Skip to content
Басты бет » Оқиғалар

Оқиғалар

Арман қала — Астана.

    1998 жылы қазақ елінің астанасы Сарыарқа төріне көшірілді. Ерте заманда Бозоқ қаласы, кейінде Ақмола деп аталынған қала мемлекеттік мәртебеге ие Астана атауымен тарихқа енді. Сол күннен бастап Астана елдің болашағына деген сенім мен мүдделі мақсаттар орындалатын армандар қаласына айналды. Астана күні – мемлекеттік мереке. Әлемдегі үздік 30 қаланың тізіміне енген Астананың өзіндік тарихы бар. Қазақстан Республикасының жаңа астанасы ретінде Астана қаласының халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті. Одан кейін… Read More »Арман қала — Астана.

    Бөлісу/Поделиться:

    «Облыстық тарихи — өлкетану музейінде»

      22 мамыр, «Облыстық тарихи — өлкетану музейінде» Отбасы қауіпсіздігіндегі ананың рөлі, болашақ ананың отбасылық өнегелі бала тәрбиесіндегі маңыздылығы турасында «Сәукеле- өнегелі тәрбие бастауы» атты тамаша танымдық іс шара өткізілді. АтаАнамаАлғыс #Қазақстанбалалары

      Бөлісу/Поделиться:

      2025 жылғы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен оқушылар арасындағы интеллектуалдық викторина-куиз сәтті аяқталды.

        Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Викторина барысында оқушылар өңірдің тарихы мен мәдениетіне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, танымдық қабілеттерін көрсетті. Шығармашылық ойлау мен білімге деген құштарлықтарын байқатқан қатысушылар белсенділік танытты. Іс-шараның қорытындысында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар тартымды сыйлықтармен марапатталды. Мұндай шаралар болашақта да өңірдің тарихи және мәдени мұрасын дәріптеуге ықпал ететініне сенімдіміз.    

        Бөлісу/Поделиться:

        Ақбауыр археологиялық кешенінде жазғы далалық мектеп өз жұмысын аяқтады

          2023 жылдың 5-15 шілде аралығында ҒЖБМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты мен Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп Бестерек ғылыми археологиялық базысында және ШҚО, Ұлан ауданы, Ақбауыр археологиялық кешенінде жас ғалымдарға арналған халықаралық жазғы далалық археологиялық мектеп ұйымдастырды. Жазғы далалық мектепке Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл), мемлекеттік тарихи-мәдени «Сарайшық» музей-қорығы (Атырау) және Өзбекстан Республикасы ғылым академиясы археология ұлттық орталығы (Ташкенет) студенттері, магистранттары, жас… Read More »Ақбауыр археологиялық кешенінде жазғы далалық мектеп өз жұмысын аяқтады

          Бөлісу/Поделиться:

          «Музейдегі түн» «Музей калейдоскопы» акциясы

            Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет «Музейдегі түн» іс-шарасын Облыстық тарихи-өлкетану музейі 2011 жылы өткізген болатын. Іс — шара — қаламыздың мәдени өміріндегі көпшілік асыға күткен қызықты, әрі маңызды шара болып саналады.«Музейдегі түн» жобасының бағыттары әр түрлі: бұл өлке тарихымен, халықтың этнографиясымен, оның материалдық және рухани мәдениетімен, географиясымен, табиғатымен, палеонтологиясымен, әдеби өлкетануымен және т. б. танысу болып табылады.

            Бөлісу/Поделиться:

            Республика күніне арналған іс-шаралар циклінде облыстық тарихи-өлкетану музейінде 12 қазанда «Мұра және қазіргі заман» тақырыбында конференция өтті.

              Республика күніне арналған іс-шаралар музейінде 12 қазанда «Мұра және қазіргі заман» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға №4 орта мектептің 10-сынып оқушылары қатысып, мемлекеттің дамуына ерекше үлес қосқан көрнекті тарихи қайраткерлер туралы баяндамалар жасады: — Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық батыры, Республиканың 1-ші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов; — Қазақстанның 1-ші ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық батыры Тоқтар Әубәкіров. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның ортағасырлық тайпаларында мемлекеттіліктің пайда болуы туралы дәріс тыңдап, «Ұлы дала… Read More »Республика күніне арналған іс-шаралар циклінде облыстық тарихи-өлкетану музейінде 12 қазанда «Мұра және қазіргі заман» тақырыбында конференция өтті.

              Бөлісу/Поделиться:

              9.09.2022 ж. Өскемен қаласында «Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, онда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы дала алтыны» көрмесін ұйымдастырды.

                9.09.2022 ж. Өскемен қаласында  «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, онда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы дала алтыны» көрмесін ұйымдастырды. «Ұлы дала алтыны» көрмесі ежелгі көшпенділер өркениеті үздік туындыларының нағыз қазынасы болып табылады. Көрмеде ұсынылған археологиялық жәдігерлер шынымен бірегей және ерекше. Бұл Қазақстан Республикасының жетекші археологтары Зайнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Көрмеде б.з. д. 2 мыңжылдықтағы қола дәуірінің экспонаттары, сақ мәдениетінің… Read More »9.09.2022 ж. Өскемен қаласында «Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, онда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы дала алтыны» көрмесін ұйымдастырды.

                Бөлісу/Поделиться:

                «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шығыс Қазақстан. Қасиетті жерлерге саяхат.

                  «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шығыс Қазақстан. Қасиетті жерлерге саяхат.Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің ұлттық маңызы бар және осы халықтың барлық өкілдері білуі тиіс өзінің киелі жерлері бар. Қазақстан аумағы жағынан алып, бір рухани белдеуге байланысты бай тарихы бар мемлекет. Көрме материалдары Шығыс Қазақстан облысының киелі нысандарымен танысуға мүмкіндік береді.Көрменің басты мақсаты – киелі орындардың мәдени-тарихи белдеуі бізді ғасырлар бойы көзге көрінбестен алып келе жатқан мақтаныш пен символдық қорғаныш… Read More »«Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шығыс Қазақстан. Қасиетті жерлерге саяхат.

                  Бөлісу/Поделиться:

                  Ғылыми — практикалық конференция
                  ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ, ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІ

                    Қазақстан Республикасың Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мемлекттік бағдарламасы аясында, облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 13 қарашасында «Туған өлкенің киелі жерлері» атты ғылыми — практикалық конференция ұйымдастырылды.Конференцияның негізгі мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі бағыттарын зерделеу және өңірдің қасиетті орындарының біріңғай белдеуін қалыптастыру жобаның маңызды бағыты болып табылады.Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын, қасиетті орындарын көздерінің қарашығындай сақтап келген. Осы таңда Елбасымыздың «Қазақстанның киелі орындары» атты бағдарламасы, нақты ұлттық… Read More »Ғылыми — практикалық конференция
                    ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ, ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІ

                    Бөлісу/Поделиться:

                    Облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының 25 жылдығына орай «Қазақстандағы және оған іргелес аумақтардағы этнодемографиялық үдерістер» XVI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға арналған «Достық шаңырағы» көрмесі өтті. жобаланған.

                      Облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының 25 жылдығына орай «Қазақстандағы және оған іргелес аумақтардағы этнодемографиялық үдерістер» XVI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға арналған «Достық шаңырағы» көрмесі өтті. жобаланған. Көрмеде Достық үйінің тарихы мен этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы материалдар қойылған.1992 жылы Қазақстанда алғаш рет құрылған Облыстық Достық үйінің тарихы қызықты әрі ерекше. Көрменің фотосуреттері мен құжаттары облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының белсенді жұмысы, облыстағы этномәдени бірлестіктердің сан салалы қызметі… Read More »Облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының 25 жылдығына орай «Қазақстандағы және оған іргелес аумақтардағы этнодемографиялық үдерістер» XVI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға арналған «Достық шаңырағы» көрмесі өтті. жобаланған.

                      Бөлісу/Поделиться: