17 маусым күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде әлемге әйгілі жазушы, философ, қоғам қайраткері, біздің жерлесіміз Г.Д. Гребенщиковтың туыстарымен кездесу өтті. Мәскеу қаласынан жазушының шөберелері Николай Сергеевич Шмитько, Георгий Николаевич Гребенщиков және жиен-шөбересі Александр Сергеевич Шрамко музейге келді. Қонақтар үшін музей залдарына экскурсия ұйымдастырылып, «Город Усть-Каменогорск в судьбе большого писателя» фильмі назарларына ұсынылды. Кездесу «По местам Гребенщикова в Усть-Каменогорске» тақырыбы бойынша жаяу аралау экскурсиясымен аяқталды. Қонақтар жазушының көзі тірісінде Чураевкадағы (АҚШ) «Алатас» баспаханасында басылған «Чураевы» — «Веления земли» (1926 г.) көптомдық эпопеясынан алынған романның шынайы көшірмесін және Д.Г. Гребенщиковтың немересі Людмила Анатольевна Гребенщикованың «Солнце в тучах» атты жаңа өлеңдер жинағын тарту етіп, музейдегі Гребенщиков қорын баға жетпес сыйлықтармен толықтырды.
Басты бет » 17 маусым күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде әлемге әйгілі жазушы, философ, қоғам қайраткері, біздің жерлесіміз Г.Д. Гребенщиковтың туыстарымен кездесу өтті