Skip to content
Басты бет » Мұрат Құрмантайұлы  Ұлан ауданынан шыққан танымал қаламгер.

Мұрат Құрмантайұлы  Ұлан ауданынан шыққан танымал қаламгер.

    Жуықтамаған Ұландық «Көктау нұры» газетінің бас редакторы Жамсап Шыңғысұлы Жанғозин ағамыз қабарласқан еді, Сәкен бауырым келесі жұмада баспа күні мерекесі еді. Осы шараға Ұландық ағамыз Мұрат Әміренов туалы бір мақала шықса жарар еді, қолға аласыңба деп сауал қойды. Өзімнің жақсы көретін, қатты сыйлайтын ағаларымның бірі болғандықтан, сөзге келмей әрине қолымнан келгенін жазайын деп уәде бердім.

     Әміренов Мұрат Құрмантайұлы (1939 ж.) – ағамыз өте қарапайым адам, өзі жазушы, журналист, Қазақстанның Журналистер одағының мүшесі бола тұра ешқашан ол атақтарын бұлдаған емес. Мен ол кісіні сонау 90 жылдардан «Коммунизм туы» газетінде журналист болып қызмет істеп жүрген кезден білемін. Өзім ол кезде әкімшіліктің ішкі саясат саласында жұмыс істеп, қызмет бабында материалдар жазып қоғамдық саяси бөлімге апарып жүретінмін. Мүрат аға әрқашан да жылы қарсы алып жазып әкелгендерімді  сабырлықпен қарап ақыл кеңесін беріп жүретін. Кейінірек жақын танысып ол кісінің турашыл, әділетшіл, отаншылдық көзқарастарын ұнатып араластым,өзім жұмыс істеп отырған қорға Қоғамдық жұмысқа тарттық. Мұрат аға зеинеткерліктесіз қолыңыз бос, білеріңіз мол бізбен болыса жүріңіз деп. Ол кісі де ол кезде қоғамдық жұмыс атқарып Облыстық ақсақалдар алқасында орынбасар болып жүрсе де, тартыншақтанбай жарайды деп келісімін берді. Біздің қор ол кезде аз қамтылған жандарға шағын несие берумен аиналысатын.Көптеген жетістіктерге жеткен несие алушыларымыз туралы Мұрат аға мақалалар жазып, олардың ерен еңбектерін облыс газеттері беттерінен елге паш еткен еді. Кейінірек қордың үилестіру Кеңесіне кіріп онда да бай тәжірибесімен бөлісіп, ақыл кеңестерін беріп отырды.Қазір де тығыз қатынастамыз.

    Ал енді Мұрат ағаның өмір баяны туралы сыр шерте кетейік: Мұрат Әміренов 1939 жылы 16 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тегісшіл ауылында дүниеге келді. 1957 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірді. Еңбек жолын 1957-1961 жылдар арасында Ұлан аудандық мәдениет бөлімінде жүргізуші болып бастады. 1961 жылы Алматы қаласындағы КазГУ-дың филология факультетіне оқуға түсті. Екінші курстан әскери борышын өтеуге Ташкент қаласына аттанды. 1965 жылы әскери борышын өтеп болған соң Алматыдағы оқуын қайта жалғастырды.

    1969 жылдан Мұрат Құрмантайұлының журналистік қызметі Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінен басталды. 2006 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін осы газетте қызмет етті. Қазақстан журналистер Одағының мүшесі. Есімі басқа да танымал адамдармен қатар Шығыс Қазақстан энциклопедиясына кірген.

    1978 жылы Мұрат Құрмантайұлы Мәскеу қаласында өткен экономика тақырыбында жазатын Бүкілодақтық журналистер слетіне қатысқан. Екі мәрте Қазақстан журналистер одағы сьезіне делегат болды. Шығысқазақстандық делегаттар қатарында «Ана тілі», (қазіргі«Қазақ тілі») халықаралық қоғамының бірінші Құрылтайына қатысты.

    Зейнеткерлікке шыққаннан бері шығармашылықпен айналысуда. «Жүрек сыры», «Адамдар. Жылдар. Тағдырлар», «Өмір өрнектері» кітаптарының авторы. Ұлан ауданының 80 жылдық мерейтойына орай шығарылған «Ұлан есімі – ұлағат бесігі» атты энциклопедиясын, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай шығарылған «Все для фронта! Все для Победы!» и «Сильные духом!» жинақтарын құрастырушылардың бірі.

    Мұрат ағаның бір қасиеті көп жылдан бері Өскемен қаласының тұрғыны бола тұра,өзінің туып өскен Ұлан ауданында болып жатқан жаңалықтар мен проблемаларға құлақ түре жүреді, және де әрқашан араласып, қолынан келгенше олардың шешілуіне ат салысып  жүреді.

    Соның бір дәлелі ретінде Қасым Қайсеновтың 80 жылдық мерейтойын ұландықтар  атап өтіп жатқандағы бір уақиғаны еске ала кетсем. Аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиналыста бүгінде марқұм болған журналист, жазушы ағамыз Мүсілім Құмарбеков мінберге көтерілген еді. Ол сөзінің аяғында: «Құрметті жерлестер! Осы кентті Молодежное деп қашанға шекті атай береміз? Соны өзгертетін уақыт жеткен сияқты. Кент атауына бүгін мерейтойы өтіп жатқан Қасым аға Қайсеновтың есімі сұранып тұр емес пе!» деп ел күтпеген ұсыныс жасап еді. Жазушыдан кейін іле-шала сөз алған Сапарғалиев Нұрғазы ағамыз: «Кәне, жерлестер, жаңағы ұсынысты қолдайтындарыңыз қол көтеріңіздер!» дегенде, зал толы жұрт дүр сілкініп, бір кісідей қол көтерген болатын.

    Осы жиынға мен де қатысқанмын, осының бәрін өз құлағыммен естіп, өз көзіммен көрген куәгермін. Осыдан кейін әлгі ұсыныстың тағдыры қалай боларын күткенмін.

    Салтанаты жиында көтерілген осы өзекті мәселе көмескілене бастағанда облыстық «Дидар» (15.09.2009ж.) газетінің бетінде қашанда өткір тақырыптарға қалам сілтеп жүретін журналист Мұрат Әміреновтың «Молодежноеға Қасым Қайсеновтың есімін беру керек» атты көлемдімақаласы жарық ете түсті. «…Кезінде бұл атау дұрыс та болған шығар. Ал, қазіргі кезеңде ол маңыздылығын мүлде жойды. Тіпті, аудан орталығы үшін Молодежное деген атау салиқалы емес» деп кесіп жазыпты автор. Қуана оқып шықтым да, өзіме жақсы таныс Мұрат ағамен хабарластым. Одан әрі қарайғы әрекеті қалай боларын сұрадым. Ол бұл мақала бойынша облыстық ақсақалдар Кеңесі аудан әкімі Бақыт Үйсінбаевқа арнайы ұсыныс хат дайындап жатқанын айтты. Автордың өзі де осы қоғамдық ұйым төрағасының орынбасары болғандықтан бір нәтиже шығарына сендім.Сөйтіп жүргенде ол әкім ауысып кетті. Оның орнына Мұрат Жомартов деген жас әкім келді. «Жазған құлда жазық жоқ» дегендей, Нұрғазы аға екеуміз енді ауданның жаңа басшысын жағалауға кірістік. Ардагер ағамызға дән ризамын, алған бетінен қайтпады, ащына сөйлеп, әкімнің жігерін жанитындай кесек сөздер айтты. Жаңа әкім кешіктірмей мәселені оңды шешетініне уәде берді. Обалы не керек, ол берген уәдесінде тұрды, көп ұзамай аудандық ономастикалық комиссияның кент атауын өзгерту жөніндегі шешімі шықты. Арғы жағында тоқтау болған жоқ, облыстық және республикалық ономастикалық комитеттер мәселені сөзбұйдаға салмады. Нұрғазы аға жоғары жақтағы біреулермен хабарласып отырды білем, бір күні: «Мұрат, еңбегіміз еш кетпеді, бірер күннен кейін Үкімет Қаулысы шығады» деп телефон соғып, шүйінші сұрады. Нұрағаның айтқаны айдай келді» деген еді Мұрат Құрмантайұлы жүйкелерін тоздырған сол бір кезеңді еске алғанында.

    Иә, Молодежное атауы ағаларымыздың ынта-жігерлері мен табандылықтарының арқасында осылайша өзгертілген болатын. Менің ендігі айтарым ұландық жерлестерім Молодежное атауының қалай өзгергенін, оған кімдер үйытқы болғанын біліп жүрсе деймін. Бүгінде тоқсанның тұғырындағы Нұрғазы ағамыздың есімі аға буын өкілдеріне жақсы таныс. Ол бар саналы ғұмырын Ұлан ауданының өсіп, өркендеуіне арнады. Ұзақ жыл аудандық партия комитетінің ауылшаруашылығы жөніндегі хатшысы болып еңбек етті, осы қызметтен зейнеткерлікке шықты. «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, Ұлан ауданының құрметті азаматы.

    Мұрат Құрмантайұлы Еңбек жолын өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында Ұлан аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб жүргізушісі болып бастаған. Оны Ұлан топырағынан шыққан айтулы журналистердің бірі десек болар. Қырық жыл облыстық «Дидар» газетінде істей жүріп, туған ауданының әлеуметтік-экономикалық жағынан өсіп, өркендеуін көрсететін сан алуан мақалалар жариялады. Ұландық еңбек озаттары жайлы жазған очерктері мен суреттемелерінің өзі бір кітапқа арқау боларлықтай. Ұлан ауданының 80 жылдық мерейлі мерекесіне орай жарық көрген «Ұлан есімі–ұлағат бесігі» атты көлемді анықтамалық кітапты шығарушылардың бірі болды.

    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақ баспасөзіне сіңірген зор еңбегі үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған, «Қазақстанның Құрметті журналисі», «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атақтарына ие болған. «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 20 жылдығы», «Еңбек Ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарының иегері. Ана бір жылы Ұлан аудандық әкімдігі «Ұлан ауданына сіңірген ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттаған.

     Мұрат Құрмантайұлын Ұлан ауданының құрметті азаматы атағына лайықты жандардың бірі деп санаймын.

    Сәкен Ғайса

    Қазіргі жастар көп біле бермегендіктен М.Әміреновтың көп жылдар жинаған бай қоржынын да сөз соңында жария еткенді жөн деп білдім.

    М. Әміреновтың шығармалары, Кітаптар

    Әміренов, М. Жүрек сыры [Электрондық ресурс] / М. Әміренов. — Өскемен : Рекламный дайджест, 2009. — 256 б.

    Әміренов, М. Адамдар. Жылдар. Тағдырлар [Мәтін] / М. Әміренов. — Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2010. — 264 б.

    Әміренов, М. Өмір өрнектері [Мәтін] / М. Әміренов. — Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2013. — 286 б.

    Мақалалар

    1971-1978

    Әміренов, М. Жаңа резервтер [Мәтін] / М. Әміренов // Коммунизм туы. — 1971. — 16 октябрь.

    Әміренов, М. Кроссбред -бағалы тұқым [Мәтін] / М. Әміренов // Коммунизм туы. — 1976. — 26 авг.

    Әміренов, М. Алтын жұлдызды келіншек [Мәтін] / М. Әміренов // Коммунизм туы. — 1977. — 4 январь.

    Әміренов, М. Экспонаттар сыры [Мәтін] / М. Әміренов // Коммунизм туы. — 1977. — 16 ноябрь. — Б. .

    Әміренов, М. Балықшының баласы [Мәтін] : очерк / М. Әміренов // Коммунизм туы. — 1978. — 27 декабрь.

    1981-1988

    Әміренов, М. Өз отыңды өшірме [Мәтін] / М. Әміренов // Коммунизм туы. — 1981. — 29 июль.

    Әміренов, М. Берекелі гектарлар [Мәтін] : Марқакөл ауданы / М. Әміренов // Коммунизм туы. — 1983. — 26 октябрь.

    Әміренов, М. Сегіз қырлы, бір сырлы [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 1986. — 28 май. — Б. 4.

    Әміренов, М. Өлке тарихынан сыр шертеді [Мәтін] / М. Әміренов // Коммунизм туы. — 1988. — 23 июнь.

    1990-1999

    Әміренов, М. Бас директор Ахат Куленов [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 1992. — 14 сәуір. — Б. 1.

    Әміренов, М. Аруағыңнан айналайын, Барақ баба [Мәтін] : [Барақ бабаның 290 жылдық тойына орай] / М. Әміренов // Дидар. — 1992. — 22 қазан.

    Әміренов, М. Ораза, айт және наурыз немесе ұлттық мейрамдарымыздың атап өтілуі турасында [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 1993. — 27 ақпан.

    Әміренов, М. Қазағы жоқ [Өскемен] қалалық мәслихат [Мәтін] : (немесе сайлаудан кейінгі сөз) / М. Әміренов // Дидар. — 1994. — 24 наурыз.

    Әміренов, М. Қойшының қоңырқай тірлігі [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 1994. — 28 көкек.

    Әміренов, М. Парламент мүшелерімен кездесу [Мәтін] : [облыс әкімі А. И. Бектемісов Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесіне сайланған депутаттармен кездесті] / М. Әміренов // Дидар. — 1994. — 14 көкек.

    Әміренов, М. Мен қазақ қыздарына қайран қалам [Мәтін] : [милиция полковнигі Ғ. Сәрсекенова жайлы үзік сыр] / М. Әміренов // Дидар. — 1994. — 21 маусым.

    Әміренов, М. Спортты серік еткен дәрігер [Мәтін] : [облыстық өкпе аурулары диспансерінің хирургі Ә. Бәйтіков жайында] / М. Әміренов // Дидар. — 1994. — 2 шілде.

    Әміренов, М. Жануарлар әлемінің жанашыры [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 1994. — 20 қазан.

    Әміренов, М. Әңгіме арқауы — реформаны тереңдету [Мәтін] : [Өскеменде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан] / М. Әміренов // Дидар. — 1994. — 1 желтоқсан. — Б. .

    Әміренов, М. Мені ауыл тірлігі алаңдатады [Мәтін] : [Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты А. Қажыбаев Өскемендік журналистермен кездесу өткізді] / М. Әміренов // Дидар. — 1994. — 6 желтоқсан.

    Әміренов, М. Күміс қасықтың тарихы [Мәтін] : [Самарлық Ұлы Отан соғысының ардагері М. Мәжетовтың естелігі] / М. Әміренов // Дидар. — 1995. — 21 наурыз.

    Әміренов, М. Республикалық семинар-кеңес [Мәтін] : [Өскемен қ. ішкі саясат мәселесі мен жаңа Конституция жобасына арналған аймақтық семинар-кеңес өтті] / М. Әміренов // Дидар. — 1995. — 15 шілде.

    Әміренов, М. Жеті ұйыммен мақсатқа жетеміз бе? [Мәтін] : [Өскемен қ. «Қазақ тілі» қоғамының есеп беру-сайлау конференциясы өтті] / М. Әміренов // Дидар. — 1995. — 23 қыркүйек.

    Әміренов, М. Алтайда аталары әнге салған [Мәтін] : [Ұландық Нұртай ақын туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 1996. — 10 желтоқсан.

    Әміренов, М. Ақын тағдыры [Мәтін] : [О. Бауыржанов (1881-1937)] / М. Әміренов // Дидар. — 1997. — 4 желтоқсан.

    Әміренов, М. Ұстаздардың ұстазы еді [Мәтін] : [облыстың халық ағарту ісінің өркендеуіне үлесін қосқан Б. Қайырбеков туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 1997. — 18 желтоқсан.

    Әміренов, М. Ұл туған қазағымнан дәл осындай [Мәтін] : [М. Есламғалиұлының «Партизан Қасым Қайсенов » атты кітабына лебіз] / М. Әміренов // Дидар. — 1998. — 31 наурыз.

    Әміренов, М. Премьер-министрдің Шығыс Қазақстанға сапары [Мәтін] / М. Әміренов, Т. Посачилина // Дидар. — 1998. — 4 тамыз.

    Әміренов, М. Мен металлург ретінде қалыптастым [Мәтін] : [Н. Назарбаев Өскеменде сайлаушылармен болған кездесуде] / М. Әміренов // Дидар. — 1998. — 29 желтоқсан.

    Әміренов, М. Қылмыспен күрес- баршаның ісі [Мәтін] : [облыстық мәслихаттың сессиясынан] / М. Әміренов // Дидар. — 1999. — 3 сәуір.

    Әміренов, М. Шағын кәсіпкерлікке кең өріс [Мәтін] : [облыстық мәслихаттың кезекті XVІІ сессиясынан] / М. Әміренов // Дидар. — 1998. — 3 шілде. Әміренов, М. Мал құлағы саңырау [Мәтін] : [облыстық мешіттегі кісі өліміне байланысты сот шешімі ] / М. Әміренов, Ғ. Байбатыров // Дидар. — 1999. — 21желтоқсан.

    2000-2009

    Әміренов, М. Ел басының беделі мемлекетіміздің мерейі [Мәтін] : [10 қаңтар Қазақстанда өткен президенттік сайлаудың бір жылдығы ] / М. Әміренов // Дидар. — 2000. – 8 қаңтар.

    Әміренов, М. Ресей консулының «Пугачевшілерге» жаны ашитын сыңайлы [Мәтін] : [ұлттық баспасөз клубында өткен сұқбат ] / М. Әміренов // Дидар. — 2000. – 29 қаңтар.

    Әміренов, М. Техникалық байқаудың жаңа әдістері [Мәтін] : [Өскеменде техникалық байқау өткізу шарттары] / М. Әміренов // Дидар. — 2000. — 1ақпан.

    Әміренов, М. Мәжіліс депутаттарына ризамыз ба ? [Мәтін] : [Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Республика Парламенті депутаттарымен кездесу] / М. Әміренов // Дидар. — 2000. – 15сәуір.

    Әміренов, М. Виталии Метте : «Экономикада ілгері басу бар » [Мәтін] : [2000 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-эконоикалық жағдайдың қортындысы бойынша баспасөз мәслихаты ] / М. Әміренов // Дидар. — 2000. – 14 қазан. — Б. 1.

    Әміренов, М. Ислам-имандылық пен тыныштық [Мәтін] : [Ибрагим қажы Қарнақбайұлының төрт облыстың өкіл имамы болып басқарма төралқасына сайлануы және кеңесте сөз болған мәселелер төңірегінде] / М. Әміренов // Дидар. — 2000. — 12 желтоқсан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Жан әлемі жылы жан [Мәтін] : [Шымқора шаруа қожалығының жетекшісі Ержан Бейсембинов туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. – 20 қаңтар. — Б. 2.

    Әміренов, М. Дін -қуатты күш [Мәтін] : [облыста ислам дініне деген көзқарастың қалыптасуы.Өскемендегі орталық мешіттегі игі істер туралы ] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. – 13 ақпан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция [Мәтін] : [Өскеменде «Тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде Қазақстанның аймақтық дамуы:әлеуметтік экономикалық аспектілер» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Ғалымдар Қазақстанның тәууелсіздік алғаннан бергі қадамдарын әр тұрғыдан көрсетті] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 17 наурыз. — Б. 1.

    Әміренов, М. Сыртқы істер министрінің жұмыс сапары [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 27 наурыз.

    Әміренов, М. Көңілі-дархан, жаны — ізгі [Мәтін] : [ардагер ағамыз Фрунзе Елғазыұлы Жақсылықов туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 22 қыркүйек. — Б. 2.

    Әміренов, М. Шемонайхалықтар еңбек рыногын реттеп келеді [Мәтін] : / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 17 наурыз. — Б. 2.

    Әміренов, М. Сыртқы істер министрінің жұмыс сапары [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 27 наурыз.

    Әміренов, М. Шемонайхалықтар еңбек рыногын реттеп келеді [Мәтін] : / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 17 наурыз. — Б. 2.

    Әміренов, М. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция [Мәтін] : [Өскеменде «Тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде Қазақстанның аймақтық дамуы:әлеуметтік экономикалық аспектілер» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Ғалымдар Қазақстанның тәууелсіздік алғаннан бергі қадамдарын әр тұрғыдан көрсетті] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 17 наурыз. — Б. 1.

    Әміренов, М. «Жолың болсын Жеңісбек» [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 22 наурыз. — Б. 4.

    Әміренов, М. Әндерін ұлы Мұқаң ұнатқан сазгер [Мәтін] : [қазақ ән өнерінде шоқтай жарқырап, жұлдыздай ағып түскен жерлес сазгер Бекен Жамақаев туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 28 сәуір. — Б. 5.

    Әміренов, М. «Вальс королі» атанған сазгер Бекен Жамақаевтың есімі ескерусіз қала бере ме? [Мәтін] / М. Әміренов // Егемен Қазақстан. — 2001. — 30 мамыр. — Б. 11.

    Әміренов, М. Оралмандар мәселесі оңды шешіліп келеді [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 23 маусым. — Б. 2.

    Әміренов, М. Парламент мәжілісі депутаттарымен кездесу [Мәтін] : [облыс әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу болып өтті] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 26 маусым. — Б. 1.

    Әміренов, М. «Денсаулық» — денсаулықтың сақшысы [Мәтін] : [«Денсаулық» республикалық қазыналық кәсіпорны Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің директоры Н. Ыбыраевпен сұқбат] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 14 шілде. — Б. 5.

    Әміренов, М. «Консульдық қызмет экономиканың дамуына үлес қосады» [Мәтін] : [Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің консулы Совет Иманғалиев мырзамен консулдық қызметтің мән-жайы төңірегінде сұхбат] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 6 қараша. — Б. 1-4.

    Әміренов, М. 2002 жылдың бюджеті қабылданды [Мәтін] : [облыстық мәслихаттың сессиясында 2002 жылдың бюджеті қабылданды] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 25 желтоқсан. — Б. 1.

    Әміренов, М. «Консульдық қызмет экономиканың дамуына үлес қосады» [Мәтін] : [Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің консулы Совет Иманғалиев мырзамен консулдық қызметтің мән-жайы төңірегінде сұхбат] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 6 қараша. — Б. 1-4.

    Әміренов, М. Көңілі-дархан, жаны — ізгі [Мәтін] : [ардагер ағамыз Фрунзе Елғазыұлы Жақсылықов туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2001. — 22 қыркүйек. — Б. 2.

    Әміренов, М. Аймақтық апат медицинасы орталығы төтенше жағдайда жұмыс істеуге әрқашан әзір [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 29 қаңтар. — Б. 2.

    Әміренов, М. Облыстық әкімшіліктің мәжілісінде 2001 жылдың әлеуметтік — экономикалық өркендеу қортындысы мен 2002 жылдың міндеттері талқыланды [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 2 ақпан. — Б. 1.

    Әміренов, М. Азық — түлік өңдеушілер тәжірибе алмасты [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 2 ақпан. — Б. 1.

    Әміренов, М. Міндетіміз заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 12 ақпан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Тапсырыс болмаса, табыс та болмайды [Мәтін] : [Зағиптардың Өскемендегі оқу-жаттығу өндірісінің бүгінгі хал-ахуалы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 19 ақпан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Туған жердің қос уыс топырағы [Мәтін] : [қазақтың қаhарман ұлы Төлеген Тоқтаровқа туған жердің топырағы алпыс жыл өткен соң бұйырды. Қос уыс топырақ Қарақұдық ауылынан Старая-Руссо қаласына жеткізілді] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 12 наурыз. — Б. 2.

    Әміренов, М. Қаламы Мұқалмаған Мұқан аға [Мәтін] : [облыс журналистерінің көшбасшысы Мұқан Әбуғалиұлы туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 26 наурыз. — Б. 2.

    Әміренов, М. Туған жердің қос уыс топырағы [Мәтін] : [қазақтың қаhарман ұлы Төлеген Тоқтаровқа туған жердің топырағы алпыс жыл өткен соң бұйырды. Қос уыс топырақ Қарақұдық ауылынан Старая-Руссо қаласына жеткізілді] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 12 наурыз. — Б. 2.

    Әміренов, М. Әлеуметтік -экономикалық көрсеткіштер тұрақтанып келеді [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 2 сәуір. — Б. 1.

    Әміренов, М. Облыс әкімінің кәсіпкерлермен кездесуі [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 12 сәуір. — Б. 1.

    Әміренов, М. Артемьев кенішінің келешегі зор [Мәтін] : [Артемьев кеніші Өскеменнен солтүстік батысқа қарай 110 шақырым жерде орналасқан. Осы кеніштің бүгінгі тыныс тіршілігі туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 16 сәуір. — Б. 2.

