«Дала академигі»
Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған көрме.
2024 жылдың 9 сәуірінде Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғалым-геолог Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Дала академигі» атты көрменің ашылуы өтті. Іс-шараға С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттері, Өскемен қаласының № 36 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Көрме материалдары академиктің ғылыми қызметі туралы баяндайды. Фотосуреттер мен құжаттар көрнекті ғалымның көп қырлы ғылыми және қоғамдық қызметін бейнелейді.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еліміздің тамаша геологтарының саңлақтарына жататын, геология саласындағы көрнекті ғалым болған. Қ.И.Сәтбаев геологиялық теорияның дамуына зор үлес қосты, оның зерттеулері Қазақстанның бай табиғи ресурстарының ашылуына себеп болды. Сәтбаев Жезқазғанның жер қойнауында сансыз байлық бар екенін дәлелдеп, ерекше атаққа ие болған еді.
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президентінің есімі Республиканың ғылымы мен өнеркәсібінің дамуымен тығыз байланысты. Академик Сәтбаев геологиядағы металлогендік бағыттың негізін қалаушы болып табылады, сонымен қатар, металлогендік болжамдар картасын жасап, әлемдік ықыласқа ие болды.
Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президентінің есімі ғылымның дамуымен ғана емес, республика өнеркәсібінің дамуымен де тығыз байланысты.
Қ.И.Сәтбаевтың басшылығымен, КСРО Түсті металлургия министрлігімен бірлесіп, 1947 жылы Өскемен қаласында Қазақ КСР Ғылым академиясының Үлкен Алтайдың өндірістік күштерін зерттеу және игеру мәселелеріне арналған екінші сессиясы өткізілді.
Қ.И. Сәтпаевқа ұқсас адамдар ұрпақтар жадында ұзақ уақыт сақталып, адамгершілік бағдар қызметін атқарады. Терең жалпыадамзаттық мәдениетке негізделген жоғары кәсібилік пен өмірлік даналықты Қ.И. Сәтбаев елдің, қоғам мен халықтың игілігіне бағыттаған еді.