Облыстық тарихи-өлкетану музейі
Ә.Әбілханқызы. — «Сидоркин қылқаламындағы Абай әлемі»
Биылғы маусымның шуақты мезгілінде графикалық суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның Халық суретшісі Евгений Матвеевич Сидоркиннің туған күні. Еліміздің отандық сурет өнерінде есімі өнерімен әйгілі Евгений Матвеевич Сидоркиннің туғанына 95 жыл. Ол бейнелеу әлемінде тек график-суретші ретінде ғана емес, қазақ руханиятының терең тұңғиығына үңілген санаулы суретшілердің бірі ретінде танымал. Ол нағыз рухтың суреткер ретінде Халық суретшісі атағына ие болған. Оның шығармашылық ғұмыры – қазақ халқының болмысын, тылсым жан-дүниесін бейнелеуге… Read More »Ә.Әбілханқызы. — «Сидоркин қылқаламындағы Абай әлемі»
С.Ж.Ғайса — Тағдырдың қиын жолын кешкен тұлғалар
Біздің өлкеден шыққан, Сталиндік репрессияларға ұшыраған бірақ сынбаған,Теміртаулық әйгілі металлургтер — Майжоловтар династиясы туралы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы тұрып жатқан Ұлан ауданындағы Кокжарлы жарты, бөрте руынан шыққан Майжоловтар ұрпақтарының өмірдегі жолыққан қиын да қилы тағдыры, оқумен және адал еңбектерімен салған даңғыл жолдары, айтарлықтай жетістіктері көңілді толғандырады. Ол жайлы алғашында екі жыл бұрын Алматы қаласында тұратын Уәзипаның қызы Клара апайдан біраз мәлімет пен көне фотолар қолыма тиді, кейін Теміртаулық Мирасұлы Юрий… Read More »С.Ж.Ғайса — Тағдырдың қиын жолын кешкен тұлғалар
2025 жылғы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен оқушылар арасындағы интеллектуалдық викторина-куиз сәтті аяқталды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Викторина барысында оқушылар өңірдің тарихы мен мәдениетіне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, танымдық қабілеттерін көрсетті. Шығармашылық ойлау мен білімге деген құштарлықтарын байқатқан қатысушылар белсенділік танытты. Іс-шараның қорытындысында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар тартымды сыйлықтармен марапатталды. Мұндай шаралар болашақта да өңірдің тарихи және мәдени мұрасын дәріптеуге ықпал ететініне сенімдіміз.
С.Ж.Ғайса — Мәскеу мен Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысының ардагері болған жерлесіміз Қайдар Құмарбеков туралы
Қайдар Құмарбеков 1990-2000 жылдары Мәскеу қаласы және Ресейдегі қазақ қоғамдық этномәдени қозғалысының ардагері, «Мурагер» қазақ мәдениетінің мәскеулік қоғамы «өңірлік ұйымының құрметті Президенті,» Қазақ тілі «қоғамының ақсақалдар Кеңесінің төрағасы болып қызмет еткен жан. Ол кісі менің есімде ақ көңілдігімен қарапайымдылығымен, мәдениеттілігі және жылышыраилығымен қалды. Қашан кездессекте : «қарағым аманбысың, үи жайың туған туыстарың амандықта ма?» деп аңқылдап тұрушы еді. Мәскеуге келсең міндеті түрде кел, тек қана хабарлассаң болғаны өзім келіп тауып… Read More »С.Ж.Ғайса — Мәскеу мен Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысының ардагері болған жерлесіміз Қайдар Құмарбеков туралы
С.Ж.Ғайса — Соғыс жылдары Қызылорда облысына басшылық жасаған даңқты жерлесіміз Төлебайұлы Рақымбай жайлы
Бүгінгі әңгімеміз даңқты жерлесіміз Рақымбай Төлеубаев жайлы болмақ. Рақымбай аға 1910 жылы 25 шілдеді жылы Ұлан ауданы Қызылтас ауылында туған. Жалғызтал ауылдық Кеңесіне қатысты Қайыңдыбұлақ (қазіргі Баяш) ауылында жастық шағын өткізген Өзі найманның көкжарлы, бөрте руының өкілі. Әкесі Төлебай кезінде бүкіл аймаққа белгілі пешші маман болыпты. Ата анасынан ерте айырылған Рақымбай аға өз отбасына және жетім қалған туысқан аға інілеріне де пана болған екен. Жастайдан қиыншылықты көп көрген балаға шаруаға ерте аиналысуға… Read More »С.Ж.Ғайса — Соғыс жылдары Қызылорда облысына басшылық жасаған даңқты жерлесіміз Төлебайұлы Рақымбай жайлы
К.Т.Уалиева — Дін мен дәстүр
Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы зор. Дін-адамдық қасиетттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр — ұлт болып, қалыптасу үшін қажет. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері бар. Еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуы, ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ халқы ұлттық дәстүрге ерекше мән берген. Дәстүр — ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын… Read More »К.Т.Уалиева — Дін мен дәстүр
Бакбаева Альфия — «Ұлы дала жәдігері қызығушылық тудыруда»
Шығыс Қазақстанның бай рухани және мәдени мұрасы – Ұлы дала құндылықтарынсақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген халықтың айнасы іспеттес. Елеке Сазы жазығынан сақ дәуіріне тиесілі алтын бұйымдардың табылуы, соның ішінде ерекше тікенеті әшекейдің табылуы, бұл өңірдің көне тарихы мен мәдениетінің тағы бір мәрте дәлелдегендей. Отандық археологтар ел тарихын зерттеу мен насихаттауда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Қасиеті мен киесін көзінің қарашығындай сақтап, ізгілік мұраттарын жанына серік… Read More »Бакбаева Альфия — «Ұлы дала жәдігері қызығушылық тудыруда»
ҚАЗАҚТЫҢ РУ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУШІ — ЖАС ҒАЛЫМ
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында біреу біліп, біреу білмейтін, бар-жоғы екі жүзден асатын тұрғынға мекен болған – Бестерек ауылы бар. Өскемен қаласынан қырық шақырымдай жерде орналасқан ауыл өте шағын болғанымен, қойнауы тұнып тұрған тарих, сонау көне заманнан кейінгі ортағасырларға дейінгі археологиялық ескерткіштерге бай. Бұнда ғасырлық тарихы бар Шөже мектебінде Қазақстаннның Халық қаhарманы Қасым Қайсенов, Кеңес одағының батырлары Ізғұтты Айттықов, Төлеген Тоқтаровтар білім алған, сондай-ақ, осы өңірдегі алғаш медресе ашқан… Read More »ҚАЗАҚТЫҢ РУ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУШІ — ЖАС ҒАЛЫМ