    Әміренов, М. Реформа жүйелі жүргізіліп келеді [Мәтін] : [Жарма ауданында ауылшаруашылық саласында жүргізіліп жатқан игі істер туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 20 сәуір. — Б. 2.

    Әміренов, М. Премьер-министр И. Тасмағамбетовтың Шығыс Қазақстан облысына сапары [Мәтін] : [Қазақстан Республикасының Премьер — министрі Иманғали Тасмағамбетов 4-5 сәуірде Шығыс Қазақстанда болып өтті. Осы іссапар туралы көлемді мақала] / М. Әміренов, У. Тоқпатаев // Дидар. — 2002. — 6 сәуір. — Б. 1.

    Әміренов, М. Инъекцияшыл нашақорлар мен жезөкшелер [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 21мамыр. — Б. 2.

    Әміренов, М. Елбасы Н. Назарбаевтың Шығыс Қазақстанда болуы [Мәтін] / М. Әміренов, А. Қасымов // Дидар. — 2002. — 29 маусым. — Б. 1.

    Әміренов, М. Мал өсірсең — қой өсір [Мәтін] : [жармалықтар өсіре бастаған — асыл тұқымды байыс қойы туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. – 22 маусым. — Б. 2.

    Әміренов, М. Топ жара бастады [Мәтін] : [Георгиевка ауданының спорттық өмірінде 2001 жыл үлкен орын алды, бұл жылы ауылда Болат Тұрлыханов атындағы спорт мектебі ашылды. Осы спорт мектебінің бүгінгі тыныс тіршілігі] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 7 мамыр. — Б. 4.

    Әміренов, М. Тіршілігің түзелер ме екен, Бозанбай ! [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 4 маусым. — Б. 2.

    Әміренов, М. Ағайынды Байсақовтар [Мәтін] : [Ұлан ауданындағы ағайынды Байсақовтардың шаруа қожалығы туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 6 тамыз. — Б. 2.

    Әміренов, М. Жасампаз Жарма жерінде [Мәтін] : [Жарма ауданының тарихы, оның тыныс тіршілігі туралы бірнеше мақала] / М. Әміренов, Е. Орынбаев // Дидар. — 2002. — 13 тамыз. — Б. 2.

    Әміренов, М. Қаламыз көрікті болуы керек [Мәтін] : [30- тамыз Өскемен қаласының күні. Осыған орай қала әкімі В. Сухоруковамен сұқбат] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 29 тамыз. — Б. 2.

    Әміренов, М. Мәскеуден келген хат не дейді? [Мәтін] : [Ұлан ауданынан шыққан тұңғыш ұстаздардың бірі Қайса Аязбаев туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 14 қыркүйек. — Б. 2.

    Әміренов, М. Әлеуметтік салаларға басты назар [Мәтін] : [келер жылға деген қаржылық болжамдарымыз туралы облыстық қаржы басқармасының бастығы А. Құрманғалиевпен сұқбат] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 22 қазан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Кәсіпкерлікті дамыту, көші-қон мәселелері қаралды [Мәтін] : [Облыстық мәслихаттың кезекті XVІІ сессиясынан] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 1 қазан. — Б. 1.

    Әміренов, М. Еліне еңбегі сіңген азамат [Мәтін] : [Үржар ауданының құрметті азаматы Кәкім Орынханұлы туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 8 қазан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Өркенді ауыл осындай [Мәтін] : [Қалбатау ашық акционерлік қоғамына — 70 жыл толуына орай] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 19 қазан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Жерді сатуға әлі ерте [Мәтін] : [облыстық баспасөз клубында өткен жиыннан] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 5 қараша. — Б. 1.

    Әміренов, М. Қарттарға қамқор орталық [Мәтін] : [Ульба әлеуметтік дәрігерлік орталығының игі істері туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 30 қараша. — Б. 5.

    Әміренов, М. Жақсы істер жалғасын таба береді [Мәтін] : [Зырян ауданының бүгінгі тыныс тіршілігі туралы бірнеше мақала] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 28 желтоқсан. — Б. 2.

    Әміренов, М. «Самараның» екінші тынысы [Мәтін] : [жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін «Самара» станциясының игі істері туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — № 49. — Б. 1.

    Әміренов, М. Түрмені жайлаған туберкулезбен күрес [Мәтін] : [Согра кентіндегі № 20 колония дәрігерлерінің туберкулезге қарсы жүргізіп жатқан іс шаралары туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2002. — 9 сәуір. — Б. 2.

    Әміренов, М. Армысың, ауылым ! [Мәтін] : [Елбасының алдағы үш жылды ауыл жылы деп жариялануына байланысты тілші әңгімесі] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 1 қаңтар. — Б. 1.

    Әміренов, М. Жылға тілек [Мәтін] : [жаңа жылға арналған өлең] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 1 қаңтар. — Б. 1.

    Әміренов, М. Министр өткізген кеңес [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 25 қаңтар. — Б. 5.

    Әміренов, М. Осы жұрт Курчатовты біле ме екен [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 28 қаңтар. — Б. 2.

    Әміренов, М. Виталии Метте : «Экономика тұрлаулы әрі серпінді дамып келеді» [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 4 ақпан. — Б. 1.

    Әміренов, М. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 22 ақпан. — Б. 1.

    Әміренов, М. «Дегелеңнің габбросы» ТМД елдерінде де сұранысқа ие болуда [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 25 ақпан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Жыл қортындысы талданып, міндеттер сараланды [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 1 ақпан. — Б. 1.

    Әміренов, М. Еркін қарым — қатынасқа бөгет жоқ [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 1 наурыз. — Б. 7.

    Әміренов, М. Статистикалық ақпарат дәлдікті қажет етеді [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 29 наурыз. — Б. 3.

    Әміренов, М. Көзге ыстық, жүрекке жылы бейне [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 9 қыркүйек. — Б. 2.

    Әміренов, М. Шығыс Қазақстанның үздік тауарлары [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 9 қыркүйек. — Б. 1.

    Әміренов, М. Байлықтың бір түрі балық өсірудің бүгінгі жай -күйі [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 4 қазан. — Б. 5.

    Әміренов, М. Табиғат байлығы -мемлекет байлығы [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 23 қыркүйек. — Б. 1.

    Әміренов, М. Тұрғындар тұрмысы түзеліп келеді [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 27 қыркүйек. — Б. 5.

    Әміренов, М. «Алтын-Аймақтың» құйма алтыны елімізде бұрын — соңды қолданылмаған тың тәсілмен алынды [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 14 қазан. — Б. 1.

    Әміренов, М. Тоғыз айдың қортындысы сөз болды [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 18 қазан. — Б. 1.

    Әміренов, М. Қайта жаңғырған завод өткен жылы 100 миллион теңгенің өнімін шығарды [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 15 қараша. — Б. 1.

    Әміренов, М. Нарық заңы сапаны талап етеді [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 18 қараша. — Б. 2.

    Әміренов, М. Ауыл ажарланып, тұрмыс түзеліп келеді [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 29 қараша. — Б. 2.

    Әміренов, М. Бюджетке өзгерістер мен толықтырулар және индикативтік жоспар туралы [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 29 қараша. — Б. 1.

    Әміренов, М. Белкиннің шаруа қожалығы [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 13 желтоқсан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Келешегі кемел «Агросервис -март» шаруаға сенімді әріптес бола алдаы. [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 20 желтоқсан. — Б. 2.

    Әміренов, М. «Бәйтеректің» басынан Сарыарқаға көз салдым. [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2004. — 21 ақпан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Тарбағатай тарланы [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2004. — 10 сәуір. — Б. 5.

    Әміренов, М. Көмек пен қолдау бар жерде [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2004. — 13 сәуір. — Б. 2.

    Әміренов, М. Бота тірсек, бура сан түйеқұстар Ұлан жерінде өсірілуде [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2004. — 5 маусым. — Б. 2.

    Әміренов, М. Оралмандар жағдайы — басты назарда [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2004. — 5 маусым. — Б. 1.

    Әміренов, М. Жүзден озар жүйріктер қайда? [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2004. — 3 шілде. — Б. 6.

    Әміренов, М. Кітапханалардың корпоративтік жүйесі [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2004. — 20 шілде. — Б. 4.

    Әміренов, М. Беташарды бизнес көзіне айналдырмайық [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2004. — 23 қараша. — Б. 3.

    Әміренов, М. Елім көшіп барады ертеңіне [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2004. — 14 желтоқсан. — Б. 4.

    Әміренов, М. Әлеуметтік маңызы зор [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 1 қаңтар. — Б. 2.

    Әміренов, М. Кенді Алтайдың жер асты байлығын барлаушы [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 18 қаңтар. — Б. 2.

    Әміренов, М. Гомельден Прагаға дейін [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 12 ақпан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Жағдайға оң баға берді [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 19 ақпан. — Б. 2.

    Әміренов, М. Тагансорбент — сирек кездесетін дәрі [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 5 сәуір. — Б. 2.

    Әміренов, М. Облыс әкімі «Казцинк»- те болды [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 19 сәуір. — Б. 1.

    Әміренов, М. Қабірге түскен қара қағаз [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 30 сәуір. — Б. 1.

    Әміренов, М. Облыс әкімдігінің алқа мәжілісінде [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 30 сәуір. — Б. 1.

    Әміренов, М. Халықаралық конференция өтті. [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 23 шілде. — Б. 2.

    Әміренов, М. Әсет мұражайына қамқорлық қажет [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 30 шілде. — Б. 4.

    Әміренов, М. Берекелі Бесқарағай жерінде [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 10 қыркүйек. — Б. 4.

    Әміренов, М. Қаржы лизингі — тиімді жол [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 9 қазан. — Б. 3.

    Әміренов, М. Елбасына сыйға тартылған кітап [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2005. — 1 қараша. — Б. 4.

    Әміренов, М. Ескерткіш тақта орнатылды [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2007. — 23 қаңтар. — Б. 3.

    Әміренов, М. Тұнып тұрған тарих [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2008. — 25 қыркүйек. — Б. 6.

    Әміренов, М. ХХ ғасырдағы Монғолия қазақтары [Мәтін] : тарихи туынды / М. Әміренов // Дидар. — 2008. — 27 желтоқсан. — Б. 6.

    Әміренов, М. Ұлдарымыз ұлағатты, қыздарымыз инабатты ма? [Мәтін] : [жастар тәрбиесі] / М. Әміренов // Дидар. — 2009. — 17 ақпан. — Б. 3; Рауан. — 2009. — 21 наурыз. — Б. 4.

    2010-…

    Әміренов, М. Ұстазым да, қамқоршым да Дәркенбай Шоқпарұлы еді [Мәтін] : [Қолөнер шебері, зергер, семейлік А. Асылбаев туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2011. — 29 қаңтар. — Б. 7.

    Әміренов, М. Айтыс — ақиқат айнасы [Мәтін] / М. Әміренов // Ақ Ертіс. — 2011. — № 2. — Б. 44-57.

    Әміренов, М. Өмір мен өнерге құштарлық [Мәтін] : очерк / М. Әміренов // Ақ Ертіс . — № 5. — Б. 42-47.

    Әміренов, М. Айтыс — ақиқат айнасы [Мәтін] : [ақын С. Құсанбаевпен айтысқа келу жолы туралы сұхбат] / М. Әміренов // Ақ Ертіс-Иртыш. — 2011. — № 2. — Б. 44 — 58.

    Әміренов, М. Бекен Жамақаевты ұмытып кеткен жоқпыз ба? [Мәтін] : [қазақ ән өнерінде вальс королі атанған сазгер Бекен Жамақаев туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2013. — 15 ақпан. — б. 22.

    Әміренов, М. Вальс королі [Мәтін] : [ән өнерінің жұлдызы, сазгер Бекен Жамақаевтың туғанына 70 жыл] / М. Әміренов // Ертіс өңірі . — 2013. — 10 сәуір. — Б. 11.

    Әміренов, М. Балалық шақтың қызығын көрмей өсті [Мәтін] : [заңгер Елтай Жалбағаевтың қиыншылыққа толы балалық шағы туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2013. — 21 маусым. — б. 30.

    Әміренов, М. Генерал Дәлелханның сардары болған Қасымбек Ақтанұлы жайында не білеміз? [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2013. — 28 қараша. — Б. 12.

    Әміренов, М. «Қайран, Алтай-Марқакөл» әнінің авторы Құмарбек Көпенұлы туралы не білеміз ? [Мәтін] / [Құмарбек ақын туралы бір үзік сыр] // Дидар. — 2014. — 28 ақпан. — Б. 20.

    Әміренов, М. Генерал Дәлелханның сардары болған Қасымбек Ақтанұлы жайында не білеміз? [Мәтін] / М. Әміренов // Достық. — 2014. — 9 тамыз. — Б. 2.

    Әміренов, М. Әбітай Құсметовтың үш ерлігі [Мәтін] : [«Даңқ» орденінің толық иегері жерлесіміз Әбітай Құсметов туралы.] / М. Әміренов // Дидар. — 2015. — 13 наурыз. — Б. 17.

    Әміренов, М. Облыстық театрға Есдәулетовтің есімі лайық емес пе? [Мәтін] / М. Әміренов // Дидар. — 2015. — 26 қараша. — Б. 27.

    Әміренов, М. Тағдырдың тайғақ кешуінен аман өткен [Мәтін] : [саяси қуғын-сүргін құрбаны, ұландық Қабікенов Сапар туралы] / М. Әміренов // Дидар. — 2017. — 25 мамыр. — Б. 27. ; 30 мамыр. — Б. 7.

    Авторлармен бірігіп шығарған мақалалары

    Оңдасын, Е. Достықтың тамыры тереңде [Текст] : [Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына сапары] / Е. Оңдасын, М. Әміренов // Дидар. — 1998. — 30 маусым.

    Құнафин, Б. Ауылына адал азамат [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагері В. А. Козлов туралы ] / Б. Құнафин, М. Әміренов // Дидар. — 2000. — 11сәуір.

    Оралов, М. Ақсуаттың астықты алқаптары [Мәтін] / М. Оралов, М. Әміренов // Дидар. — 2000. — 12тамыз.

    Никифиров, В. Шамиль Тухватулин : «Ядролық технология ғалымдардың интеграциясынан басталады» [Мәтін] / В. Никифиров, М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 8 наурыз . — Б. 5.

    Асқарұлы, Е. Алдымен мемлекеттік ресурсты толықтырайық [Мәтін] / Е. Асқарұлы, М. Әміренов // Дидар. — 2003. — 18 қараша. — Б. 3.

    М. К. Амренов туралы әдебиеттер

    Омарханова, Ғ. Жаны жайсаң қаламы ұшқыр. [Мәтін] : [облысымызға танымал журналист М. Қ. Әміренов жайлы сыр] / Ғ. Омарханова // Дидар. — 1999. — 20 қараша

    Бөлісу/Поделиться: