Skip to content
Басты бет » Ғылыми — практикалық конференцияТУҒАН ӨЛКЕНІҢ, ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІ

Ғылыми — практикалық конференция
ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ, ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРІ

    Қазақстан Республикасың Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мемлекттік бағдарламасы аясында, облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2017 жылдың 13 қарашасында «Туған өлкенің киелі жерлері» атты ғылыми — практикалық конференция ұйымдастырылды.
    Конференцияның негізгі мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасының негізгі бағыттарын зерделеу және өңірдің қасиетті орындарының біріңғай белдеуін қалыптастыру жобаның маңызды бағыты болып табылады.
    Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын, қасиетті орындарын көздерінің қарашығындай сақтап келген. Осы таңда Елбасымыздың «Қазақстанның киелі орындары» атты бағдарламасы, нақты ұлттық қоғамның патриоттық сананың негізі бола алды.
    «Қазақстанның рухани киелі жерлері» жобасының маңызды бағыты Киелі жерлер тізімін құру болып табылады. Киелі жерлер тізіміне Шығыс Қазақстанның 10 нысаны еңгізілген. Олар: Берел, Шілікті қорғандары, Абалайкит бекініс- ғибадатханасы, Қоңыр Әулие үңгірі, Ырғызбай ата кесенесі және тағы басқалар.
    Конференцияға Ж.Б. Сегізбаева, Б.М. Макаримова, А.Р. Елеусізованың жетекшілігімен ҚАЕУ 2-3 курс студенттері қатысты. Студенттер өлкенің Киелі жерлерінің тарихи маңыздылығын

    Бөлісу/Поделиться: