Мұрағат Қызметкердің жарияланымдары - Page 2 of 4 - Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Skip to content
Басты бет » Қызметкердің жарияланымдары » Page 2

Қызметкердің жарияланымдары

Нурғалиева А.С. — «Теңге кеше және бүгін!» жылжымалы көрме

      «Теңге кеше және бүгін!» жылжымалы көрме Жоспарға сәйкес, 2025  жылдың 13-қараша Ұлттық валюта – теңге күніне арнарған жылжымалы көрме  өткізілді.     Төл теңгенің тарихы 1990 жылдары бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, әр республика өзінің тәуелсіздігін жариялаған соң, тәуелсіз елдер бірінен соң бірі ұлттық валютасын бекітіп, айналымға енгізе бастады. Аталған тарихи оқиғадан Қазақстан да қалыс қалмады. Осылайша, 1993 жылдың 12 қарашасында елімізде ұлттық валюта туралы жарлыққа қол қойылды. 15 қарашадан… Read More »Нурғалиева А.С. — «Теңге кеше және бүгін!» жылжымалы көрме

    Бөлісу/Поделиться:

    Сәкен Ғайса — Екінші дүниежүзілік соғысты батыстан бастап Қиыр шығыста аяқтаған батальон командирі жерлесіміз – Қалисар Кабдулинов.

        Ұландық соғыс ардагері Қалисар Кабдуллинов 1940 жылдан 1976 жылға дейін 36 жыл әскери қызметте болған адам.  Екінші дұниежүзілік соғысқа 1942 жылдың қыркүйегінде кірді. Бірақ ретімен әңгімелесек.       Қалисар аға 1920 жылы 15 қазанында Ұлан ауданына қарасты қазіргі Бестерек ауылының маңындағы Көктау тауының түбіндегі кішкене ауылда дүниеге келді. Балалық шағы Өскемен қаласында өтті.Сегізінші  класты бітіргеннен кейін Семей саяси-ағарту техникумына түсті.         Ол  кезде әр бала ұшқыш болуды армандайтын. Қалисар аға… Read More »Сәкен Ғайса — Екінші дүниежүзілік соғысты батыстан бастап Қиыр шығыста аяқтаған батальон командирі жерлесіміз – Қалисар Кабдулинов.

      Бөлісу/Поделиться:

      Сабырбаева Б. С. — «Алаша — өрнекке айналған халық шежіресі»

              «Алаша — өрнекке айналған халық шежіресі»   Алаша тоқу — ұлтымыздың жүрегінен жаралған, сан ғасырдың сарынын сақтаған ерекше өнер. Бұл жай ғана тұрмыстық зат емес, бұл — әр тал жіпке, әр өрнекке шебердің жанын, ананың мейірімін, даланың бояуын сіңірген ұлы мәдениет үлгісі. Түсті жүннен иірілген алашаның әрбір иірімі — бір тарих, әр өрнегі — бір ұлттың болмысы. Қазақтың байырғы көшпелі тұрмысында алаша тек төсеніш болумен шектелмеген. Ол… Read More »Сабырбаева Б. С. — «Алаша — өрнекке айналған халық шежіресі»

        Бөлісу/Поделиться:

        Майжолов М. М. — Біздің өлкеден шыққан, Сталиндік репрессияларға ұшыраған бірақ сынбаған,Теміртаулық әйгілі металлургтер — Майжоловтар династиясы туралы

          Тағдырдың қиын жолын кешкен тұлғалар Біздің өлкеден шыққан, Сталиндік репрессияларға ұшыраған бірақ сынбаған,Теміртаулық әйгілі металлургтер — Майжоловтар династиясы туралы  Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы тұрып жатқан Ұлан ауданындағы  Кокжарлы жарты, бөрте руынан шыққан Майжоловтар ұрпақтарының өмірдегі жолыққан қиын да қилы тағдыры, оқумен және адал еңбектерімен салған даңғыл жолдары, айтарлықтай жетістіктері көңілді толғандырады. Ол жайлы алғашында екі жыл бұрын Алматы қаласында тұратын Уәзипаның қызы Клара апайдан біраз мәлімет пен көне фотолар қолыма… Read More »Майжолов М. М. — Біздің өлкеден шыққан, Сталиндік репрессияларға ұшыраған бірақ сынбаған,Теміртаулық әйгілі металлургтер — Майжоловтар династиясы туралы

          Бөлісу/Поделиться:

          Ғайса С. Ж. — Мәскеу мен Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысының ардагері болған жерлесіміз Қайдар Құмарбеков туралы

            Қайдар Құмарбеков 1990-2000 жылдары  Мәскеу қаласы және  Ресейдегі қазақ қоғамдық этномәдени қозғалысының ардагері, «Мурагер» қазақ мәдениетінің мәскеулік қоғамы «өңірлік ұйымының құрметті Президенті,» Қазақ тілі «қоғамының ақсақалдар Кеңесінің төрағасы болып қызмет еткен жан. Ол кісі менің есімде ақ көңілдігімен қарапайымдылығымен, мәдениеттілігі және жылышыраилығымен  қалды. Қашан кездессекте : «қарағым аманбысың, үи жайың туған туыстарың амандықта ма?» деп аңқылдап тұрушы еді. Мәскеуге келсең міндеті түрде кел, тек қана хабарлассаң болғаны өзім келіп тауып… Read More »Ғайса С. Ж. — Мәскеу мен Ресейдегі қазақ этномәдени қозғалысының ардагері болған жерлесіміз Қайдар Құмарбеков туралы

            Бөлісу/Поделиться:

            Соғыс жылдары Қызылорда облысына басшылық жасаған даңқты жерлесіміз Төлебайұлы Рақымбай жайлы

                Бүгінгі әңгімеміз даңқты жерлесіміз Рақымбай Төлеубаев жайлы болмақ. Рақымбай аға 1910 жылы 25 шілдеді  жылы Ұлан ауданы Қызылтас ауылында туған. Жалғызтал ауылдық Кеңесіне қатысты Қайыңдыбұлақ  (қазіргі Баяш) ауылында жастық шағын өткізген Өзі найманның көкжарлы, бөрте руының өкілі. Әкесі Төлебай кезінде бүкіл аймаққа белгілі пешші маман болыпты. Ата анасынан ерте айырылған Рақымбай аға өз отбасына және жетім қалған туысқан аға інілеріне де пана болған екен. Жастайдан қиыншылықты көп көрген балаға шаруаға ерте… Read More »Соғыс жылдары Қызылорда облысына басшылық жасаған даңқты жерлесіміз Төлебайұлы Рақымбай жайлы

              Бөлісу/Поделиться:

              Бакбаева А. Н. — «Ұлы дала жәдігері қызығушылық тудыруда»

                     Шығыс Қазақстанның бай рухани және мәдени мұрасы – Ұлы дала құндылықтарынсақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген  халықтың айнасы іспеттес.       Елеке Сазы жазығынан сақ дәуіріне тиесілі алтын бұйымдардың табылуы, соның ішінде ерекше тікенеті әшекейдің табылуы, бұл өңірдің көне тарихы мен мәдениетінің тағы бір мәрте дәлелдегендей. Отандық археологтар ел тарихын зерттеу мен насихаттауда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп келеді.       Қасиеті мен киесін көзінің қарашығындай сақтап, ізгілік мұраттарын жанына серік… Read More »Бакбаева А. Н. — «Ұлы дала жәдігері қызығушылық тудыруда»

                Бөлісу/Поделиться:

                Тұмар тағу түркінің көне дәстүрі

                  Тұмардың тарихы тереңде жатыр. Тұмар тағу ырымы түркілік дәстүрдің айқын көрінісі болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған, ерте темір дәуірі кезінде  өмір сүрген,  сақ тайпалары моншақ тастарды, ұлу қабыршықтарын, жыланның басын, сонымен қатар   аңдардың сүйектерін, құстардың қауырсынын,  азу тістерін, асықтар мен бақайшақтарды мойындарына  тағып жүріп, осы заттар оның  иесіне аңның ептілігін, айласын, қайраттылығын, күшін береді-деген наным сенімде болған.       Тұмар сөзінің этимологиясы көне… Read More »Тұмар тағу түркінің көне дәстүрі

                  Бөлісу/Поделиться:

                  Уалиева К.Т. — Дін мен дәстүр

                    Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы зор.   Дін-адамдық қасиетттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр — ұлт болып, қалыптасу үшін қажет. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері бар. Еліміздің  ұлан-байтақ жерді алып жатуы, ғасырлар бойы  халқымыздың бойындағы батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ халқы ұлттық дәстүрге ерекше мән берген.  Дәстүр — ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын… Read More »Уалиева К.Т. — Дін мен дәстүр

                    Бөлісу/Поделиться:

                    Ғайса С. Ж. — ҚАЗАҚТЫҢ  РУ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУШІ  — ЖАС ҒАЛЫМ

                          Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында біреу біліп, біреу білмейтін, бар-жоғы екі жүзден асатын тұрғынға мекен болған – Бестерек ауылы бар. Өскемен қаласынан қырық шақырымдай жерде орналасқан ауыл өте шағын болғанымен, қойнауы тұнып тұрған тарих, сонау көне заманнан кейінгі ортағасырларға дейінгі археологиялық ескерткіштерге бай. Бұнда ғасырлық тарихы бар Шөже мектебінде Қазақстаннның Халық қаhарманы Қасым Қайсенов, Кеңес одағының батырлары Ізғұтты Айттықов, Төлеген Тоқтаровтар білім алған, сондай-ақ, осы өңірдегі алғаш медресе… Read More »Ғайса С. Ж. — ҚАЗАҚТЫҢ  РУ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУШІ  — ЖАС ҒАЛЫМ

                      Бөлісу/Поделиться: