Мұрағат Оқиғалар - Page 2 of 3 - Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Skip to content
Басты бет » Оқиғалар » Page 2

Оқиғалар

⚜️Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы аясында Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жыр алыбы — Жамбыл» атты көрме ашылды.

    Көрмеде ұлт руханиятының алып тұлғасы Жамбыл Жабаевтың өнегелі өмір жолы мен мол әдеби мұрасын айшықтайтын құнды деректер мен сирек материалдар топтастырылған. Фотосуреттерде ақынның белгілі қаламгерлермен, мәдениет пен өнер қайраткерлерімен жүздескен сәттері, айтыс өнеріндегі дара шеберлігі, Мәскеуде өткен Қазақ өнерінің онкүндігіне қатысуы, сондай-ақ ел құрметіне бөленіп, марапатталған кезеңдері көрініс тапқан.

    Бөлісу/Поделиться:

    Бүгін Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тау экожүйелері: Қар барысы — Қазақстанның символы» атты көрме ашылды.

      Көрмеде Қазақстан таулы аймақтарында мекендейтін жануарлардың фотосуреттері ұсынылған. Көрме 2026 жылғы 26 қаңтардан 15 ақпанға дейін жұмыс істейді.

      Бөлісу/Поделиться:

      2025 жылғы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен оқушылар арасындағы интеллектуалдық викторина-куиз сәтті аяқталды.

        Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Викторина барысында оқушылар өңірдің тарихы мен мәдениетіне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, танымдық қабілеттерін көрсетті. Шығармашылық ойлау мен білімге деген құштарлықтарын байқатқан қатысушылар белсенділік танытты. Іс-шараның қорытындысында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар тартымды сыйлықтармен марапатталды. Мұндай шаралар болашақта да өңірдің тарихи және мәдени мұрасын дәріптеуге ықпал ететініне сенімдіміз.    

        Бөлісу/Поделиться:

        Ақбауыр археологиялық кешенінде жазғы далалық мектеп өз жұмысын аяқтады

          2023 жылдың 5-15 шілде аралығында ҒЖБМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты мен Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп Бестерек ғылыми археологиялық базысында және ШҚО, Ұлан ауданы, Ақбауыр археологиялық кешенінде жас ғалымдарға арналған халықаралық жазғы далалық археологиялық мектеп ұйымдастырды. Жазғы далалық мектепке Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл), мемлекеттік тарихи-мәдени «Сарайшық» музей-қорығы (Атырау) және Өзбекстан Республикасы ғылым академиясы археология ұлттық орталығы (Ташкенет) студенттері, магистранттары, жас… Read More »Ақбауыр археологиялық кешенінде жазғы далалық мектеп өз жұмысын аяқтады

          Бөлісу/Поделиться:

          «Музейдегі түн» «Музей калейдоскопы» акциясы

            Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет «Музейдегі түн» іс-шарасын Облыстық тарихи-өлкетану музейі 2011 жылы өткізген болатын. Іс — шара — қаламыздың мәдени өміріндегі көпшілік асыға күткен қызықты, әрі маңызды шара болып саналады.«Музейдегі түн» жобасының бағыттары әр түрлі: бұл өлке тарихымен, халықтың этнографиясымен, оның материалдық және рухани мәдениетімен, географиясымен, табиғатымен, палеонтологиясымен, әдеби өлкетануымен және т. б. танысу болып табылады.

            Бөлісу/Поделиться:

            Республика күніне арналған іс-шаралар циклінде облыстық тарихи-өлкетану музейінде 12 қазанда «Мұра және қазіргі заман» тақырыбында конференция өтті.

              Республика күніне арналған іс-шаралар музейінде 12 қазанда «Мұра және қазіргі заман» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға №4 орта мектептің 10-сынып оқушылары қатысып, мемлекеттің дамуына ерекше үлес қосқан көрнекті тарихи қайраткерлер туралы баяндамалар жасады: — Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық батыры, Республиканың 1-ші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов; — Қазақстанның 1-ші ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық батыры Тоқтар Әубәкіров. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның ортағасырлық тайпаларында мемлекеттіліктің пайда болуы туралы дәріс тыңдап, «Ұлы дала… Read More »Республика күніне арналған іс-шаралар циклінде облыстық тарихи-өлкетану музейінде 12 қазанда «Мұра және қазіргі заман» тақырыбында конференция өтті.

              Бөлісу/Поделиться:

              9.09.2022 ж. Өскемен қаласында «Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, онда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы дала алтыны» көрмесін ұйымдастырды.

                9.09.2022 ж. Өскемен қаласында  «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, онда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы дала алтыны» көрмесін ұйымдастырды. «Ұлы дала алтыны» көрмесі ежелгі көшпенділер өркениеті үздік туындыларының нағыз қазынасы болып табылады. Көрмеде ұсынылған археологиялық жәдігерлер шынымен бірегей және ерекше. Бұл Қазақстан Республикасының жетекші археологтары Зайнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Көрмеде б.з. д. 2 мыңжылдықтағы қола дәуірінің экспонаттары, сақ мәдениетінің… Read More »9.09.2022 ж. Өскемен қаласында «Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, онда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ұлы дала алтыны» көрмесін ұйымдастырды.

                Бөлісу/Поделиться: