің зерттеу жұмыстары. 2024» сұхбат.

    Спикер: Жалпы тарихты, археологияны және этнографияны ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің тарихшы маманы — Меделбек Шұғыла тел. 87771891476

    Өткізу уақыты: 15.07.2024 ж.

          Ақбауыр — Ертістің жоғарғы бөлігіндегі бірегей табиғи-тарихи ескерткіш. «Ақбауыр» термині Бестерек, Б.Өтепов, Мамай батыр ауылдарымен шектелген ауданға қатысты қолданылады. Оның орталық бөлігінде Ақбауыр шатқалы орналасқан. Ақбауыр Өскемен қаласынан 38 км қашықтықта, Ақбауыр өзенінің жоғарғы жағында, Сағыр ауылының қасында, Қоржымбай тауының етегінде орналасқан. 

    Мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін елдің әр түкпірінде археологиялық зерттеулер үздіксіз жүргізіле бастады. Археологтар тапқан жәдігерлер мемлекетіміздің рухани дамуына үлкен үлес қосуда.

     Қазіргі таңда ШҚО ерте темір дәуірінде өлкені мекендеген сақ тайпаларының бірнеше жүз ескерткіштері анықталды. Ақбауыр археологиялық кешені ескерткіштеріндегі жұмыстар ерте көшпенділердің мәдениетіне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Қорық аумағында әр түрлі уақыттағы ескерткіштер бар, олардың арасында халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен және металлургиямен айналысқан ерте темір дәуіріндегі әртүрлі елді мекендер үлкен маңызға ие. Археологиялық ескерткіштерді зерделеу нәтижесінде Қазақстанның ежелгі, ортағасырлық тарихы мен мәдениетіне тікелей қатысы бар көптеген құнды деректер жинақталды.         

    Сұхбат барысында біз құнды жәдігерлермен және Ақбауыр тарихи-археологиялық кешенінде археологтар, профессор Зайнолла Самашев бастаған зерттеушілер тобы ашқан жаңалықтармен таныстырамыз.

     Мақсаты: Көрермендерді өлке тарихымен таныстыру, археологиялық зерттеулердің маңыздылығын көрсету.  

     Іс-шараны ұйымдастырушылар: ШҚО Мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ.

    Бөлісу/Поделиться:

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *