«Уақыт мұрасындағы кітап» - Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Skip to content
Басты бет » «Уақыт мұрасындағы кітап»

«Уақыт мұрасындағы кітап»

    Кітап – өткен мен бүгінді жалғаған рухани көпір, ұлттың тарихи жады мен асыл мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құндылық. Осы мақсатта музейімізде «Уақыт мұрасындағы кітап» атты кітап көрмесі ашылды.

    Көрмеде көнеден жеткен басылымдардан бастап бүгінгі жаңа кітаптарға дейінгі рухани сабақтастық көрініс тапқан. Әр кезеңнің тынысын танытатын әдеби, тарихи-танымдық басылымдар қазақы нақыштағы безендірумен үйлесім тауып, көрмеге ерекше сипат береді.

    «Уақыт мұрасындағы кітап» – өткеннің үнін бүгінге жеткізіп, кітап қадірін жаңаша танытатын рухани көрме. Уақыт алмасып, заман жаңарғанымен, кітапта қатталған асыл мұраның құндылығы ешқашан жоғалмақ емес.

    Бөлісу/Поделиться: