Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Чернобыль апаты» атты көрме ашылады - Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы "Облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Skip to content
Басты бет » Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Чернобыль апаты» атты көрме ашылады

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Чернобыль апаты» атты көрме ашылады

    Көрменің негізгі мақсаты — 1986 жылғы сәуірдегі қайғылы оқиғаны, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жою жолында өз денсаулығын құрбан еткен адамдарды еске алу.

    Фотосуреттер мен құжаттар апаттың алғашқы күндеріндегі оқиғаларды: халықты көшіру, залалсыздандырудың алғашқы шаралары, қираған 4-энергоблокты тексеру жұмыстарын көрсетеді.

    Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға Шығыс Қазақстаннан 3 мыңнан астам адам қатысты. Чернобыль апаты — ауыр сынақ, ал музей көрмесі — денсаулығына қауіп төнсе де, күрделі де ізгі еңбекті атқарған жандардың бәріне деген біздің тағзымымыз, шынайы алғысымызды айқындайды.

    Бөлісу/Поделиться: