Skip to content
Басты бет » «Теңге кеше және бүгін!» жылжымалы көрме

«Теңге кеше және бүгін!» жылжымалы көрме

     

    «Теңге кеше және бүгін!» жылжымалы көрме

    Жоспарға сәйкес, 2025  жылдың 13-қараша Ұлттық валюта – теңге күніне арнарған жылжымалы көрме  өткізілді.

     

     

    Төл теңгенің тарихы

    1990 жылдары бұрынғы Кеңес Одағы ыдырап, әр республика өзінің тәуелсіздігін жариялаған соң, тәуелсіз елдер бірінен соң бірі ұлттық валютасын бекітіп, айналымға енгізе бастады. Аталған тарихи оқиғадан Қазақстан да қалыс қалмады. Осылайша, 1993 жылдың 12 қарашасында елімізде ұлттық валюта туралы жарлыққа қол қойылды. 15 қарашадан бастап, ҚР аумағында теңге айналымға енгізіліп, ұлттық ақша ретінде пайдаланыла бастады.

    Ұлттық валютаның айналымға енуіне байланысты ел тарихындағы мынадай үш маңызды датаны атап өтсе болады:

    1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізіледі. Осылайша, ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталған;

    1997 жылдан бері тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен 15 қараша – валюта күні әрі қаржыгерлер күні деп белгіленді;

    1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгіcін бекітті.

    Бүгінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз эмитенті болып табылады.

     

     

     

     

     

    Қор сақтаушысы Айгуль Сабитқызы Нурғалиева

    НШҚО Мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

    Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылындағы филиалы

     

    Бөлісу/Поделиться:

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *