Skip to content
Басты бет » «Ұлы дала жәдігері қызығушылық тудыруда»

«Ұлы дала жәдігері қызығушылық тудыруда»

         Шығыс Қазақстанның бай рухани және мәдени мұрасы – Ұлы дала құндылықтарынсақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген  халықтың айнасы іспеттес. 

         Елеке Сазы жазығынан сақ дәуіріне тиесілі алтын бұйымдардың табылуы, соның ішінде ерекше тікенеті әшекейдің табылуы, бұл өңірдің көне тарихы мен мәдениетінің тағы бір мәрте дәлелдегендей. Отандық археологтар ел тарихын зерттеу мен насихаттауда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп келеді. 

         Қасиеті мен киесін көзінің қарашығындай сақтап, ізгілік мұраттарын жанына серік етіп, Ұлы Даланы мекен еткен қазақ халқы – түбі бір түркі әлемінің ажырамас бөлігі, саф алтыннан киім киген сақтардың ұрпағы. 

         Өздеріңіз білетіндей, Шығыс Қазақстан, республиканың рухани-мәдени орталықтарының бірі болып саналады, ал баға жетпес тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және насихаттау біздің қасиетті борышымыз.

         Осы мақсатта облыста «Шығыс Қазақстан облысында археология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту бағдарламасы» сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарламаны жүзеге асыруда өлке жерін зерттеуге Қазақстанның жетекші археологтары жұмылдырылды: Зейнолла Самашұлы, Әбдеш Тәшкенұлы сынды. Бірлескен жұмыс тамаша нәтиже берді. 

          Шығыс Қазақстандағы әйгілі Елеке Сазы жазығынан сақ дәуіріне жататын, скифтік-сібірлік аң стилінде жасалған алтын бұйымдар табылды. Археологтардың пайымдауынша табылған аң стильндегі ерекше жәдігерлер  сақ патшасының ат әбзелдері үшін арнайы жасалған делінеді.

          Археологтардың ерекше қызығушылығын тудырған бұйымдардың бірі – Тікенекті кулон. Саңылауы бар шар тәріздес, диаметірі – 1,7 см және ұзындығы – 2,3 см шағын конустар түріндегі тікенектер, б.з.б V-IV ғғ. жататын. Археологтардың айтуынша Бұл табылған артефактілер салтанатты ат әбзелдерінің әшекейлері және сақ қоғамының патшасына тиесілі. Тікенекті кулонның таңғажайып дизайны оның фукционалдық мәні мен эстетикалық тұжырымын бірдей дәріптейді. Әрбір бөлшегі терең символизм мен мағынаға ие боларлықтай етіп жасалған, бұл мәдениет пен дәстүрдің дәрежесін көрсетеді. 

          Жәдігерлер ежелгі тұрғындардың оюлап кескідеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, құйма құйып, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жетік меңгергендігін дәлелдейді. Елеке Сазынан табылған құнды жәдігерледің жалпы саны 830 дананы құрайды. 

          Көздің жауын алатын баға жетпес жауһарлар, облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ұлы Дала алтыны» көрмесінен орын алған және де бұл жәдігерлерді көрген әрбір адам тек тарихи мұраны ғана емес, сол дәуірдің мәдениетін, сән-салтанатын көзбен көріп бағалауға мүмкіндік алады.

     

     

    Экспозициялық көрмемен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Бакбаева Альфия Нұрланқызы

    Бөлісу/Поделиться:

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *