Көрме қазақ халқының саяси жаңғыру дәуірін ғылыми тұрғыда таныстырып, қайраткердің тұлғасын жан-жақты ашады. Көрмеде оның тегі мен тәрбиесі, терең білім алған зиялы, экономист-ғалым ретіндегі қыры архивтік құжаттар мен сирек фотосуреттер арқылы көрсетілген.
Сонымен қатар жер мәселесін зерттеудегі еңбегі, қоғамдық-саяси қызметі, мерзімді баспасөздегі мақалалары және Алаш партиясының бағдарламалық ұстанымдары нақты тарихи деректер негізінде ұсынылған.
Көрме мазмұны Әлихан Бөкейханның мемлекетшілдік идеяларын айқындап, тәуелсіздік құндылықтарының тарихи сабақтастығын танытады.