Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Алаштың ұлы перзенті – Әлихан Бөкейханұлы» көрмесі ашылды. - Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Skip to content
Басты бет » Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Алаштың ұлы перзенті – Әлихан Бөкейханұлы» көрмесі ашылды.

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Алаштың ұлы перзенті – Әлихан Бөкейханұлы» көрмесі ашылды.

    Көрме қазақ халқының саяси жаңғыру дәуірін ғылыми тұрғыда таныстырып, қайраткердің тұлғасын жан-жақты ашады. Көрмеде оның тегі мен тәрбиесі, терең білім алған зиялы, экономист-ғалым ретіндегі қыры архивтік құжаттар мен сирек фотосуреттер арқылы көрсетілген.
    Сонымен қатар жер мәселесін зерттеудегі еңбегі, қоғамдық-саяси қызметі, мерзімді баспасөздегі мақалалары және Алаш партиясының бағдарламалық ұстанымдары нақты тарихи деректер негізінде ұсынылған.
    Көрме мазмұны Әлихан Бөкейханның мемлекетшілдік идеяларын айқындап, тәуелсіздік құндылықтарының тарихи сабақтастығын танытады.

    Бөлісу/Поделиться: